27билет
1. Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнермен байланысты еңбек құралдары болып табылады. XIX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады. Ең көп таралған қару түрі үш метрлік «сойыл», одан соң «шоқпар» болды. XIX ғасырдың орта шеніне дейін аң аулау кезінде садақ қолданылды.
Көшпелі қазақтардың негізгі тұрғын үйлері көші-қонға ыңғайлы киіз үйлер болатын. Қазақтың киіз үйлері олардың үлкендігімен, яғни тігілген киіз үйде қанат деп аталатын кереге санымен анықталатын. Қанаттар саны 4 қанаттан 12 қанатқа дейін және одан да көп болатын. Сыртқы түрі бойынша күмбез тәрізді және шошақ болып келетін. Қысқы қыстаулар орналасқан өзендердің аңғарлар мен тау шатқалдарына қазақтардың киіз үйлері тұрақты үлгімен салынатын. Бұлар жер бетіне киіз үй сияқты етіп тастан (шошала), қамыстан (доғара) тұрғызылған құрылыс түрінде, тік бұрышты жеркепе және жертөле, жер бетіне тік бұрышты етіп салынған шым үй және саз балшықтан домбаздалған соқпа там болды. Дәстүрлі ағаш жәшіктер – кебежелердің, көрпе-төсек жинауға арналған жүкаяқтардың және ескіден келе жатқан төс-ағаштардың орнына, қазақтардың тұрмысында әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын, көлемі әр түрлі сандықтар пайда болды. Қазақтардың ұлттық киімінде өздеріне тән этнографиялық белгілер сақталып қалды. Киім-кешек үшін малдың жүні мен терісі негізгі материалдар болды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата, жібек және басқа маталардан тігілді. Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер енді. Еркектер бітеу пішілген кеудесінде тік өңір-қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Сонымен бірге жаздыгүні олар ешкі терісінен иленген күдері шалбар киіп жүрді; шалбардың балақтарына төменгі жағынан тілік тасталып, ол кестемен сәнделетін. Музыка өнері.Қазақ халқының тұрмысы мен қоғамдық өмірі және еңбек әрекетімен біте қайнасқан рухани мәдениетінің етене саласы музыка болды. Дәстүрлі орныдаушылық – жеке ән салу мен аспапты жеке тарту кең тараған, әнді қосылып айту сирегірек; шығармалардың негізгі түрлері — ән мен күй. Жиырмадан аса әр түрлі музыкалық аспаптар болған, олардың бір сарынды ғана дыбыс шығаратын кейбіреулері – шертер, жетіген, саз сырнай, кепшік, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ және басқалары музыка өнерінің кәсіби талаптарына сай келмей, біртіндеп құри берген. Ал дыбыстық сапаларын жетілдіруге келетін басқалары музыкалық аспаптар тобын құрады. Олар: домбыра – ағаштан жасалған, шертіп ойналатын екі ішекті аспап, шанағы сопақша, кейде жазық формалы болып келеді; қобыз немесе қылқобыз – тостақ тәрізді толық ағаш шанақты және мойыны ішіне қарай иілген ыспалы қос ішекті аспап; сыбызғы – ағаштан, іші қуыс қамыс-қурайдан немесе металл түтіктен жасалған, 4–6 саусақ басар ойыңы бар ұзынша үрмелі аспап; дауылпаз – сырты тері жарғақпен қапталған ағаштан немесе металдан жасалған кішкене қазан түріндегі соқпа аспап.
2. 1920-шы жылдардың екінші жартысы мен 1930 жылдардың басындағы Кеңес өкіметінің қазақ интеллигенцияларының қалыптасып, өніп-өсуіне қарсы ұйымдастырылған күресі, Алаштың қазақ азаматтарына қызметтерін пайдаланды деген ұранды ұстанып оларға дөрекі сындар тағу арқылы қуғындау, түрмеге жабу мен жер аудару арқылы келген репрессия болса, адам көргісіз 1937–1938 жылдардағы қолдан жасалған қанды қырғын «халық жауы» деген және тағы басқа сылтаулар мен айыптаулар тағу арқылы асу, ату және қырып-жоюдың нәтижесіндегі саяси репрессия Қазақстандағы мыңдаған қазақтың маңдай алды ой еңбегі азаматтарының өмірін алып кетсе, ал соғыстан кейінгі және 1950-ші жылдарды толық қамтыған репрессия қазақ интеллигенцияларының басқан ізін, аңду, көне әдеби мұраларды саяси-идеялық тұрғыдан жаратпай тастау, еркін ойдың нышанына айналған тарихи тұлғаларды күйелеу тоқтамады. Міне осындай зұлмат саясаттардан соң Қазақстан интеллигенцияларының арасындағы қазақ интеллигенциясы сапалық жағынан әлсірегенімен, еңсесін көтеріп, көшпен бірге алға жылжудың үстінде болды. Дегенмен-де бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі сол, жаңадан қалыптаса бастаған республика интеллигенцияларының арасындағы қазақ интеллигенциясы қауымының мүшелері зерттеу аралығының жылдарында жүргізілген саяси қуғындау салдары мен репрессиялардың зобалаңдары мен зардаптарын басынан өткізіп, сапалық жағынан бұрынғыдан да күйзеліске ұшырады. Сол бір қайғылы кезеңнен бері араға біраз жылдар түсті. Осы мерзімде бірнеше ұрпақ алмасып, өмір шындығы да өзгеріске ұшырады. Алайда, сол үресілі жылдардың қайғы-қасіреті қазақ халқының бүгінгі таңдағы санындағы кемшіліктеріне байланысты тарихи демографиялық жағынан қарағанда әлі сезіліп, біздің қазақ халқымыздың жадында мәңгілік сақталды, өйткені Голощекиндік геноцид пен Сталиндік террордың жазықсыз құрбандарының балалары мен туыстары ол күнді өмірде ұмытпайды. қазақ мамандарының қызмет түрлерінің әр түрлі салалары бойынша қалыптасып, саны мен үлесі артып, қазақ интеллигенциясы қатарының өсіп келе жатқанын байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |