Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


мен Орта Азия шапқыншыларына қарсы күрес жүргізген дәуірі



Pdf көрінісі
бет87/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984

мен Орта Азия шапқыншыларына қарсы күрес жүргізген дәуірі 
жайындағы аңыздар болып табылады. Тарихи тұрғыдан дәуірлесек, бұл 
аңыздардың бейнелейтін шағы – ХIII-ХIV ғасырлар, бірақ аңыздардың өзі 
қай мезгілде пайда болғаны туралы үзілді-кесілді пікір айту қиын. Дегенмен 
де, Шыңғыс хан, Жошы хан, Ақсақ Темір есімдерімен байланысты 
әңгімелердің сол кездің өзінде-ақ тууы мүмкін. Әрине, олар бізге алғашқы 
қалпында жетпеген, алайда оқиғаның өзегін, дәуірдің тынысын, 
кейіпкерлердің іс-қылығы мен мінез-құлқын біршама сақтай білген. Осындай 
аңыздардың біразы Шыңғыс пен Жошы ханның қазақ елін билеп-төстеген 
шағын баяндайды. Бірақ бұл аңыздар нақты болған белгілі бір оқиғаны 
әңгімеленеді. Олардың көбісі Шыңғыс пен Жошы есімдеріне байланысты 
болып келеді де, солардың қаталдығын, бүкіл сол заманның рухын айқын 
сипаттайды. Мәселен, Шыңғыс хан туралы аңыздардан сол кездердегі 
хандардың арасындағы алауыздықты, бақталасты, таққа таласып, бірін-бірі 
қуғындаған ағайындылар тарихын аңғаруға болады [12].
Бұлардың мазмұны «Моңғолдың құпия шежіресімен» үндес [13], 
алайда, қазақ аңыздары «шежіредегі» оқиғаларды түгел және дәлме-дәл 
қайталамайды. Тіпті қазақ аңыздарында айтылатын кейбір оқиғалардың 
шындықтан алшақ екені де байқалады, ал енді бір шығармаларда 
оқиғалардың мезгілі, адамдары шатастырылып, қайсыбір жағдайда әр дәуірде 
болған оқиғалардың елесі шоғырланғаны сезіледі. Мысал үшін атақты 
«Ақсақ құлан» аңызын алайық. Аңыздың сюжеті баршаға аян: ханның 
баласы аңда жүріп, жаралы құланның тұяғынан өледі.
Аңыздың біраз варианттарында бұл оқиға Шыңғыс пен Жошыға 
байланысты 
айтылады 
және 
зерттеушілердің 
көбісі 
солай 
деп 
тұжырымдайды [14]. Ал басқа бір варианттарда құланнан өлген Жошы 
болады да, оның әкесі Алаша хан болып баяндалады [15]. Енді бір 
нұсқаларда аң аулап жүріп өлетін – Жошы емес, оның баласы [16], ал кейде 
Жәнібектің ұлы [17], я болмаса Ақсақ Темірдің баласы [18] болып 
әңгімеленеді. Тіпті кейбір текстерде баласы Жошы делініп, әкесінің есімі 
аталмайды [19]. Міне, бір ғана сюжетті (оқиғаны) баяндайтын бірнеше 
шығармада кейіпкерлер әр басқа: Алаша, Шыңғыс, Жәнібек, Темірлан, 
Жошының өзі. Бұлар әр заманда өмір сүрген адамдар, бұл – анахронизм, 
аңыз әдетте тарихи дәуірлерді, оқиғалар мен адамдарды жылнамадағыдай 
дәлме-дәл суреттемейді, оларды тарихи тұтастану заңына сәйкес өзгертеді. 


176 
Олай болса, өлген баланың әкесі болып бірде Шыңғыстың, бірде Алашаның , 
бірде Жошының, бірде Жәнібектің көрінуі тарихи аңызды фольклорлық жанр 
ретінде тағы да бір сипаттайды. (Соның өзінде де аңыз өмірде болған 
адамдарды әңгімелеген). 
Ал, осы аңыздағы оқиғаның өзі өмірде болған ба, ол қаншалықты 
шындыққа сәйкес келеді? 
Аңыздың сюжеті, құрылысы жағынан ол үш бөлшектен тұрады. 
Бірінші бөлшек: Жошының аңға шығып, құландарды қууы. Құланның 
айғыры жаралы болып, оны мерт қылуы. Екінші бөлшек: Шыңғыстың 
«Кімде-кім Жошының өлімін естіртсе, аузына қорғасын құямын!» - деген 
жарлығын бұзып, Кербұғаның (Кет Бұқа, өнерпаз күйші, домбырашы, ұлы 
жыршы) өнер арқылы Шыңғысқа қазаны естіртуі, Шыңғыстың домбыраның 
шанағына қорғасын құюы. Үшінші бөлшек: қаһарлы әкенің елге ғаламат ор 
қаздырып, құлан біткенді орға түсіріп, қыруы. 
Осы үш бөлшектің бірнішісі – негізгі оқиға: Жошының қаза болуы. Бұл 
тарихқа сәйкес: Жошы әкесінің тірі кезінде өлген. Ал, бірақ Жошының өлу 
себебін баяндау – фольклорлық қиял, бірақ шындыққа саятын қял, өйткені
ол кезде Шыңғыс та, оның балалары да құлан аулауды машық еткен. 
Алайда, осы негізгі оқиға аңызда тікелей айтылмайды. Аңыз басты 
көңілді екінші және үшінші бөлшектерге аударады. Мұнда фольклорлық 
дәстүр күшіне еніп, оқиғадан гөрі Шыңғыстың қаһарлығын, қаталдығын 
көрсетуге күш салынған. Бұл, сөз жоқ, аңыздың көп уақыт бойына көркем 
фольклормен қатар, солардың ортасында өмір сүргенінің нәтижесі. 
Сондықтан да, «Ақсақ құлан» аңызында тарихи оқиға көмескіленіп, оның 
есесіне біршама әрлей баяндау етек алған. 
Қазақтың көне тарихи аңыздарына Алтын Орда дәуірі мен Қазақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет