Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Қазақтың топонимикалық аңыздары екі түрлі



Pdf көрінісі
бет90/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

Қазақтың топонимикалық аңыздары екі түрлі болып келеді. Бірі – 
тарихи оқиғамен, дәлірек айтсақ, қалмақтар мен қоқандықтарға қарсы 
соғыстармен байланысты болып келеді де, сол ұрыс болған жерлерді 
суреттеп, оқиғаны баяндайды [30]. Сондай аңыздардың қатарына, мысалы, 
«Сары өзен» деп аталатын күй аңызын жатқызуға болады [31]. Мұнда қазақ 
пен қалмақтардың арасындағы жаугершілік заманда жау қолына түсіп, 
тұтқында малшы болған жылқышы Саймақтың тағдыры баяндалады. Өзінің 
күйшілік өнерінің арқасында ол тұтқыннан босап, еліне қайтып келе 
жатқанда Сары өзеннен өтеді. Осы кезде астындағы Сарыжорға кісінеп қоя 
береді. Жануар болса да туған жерін сағынған атқа таң қалып, Саймақ өзінің 
көрген-білгенін баяндап, еліне деген сағынышын білдіріп, «Сары өзен» күйін 
шығарады. 
Ал, келесі аңызда топонимикалық сарын мен тарихи нақты оқиға 
аралас келеді. Жер атының неліктен «Шом қалған» деп аталуы бұл аңызда 


180 
өмірде болған тарихи оқиғамен байланыстырылады: Отар маңайындағы Қопа 
өзенінің бойында көшіп жүрген қазақтар қоқандықтардың қысымына 
шыдамай, олардың салықшыларын өлтіріп, тірі қалғанын масқаралап, қуып 
жібереді. Қаһарланған Қоқан ханы қазақтарды жазалауға қисапсыз көп әскер 
жібереді. Қоқандықтар қазақтардың еркектерін өлтіріп, әйел мен балаларын 
тұтқынға алып, мал-мүлкін талан-таражға салады. 
Қазақ елі де намысқа тырысып бағады. Осы кезде Шапырашты руынан 
ер жүрек батыр Сұраншы Ақылбайұлы шығып, аман қалған жігіттерден аз 
ғана қол жинап, қоқандықтарға тойтарыс беруге қамданады. Сан жағынан 
басым жауды бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екенін білген Сұраншы 
жасағымен түн қараңғылығын жамылып, қоқандықтардың шебіне тақау 
келеді де, жігіттеріне әр жерден көп қылып от жағып, у-шуды көбейтуді 
бұйырады. Содан соң қоқандықтарға «еркімен берілсін!» - деп елші жібереді.
Қоқандықтар қаптаған отты көріп, азан-қазан болып жатқан шуды 
естіп, Сұраншы көп әскер жиған екен деп шошиды. Осы сәтті күтіп тұрған 
Сұраншы қолымен лап қояды. Жау бытырап қашады, тіпті түйелерінің 
қомдарын тастай зытады. Содан бері осы жер «Шом қалған» деп аталады, - 
дейді аңыз [32]. 
Мысалға келтірілген екі аңыз да таза топонимикалық, мұнда бұл 
жанрға тиісті белгілердің бәрі бар десе де болады: тарихи шындыққа сай 
келетін оқиға болуы, белгілібір жердің, судың аталып отыруы, ешқандай 
кереметтіктің жоқтығы, көркемдеудің біршама жұпынылығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет