Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет35/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

Фольклор және музыка. Ежелден жігі айырылмай, синкретті түрде 
туып, дамыған бүл екеуі бүгінгі таңда да ұлттық мәдениетіміздің ажырамас 
бөлігі. Олар этнос мәдениетінің алтын діңгегі болып қала береді. Өйткені 
қазір көпжанрлы, көпсалалы профессионалды музыка өзінің өмірге келуімен 
ең әуелі халық әніне қарыздар, халық биіне борышты. Осы күнгі опера, балет 
сияқты өнеріміздің шыңы, сондай-ақ көптеген симфония мен ораторилер 
фольклорды тікелей де, жөндеп те пайдаланғаны белгілі. Ертеден келе 
жатқан фольклорлық сюжеттер мен әуендер әлі де профессионалды музыка 
мен эстрада сазын байытып келеді. Ал, дәстүрлі халық күйлері мен соған 


49 
байланысты аңыздар – ұлттық мәдениетіміздің ерекше түрі, олар бүгінгі 
музыкаға зор әсерін тигізуде. 
Фольклор және театр. Қай халықтың да театры фольклордан бастау 
алады. Қазақтың ұлттық театры да өзінің пердесін фольклор сюжетіне 
қойылған ойындармен ашқан. ("Алтын сақа", "Еңлік-Кебек"). Мұндай 
қойылымдарда фольклорлық шығармамен қатар халықтық ойындар, әдет-
салттар көп пайдаланылған. Демек, ұлттық театрымыздың туып, 
қалыптасуында қазақтың драмалық типтегі фольклоры үлкен рөл атқарған 
(айтыс, жар-жар, шешендер мен билер дауы, т. б.). Театр кемеліне келгенде 
де фольклордан қашпаған. Елдің сүйікті жырлары мен аңыздары, ертегілері 
театр сахнасында ұдайы қойылып келеді (М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің 
пьесалары). Жалпы, фольклор мен театрдың байланысы әдебиетке тікелей 
қатысты. 
Фольклор және кино. Мәдениеттің басқа түрлеріндей емес, кино 
өнері өзінің шығу тегі жағынан фольклормен тікелей байланысты болған 
жоқ. Алайда, ол фольклорлық сюжеттерді кеңінен пайдаланып, әр кезде 
көркем фильмдер мен мультипликациялық фильмдер жасап келеді. Бұл 
тұрғыдан келгенде, ертегілерге көп мән берілді. Ал, батырлар жыры қазақ 
киносының назарынан тыс қалып келеді. Ғашықтық жырлар ұлттық кино 
өнерінің дамуында кезеңдік фильмдерге негіз болды ("Қозы Көрпеш – Баян 
Сұлу", "Қыз Жібек"). Бұл шығармалар кино өнерінің ерекшеліктеріне 
байланысты оқылып, түсірілген болатын. Мультфильмдерде де осы заңдылық 
орын алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет