Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет21/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

Дастандар. Бұл жанр шығыс фольклоры мен әдебиетінің әсерінен пайда 
болған. Үнді мен Иранның ертеде және орта ғасырда кең тараған көлемді 
прозалық ауызекі, кейде қолжазба кітап күйіндегі, шығармалары дастан деп 
аталған. Олар түркі халықтарының фольклорына енгенде осы елдердің 
өздерінің дәстүрі мен мәдениетінің әсерінен өлең түрінде айтылып, үлкен 
эпикалық туындыларға айналған. Дастанның өзіндік ерекшеліктері оны 
қазақтың дәстүрлі жырынан оқшауландырып тұрады. Ең әуелі дастандағы 
кеңістік, адамдарды қоршаған орта мүлде басқа: іс-әрекет, негізінен, 
шаһарда, патша сарайында, қала алаңында, немесе ғажайып гүл-бақшада 
өткеріледі. Кейіпкерлер де әдеттегіден өзгеше: патша, оның уәзірі, баласы, 
оның досы, т.б. Бұлардың көліктері де қазаққа тән емес: қайық, кеме, сал... 
Олар теңізбен жүзеді, мұхитқа түседі, ғажайып аралдарға, қалаларға тап 


37 
болады, неше түрлі мақұлықтарға кездеседі. Дастан жанрының тағы бір 
айырмасы – біршама психологизмінің дамуы. Бұл – әдебиетке жақындықтың, 
немесе әдебиеттің тікелей ықпалының көрінісі. Дастандар бірнеше түрге 
бөлінеді: қаһармандық дастандар, ғашықтық дастандар, хикаялық дастандар, 
діни дастандар. Бұлар, негізінен, шығыстық сюжеттерге құрылған (кірме 
дастандар). Осы дастандар үлгісінде туған қазақтың төл дастандары да
бар: әлеуметтік-сүйіспеншілік дастандар және ертегі дастандар. Аталған 
түрлердің өзіндік белгілері де бар. Әрбір ішкі жанр бүкіл дастанға ортақ 
қасиеттермен қатар, тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен дараланады. Бұл, 
әсіресе, бас қаһарманға, оның іс-әрекеттеріне, сондай-ақ дастанның 
айтылу мақсаты мен мәнеріне байланысты болады. Әрине, эпикалық 
жанрға жататындықтан дастанның барлық түрінде дерлік эпостық сипат 
айқын сезіледі, ол, негізінен, қаһарманды суреттеуде, оның қуанышы мен 
ренішін хабарлауда, кейіпкерлердің бір-бірімен қатынасын көрсетуде 
сезіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет