Ассамблея құрылымы
Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады
жəне қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын
айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын
қызметке тағайындайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына
Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі.
Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея
Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.