Ассамблеяның
парламенттік өкілдігі
▪
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ
өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел
Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға
2007 жылы енгізілген өзгерістерге сəйкес Қазақстан
Республикасы
Парламенті
Мəжілісінің
9
депутатын
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Қазақстан халқы
Ассамблеясы сайлаған Парламент Мəжілісінің 9 депутаты,
елдегі
барлық
этностардың
мүддесін
білдіреді.
Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық
процесіне
белсенді
қатысып,
заң
шығарушылық
бастамашылық құқығын жиі пайдаланады. Этносаралық
қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң жобалары
депутаттардың тиісті сараптауынан өтеді.