WWW.ENU.KZ
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ МЕКТЕП ОҚУЛЫҒЫНДА
БЕРІЛУ ЖАЙЫ
Сайлаубек І.С.
4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: педагогика және психология магистрі Ж.О.Оразова
Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтӛбе қаласы
Қазақ фольклорының ӛте бір қомақты саласы – ертегілер. Ол –
халқымыздың ұшқыр қиял туындысы, арман мүддесі, терең ой нәтижесі,
ӛмірлік тәжірибе жиынтығы. Қазақ ертегілері – халық ӛмірімен, бүкіл ой –
санасымен біте қайнасқан ӛзіндік ӛрнегі бар шығарма.
Ғұлама Абай ӛзінің жетінші қара сӛзінде адам баласының бойында туа
пайда болатын екі түрлі мінез туралы айта келіп, «біреуі – тән құмары,
екіншісі – жан құмары, -деп бӛледі. Міне, осы жан құмарын халқымыз бесік
жыры, санамақ, қаламақ, сұрамақ, жаттамақ, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-
мәтел, ертегі арқылы беруге тырысқан. Тілі ойнақы, жеңіл, кӛркем, әрі
түсінікті, айқын да дәл, әсерлі ойға қонымды бұл шығармалардың идеясы –
баланы адалдыққа, тӛзімділікке, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке,
қайырымдылыққа, т.б. жақсы қасиеттерге тәрбиелеуге негізделген.
Қиял – ғажайып шытырман оқиғалар, хайуанаттар дүниесі, тұрмыстық,
батырлық, сатиралық мазмұндағы әңгімелер – ертегі жанрының түрлері.
«Ертегінің қай түрін алсақ та ол еріккеннің ермегі емес, зор қоғамдық,
тарихтың сыры, мәні бар әңгімелер» [1:117].
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандар қолдарына тӛл
оқулығымыз «Әліппені» алып, бұған дейін теледидар, радио,балабақшада
танысқан қазақ халық ертегілері туралы білімін толықтырып, жаңа
үлгілерімен танысады. Жалпы, бастауыш сыныпта ертегілерді оқыту ісі
«Әліппе», «Ана тілі», «Ана тілі хрестоматиясы» оқулықтары арқылы жүзеге
асырылады. Олай болса, біз халық ертегілерінің оқулықта берілуі туралы сӛз
қозғамақшымыз.
Мектеп оқулықтарында құрылысы жағынан бір оқиғаның кілтін
екіншісінен іздеу түрінде берілетін тізбекті ертегілер кӛрініс тапқан. Мұндай
ертегілердің оқиға желісі балалардың ӛздері күн сайын кӛріп жүрген
нәрселерді суреттейді. Олардың оқиға-әңгімесі айтушыға да, тыңдаушыға да
жеңіл, ыңғайлы, ықшам келеді [2:131]. Осындай тізбекті ертегілер туралы
фольклортанушы С.А.Қасқабасов «Қазіргі кезде мұндай ертегілердің белгілі
дәрежеде тәрбиелік мәні бар: Мұнда заттар мен құбылыстар, адамдар мен
жануарлар жалпылай байланысқа қатыстырылып, бірінен – бірі алыс та
шашыранды заттарды жақындастыруға тырысатын тәрізді», - десе, В.А.
Бахтина «сказка самого начала построена не фантастической игровой
нелепище, на воображаемом, условно созданном озорном мире», - дейді. Аса
кӛрнекті фольклортанушы В. Я. Пропп тізбекті ертегілердің мазмұны туралы
былай дейді: «Они не содержат никаких интересных или содержательных
WWW.ENU.KZ
«событий» сюжетного порядка. Наоборот самое событие ничтожны (они
начинаются с ничтожных), ничтожность этих событий иногда в комическом
контрасте с чудовищным нарастанием вытекающих из них последствий и с
конечной катастрофой». Пропптың бұл тұжырымы қазақ ертегілерінің
табиғатына қатысты емес деп ойлаймыз. Себебі: «Құйыршық», «Қотыр
торғай», «Шудалы торғай» ертегілері орыс халқының «Петушок подавился»,
«Терем мухи» ертегілерімен салыстырғанда балаға тән ұнамсыз мінездері
сынап, әзіл етеді.
Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Атамұра» баспасынан
шыққан «Әліппе» оқулығындағы «Кім неден күшті?» ертегісі бала қиялына
қанат бітіріп «Неге олай?», «Қалай?» деген танымдық сұрақтарға жауап
іздеттіреді. Айталық, Жасаған ием мұздан сұрапты:
-
Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?
-
Мен күшті болсам, күн кӛзінен ерімес едім.
-
Күн, күн, сен неден күшті болдың?
-
Мен күшті болсам, бетімді бұлт басар ма еді?
-
Бұлт, бұлт, сен неден күшті болдың?
-
Мен күшті болсам, жауа-жауа жусан басын кӛгертпес пе едім?
-
Жусан, жусан, сен неден күшті болдың?
-
Мен күшті болсам, қошақан жер ме еді?
-
Қошақан, қошақан, сен неден күшті болдың?
-
Мен күшті болсам, құйрығымды қасқыр тартар ма еді?
-
Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?
-
Мен күшті болсам, мерген атып алар ма еді?
-
Мерген, мерген, сен неден күшті болдың?
-
Мен күшті болсам, мылтығымның бауын тышқан қияр ма еді?
-
Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?
-
Мен күшті болсам, ала жаздай жинаған азығымды құмырсқа тасып
кетер ме еді?
-
Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың? – дегенде, ол:
-
Арқамнан алты батпан, желкеммен жеті батпан ауырды кӛтергендіктен
күшті болдым, - деген екен [3:132].
Осылайша мұздан бастап құмырсқаға дейін сынау мақсатында «Сен
неден күшті болдың?», - деген сұрақ қойылады. Ӛкінішке қарай, «Әліппе»
оқулығында бұл ертегі толық берілмей, «Е, сен құдайсыз күшті болған
екенсің ғой, олай болса, - деп, белден қылышпенен бір салғанда, қылдай
болған. Ӛзіндей бұйымды кӛтеру де содан қалған» деген жолдары оқулықтан
алынып тасталған. Мұның себебі Кеңес үкіметі кезінде дінге қарсы
жүргізілген атеистік саясатта жатқаны анық. Еліміздің егемендігін алып,
ақтаңдақтардан арыла бастаған шақта осындай кемшіліктерден әлі де арыла
алмағанымыз ӛте ӛкінішті! Ертеңін болашағынан күткен ата-бабаларымыз
жоғарыдағы ертегілер арқылы баланың рухани дамуын кӛздеді емес пе?!
Қазақ халқының ұлттық тәрбие беру мақсатында тудырған дүниелерін
түпнұсқа қалпында беретін кез де жетті ғой!
WWW.ENU.KZ
Әрі қарай оқулықты зерттей бастасақ тағы да «әттеген-ай» деп қаламыз.
Себебі 3-сыныптың «Ана тілі» оқулығындағы «Құмырсқаның қанағаты»
ертегісінде де жоғарыда айтылған қателер қайталанған. Дана халқымыз о
бастан-ақ баланы асты қадірлеуге, үнемді пайдалануға баулып,
экономикалық түсінігін қалыптастыруға зор кӛңіл бӛлген. Оны ертегідегі
мынадай жолдардан байқауға болады:
-
«Бір дән маған бір жылға жетеді», - деп едің. Жыл ӛтті, ал сен дәннің
жартысын ғана жепсің. Оның қалай? – деп сұрады оқымысты.
-
Иә... Ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің халім әлдеқайда
жақсы болған болар еді. Бірақ сен бір жылдан кейін мені босатуды ұмытып
кетсең, онда мен бостан-босқа аштан ӛлген болар едім. Сол себепті, бір жыл
бойы жарты дәнді қанағат қылдым, -деп жауап береді Құмырсқа.
-
Егер босатуды ұмытып кетсем, қалған жарты дәнді қанша уақытқа
жеткізген болар едің?
-
Тӛрт-бес жылға жеткізген болар едім, - депті Құмырсқа [4:314].
Бұл ертегінің оқулықта берілу реті де кӛңілге кірбің келтіреді. Балаға
ой салатын, тәрбие кӛзі болатын ертегінің кейбір нәрлі тұстарын оқулықтан
таба алмай қынжыласың.
Мысалы,
Оны жерден кӛтеріп алады, да, алақанына салып тұрып:
-
Кәне, құмырсқа, айтшы, дәнді қайда алып барасың? – деп сұрайды.
-
Илеуіме апарамын, - дейді құмырсқа.
-
Оны қайтесің?
-
Кейінге сақтаймын, - дейді құмырсқа.
-
Кӛп жинайсың ба? - деп сұрайды.
Құмырсқа ӛз шаруасының жайын былайша баяндайды.
-
Жаздай жұмыс істеп, жейтін азығымды жинаймын да, қыстыгүні
қаннен қаперсіз тынығып жатамын ...
-
... Жылына қанша дән жейсің?
-
Бір дән жеймін...
-
Соған қанағат етесің бе?
-
Одан кӛп жей берсем жер бетіндегі басқа құмырсқалар аш қалмай ма?
Қанағат керек қой!
Ертегіні әрі қарай оқи түссек, оның тәрбиелік нәрі, негізгі түйіні болып
табылатын тұстарының оқулықта берілмегенін байқаймыз.
«Данышпан құмырсқаның шыдамдылығы мен тастай берік қанағатына
қайран қалыпты. Оны қамап кеткенінің қиянат болғанын, азапқа салғанын
енді түсініп:
-
Менің істеген ісім дұрыс болмапты, кешір! – депті де құмырсқаны
қамаудан босатып жіберген екен.
Содан кейін данышпан қанағаттың қасиетін адам баласына үйретіпті.
Ертегінің басты мақсаты – адам баласының шыдамдылық, қанағат,
әлсізге қамқорлық тәрізді асыл қасиеттерін баса кӛрсету болып табылады.
WWW.ENU.KZ
Мұндай қисынсыз қысқартуларға неге жол берілген? деген сұрақтар
мазалайды.
Ертегінің тәрбие кӛзі екені аян. Ертегіні құмарта оқыған балалардың
бойына адами қасиеттерді мейлінше мол жинауға ұмтылатынын уақыттың
ӛзі дәлелдеуде. Олай болса, ӛскелең ұрпаққа ӛз ұлтының ғасырлар бойы
жинақтаған асыл қазынасын түпнұсқа күйінде ұсынғанымыз дұрыс деп
есептейміз.
Пайдаланылған әдебиет
1.Әуезов М.О. Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы, 1960
2.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы, 1996
3. Әуелбаев Ш., Наурызбаева Ә., Ізғұттынова Р., Құлажанова Ы. Әліппе.
1-сынып. – Алматы: «Атамұра», 2012
4. Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатай Б. Ана тілі. 3–сынып, –
Алматы: «Атамұра», 2010
Достарыңызбен бөлісу: |