3.Андронов мәдениеті — қола дәуірінде б.з.б. 2-мыңжылдықтың алғашқы ширегінен бастап, б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында Батыс, Оңт. Қазақстан, Сібір мен Орт. Азияны мекендеген тайпалар мәдениеті. Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қаласының маңындағы Андронов деревнясының маңынан табылуына байланысты осылай атаған. Бұл мәдениет Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар арасына кең тарағанАндроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.