2. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:
аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды;
ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;
ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті;
тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.
Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:
қалалар мен темір жолдар салынды;
тауар-ақша қатынастары дамыды;
көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және
отырықшы түрлеріне ауыса бастады;
әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т.б.).Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.
3. Бесжұлдыз – ең көне символ, сақтар дәуірінен де көп уақыт бұрын болған. Бесжұлдыздың түпкі сематикасы, ішкі мәні екі қолын екі жаққа жіберіп талтайып тұрған адамның бейнесінен кеп шығады. Мұны ғылымда біз «символ всемогущего человека» дейміз. Адамның керемет қасиетін, артықша қабілетін білдіретін дүние. Бұл он сегіз мың ғаламды жаратқан құдайдың бір мақұлығы, табиғат әлемді билеуші деген мағынаны да білдіреді. Тіпті осы ой Құранда да бар. Жалпы адамзатқа тән символды кейін масондық, еврейлер өздерінің символы етіп алған. Бертінде пролетарлық диктатура бесжұлдызды басқа таптарға үстемдігі деп белгіледі.Шілікті қорымы Бәйгетөбе обасынан табылды
Достарыңызбен бөлісу: |