Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


ФОЛЬКЛОР ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ ЖАЙЫНДА



Pdf көрінісі
бет48/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

ФОЛЬКЛОР ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ ЖАЙЫНДА 
 
 
 
Қазіргі шақта фольклор шығармалары көптеп жариялануда және 
зерттелуде. (Әдебиет туындылары да солай). Бұл, бір жағынан, қуанышты 
жағдай. Бірақ... Елдің бұрынғы мұрамызға деген құлшынысын, ертедегі 
мәдениетіміз бен тарихымызды білуге деген құмарлығын, яғни қазақ 
жұртының осы қажеттілігін орындауда жарияланып жатқан аңыздар, билер 
сөзі, ертегілер, жырлар, өкінішке қарай, кешегі Кеңес өкіметі мен 
Компартияның саясаты мен идеологиясының кесірінен қысқарып, 
редакцияланып, «советтік ұғымға» сәйкестендіріліп, «түзетіліп» шыққан 
текстер сол күйінде қайтадан басылып, көпшілікке тарап жатыр. Ең 
сорақысы сол – мәтіндерді тарихшылар да, философтар да, педагогтар да 
зерттеп жатыр, ал бұл ғалымдар өздерінің объектісі болып отырған текстер 
қаншалықты дұрыс, дәл (достоверный) екеніне көңіл бөлмейді, сөйтіп қазақ 
халқының дүниетанымын, эстетикасын, қоғамдық ой-пікірін, педагогикалық
көзқарасын Кеңес дәуіріндегі таптық, интернационалистік тұрғыдан 
қарайтын цензураның «қырағы» көзінен өткен дүниелер негізінде анықтауға 
мәжбүр болып отырғанын сезбейді. Сөзіміз дәлелді болу үшін біз бір ғана 
жанрға енетін мәтіндердің, яғни ертегілердің Кеңес өкіметі тұсында қалай 
жарияланғанын көрсетеміз. Ол үшін біз бірнеше текстің қолжазбадағы 
нұсқасы мен жарыққа шыққан үлгісін салыстырамыз, екінші сөзбен айтқанда, 
біршама 
текстологиялық 
зерттеу 
жүргіземіз. 
Алдымен 
ғылыми 
текстологияның біздегі жайына қысқаша шолу жасауға тура келеді. 
Осы уаққа дейін жинаушылар мен шығарушылардың қайсысы болса да 
текстология мәселесін өз әлінше алдына қойған мақсаты мен жинақтың 
міндетіне байланысты шешіп келді. Мәселен, әрбір ертегілік жинақтың 
мазмұнына, ерекшелігіне, сөз жоқ, сол дәуірдегі тарихи жағдайлар мен 
фольклортану 
ғылымының 
жалпы 
дәрежесі, 
бағыты, 
сондай-ақ, 
шығарушылардың саяси-қоғамдық, ғылыми көзқарасы әсер етті. Бұл жерде, 
мысал үшін Октябрь революциясына дейін шыққан В.В.Радлов, И.Березин, 
Г.Н.Потанин, т.б. жинақтарын еске алуға болады. Бұл ғалымдар өз 
жинақтарына көп жиналған материалдарының ішінен өздерінің ғылыми 
мақсаттарына қажеттілерін ғана енгізген. Және текстердің орналасуы мен 
түсініктемелері де олардың ғылыми көзқарастары мен методикасына сәйкес. 
Айталық, академик В.В.Радлов үшін қазақ фольклоры тілді зерттеуге 
ғана қажетті материал болды. Ол фольклорлық мәтіндер арқылы қазақ тілінің 
әр түрлі мәселелерін зерттеді, сөздік жасады. Сондықтан ертегі мен жырды 
жазып алғанда, ол жыршы мен ертек айтушылардың ауызекі тілінде 
кедесетін диалектілік және фонетикалық ерекшеліктерді барынша қамтып 
отыруға тырысқан. Тілші-ғалым болғандықтан В.В.Радлов қазақ фольклоры 
мен ауыз әдебиеті шығармалары тіліндегі лексикалық байлықты, көркемдікті 
жіті аңғарып, бағалай білген. Таза халық тілі мен кітаби тілдің жігін ашып, 
фольклорлық шығармалар тілінің нәрлілігін атап көрсеткен. 


93 
Ал, Г.Н.Потанин болса, ол ондай жітілікке, тереңдікке бармаған. Себебі, 
оның ғылыми зерттеулеріне керегі көркем шығарма емес, фольклорлық 
мотивтер мен сюжеттер болды. Мұны оның фольклорға деген 
компаративистік көзқарасы қажет қылды. Ол өз еңбектерінде әр мотив пен 
сюжеттің төркінін іздеп, олардың әр халықтағы ұқсастығын тауып, 
салыстыра зерттеді. Сол себепті Г.Н.Потанин – фольклоршы өзі естіген 
ертегі мен аңызды қолма-қол қазақ тілінде жазып алмай, оның орысша 
аудармасын (тілмаштары арқылы) хатқа түсіріп отырған [1]. Бір жақсысы – 
аудармашылар ертегі мен аңызды естіген бойда орысшаға аударып отырған. 
Соның арқасында Г.Потанин шығарған жинақтағы ертегілер (орыс тілінде 
болса да) сюжеттік жағынан толықтығымен әрі қызғылықтығымен құнды. 
Егер Октябрь революциясына дейін ертегі жанры жеке жинақ ретінде 
санаулы түрде ғана жарық көріп, көбінесе жалпы фольклорлық жинаққа еніп 
жүрсе, Кеңес өкіметі тұсында ертегіге арналған бірнеше жинақ баспадан 
шықты [2]. Олай болу себебі – Кеңес дәуірінде, әсіресе 1930-40 жылдары, 
фольклор шығармалары көп жиналды. Жиналған материалдың көбісі сол 
жинақтарды құрады. Ал, бұл кітаптарға сыймағандары қолжазба қорында 
сақтала берді. Оларға кейінгі кездерде жиналған ертегілер де қосылып жатты. 
Сөйтіп, жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ ертегітану ғылымы үшін сан 
жағынан да, сапасы жағынан да айтарлықтай материал жиналды. Қазақ 
ертегісін зерттеп жүрген оқымыстылар ең алдымен осы текстерге жүгінетіні 
сөзсіз. 
Кеңес заманында жарық көрген ертегілік жинақтар көпшілік қауымға 
бағышталған. Ғылыми тұрғыдан алғанда, олардың құнды жағы – қазақ ертегі 
мұрасын халыққа кеңінен таратуы, ұлттық ертегіміздегі көптеген сюжеттерді 
қамтуы. Демек, текстологиялық ақауларына қарамастан, аталған ертегілік 
жинақтар қазақ фольклортану ғылымы қалыптасып, дамуына айтарлықтай 
үлес қосты. Ендігі сөз ертегіге арналған ғылыми (академиялық) жинақ 
хақында болмақ. 
Ғылыми мәнді ертегілік жинақ шығару үшін қолдағы материалды 
сұрыптау, саралау ісі – жинақты дайындау жолындағы жауапты кезең. Себебі 
құрастырушының қолындағы ертегі текстері жанр жағынан да, көлемі 
жағынан да, тіпті көркемдік сапасы жағынан да әр түрлі. Кейбіреулерінің 
көремдік-стильдік формасы жақсы болса, енді біреулерінің мазмұны нашар 
болуы ықтимал, керісінше, қайсы біреулерінің мазмұны тәуір болып, 
формасы нәрсіз болуы мүмкін т.т. 
Жинақтың көлемі әрқашан мөлшерлі болғандықтан құрастырушы ең 
алдымен кітапқа нені енгізіп, нені қалдыратынын шешіп алатыны белгілі. 
Бізде шығып жүрген ертегілік қана емес, жалпы фольклорлық жинақтарда 
тек көркемдік-идеялық жақтарынан тәуір деген шығармалар орын алып 
жүрді. Алайда, бұл ғылыми объектілік емес еді. Мәселен, көл-көсір 
материалдан тәуірін, керегін таңдағанда бір шығарманың бірнеше 
вариантынан қайсысын алған дұрыс? Фольклортану ғылымы үшін барлық 
варианттың маңызы бар. Неғұрлым шығарманың варианты көп болса, 
солғұрлым зерттеу мәселелері кеңейе түседі, ғылыми қорытындылар дұрыс 


94 
болады. Бірақ қазақ ертегілеріне арналған жинақтарда сюжет варианттары 
ескерусіз қалды, сюжеттің бір-ақ варианты беріліп, қалғандары аталмады да, 
сипатталмады. Мысалы, түгелдей дерлік жинақтарға енген «Ер Төстік» 
ертегісін алайық. Бұл ертегі толық күйінде 1957 жылы шыққан үш томдық 
«Қазақ ертегілері» атты жинаққа енді. Алайда, онда «Ер Төстік» ертегісінің 
ешбір сюжеттік варианттары аталмаған және бұрынғы басылған нұсқалары 
да көрсетілмеген. Ал, егер таза ғылыми жинақ болса, онда түсініктемеде 
былай деп жазу керек еді: «Ер Төстік» ертегісі өте кең тараған. Жинаққа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет