~Қазақ халық педагогикасы бойынша жарық көрген еңбектердi атаңыз:
@ «Қазақ тәлiм-тәрбиесi», «Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы», «Тамыры терең тәрбие», «Халық педагогикасының ауыз әдебиетiндегi көрiнiсi»
@ «Қирағат», «Ана тілі», «Есеп құралы»,«Оян, қазақ!», «Жастарға»
@ «Педагогика», «Ересектер үшін әліппе», «Сауаттылыққа оқыту», «Бастауыш кластағы ана тілі»
@ «Халық тағлымы», «Қазақ тәлiм-тәрбиесi», «Қазақ халқының салт-дәстүрлерi»
@ «Павлыш орта мектебі», «Ұстаздық дастан», «Ата-аналар, сіздер үшін»
~Қазақ халқының салт-дәстүрлерiн Кеңес дәуiрiнде кiмдер жинастырып, зерттедi?
@ М.Тынышпаев, С.Асфандияров, С.Мұқанов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Х.Арғынбаев, Ә.Марғұлан және т.б.
@ М. Жұмабаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов және т.б.
@ А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий және т.б.
@ дұрыс жауабы жоқ
@ барлық жауаптар дұрыс
~Қазақ жанұясында ұлттық тәрбие қалай берiлген?
@ барлық жауаптар дұрыс
@ ұлттық ойындар негізінде
@ халық музыка шығармашылығы негізінде
@ халық ауызекі шығармашылығы негізінде
@ әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негiзiнде
~ «Дәстүр» бағдарламасының авторы кiм?
@ Садуақасов А.
@ Қалиев С.
@ Оразаева М.
@ Смайлова М.
@ Ұзақбаева С.
~ «Қазақтың салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптары» атты оқу құралының авторы кiм?
@ Кенжеахметұлы С.
@ Сарсенбаев Н.
@ Ахметов Ж.
@ Кәрiмов Ш.
@ Қожахметова К.
~“Халық педагогикасының ауыз әдебиетiндегi көрiнiсi” атты оқу құралының авторы кiм?
@ Қалиев С.
@ Жарықбаев Қ.
@ Адамбаев Б.
@ Ұзақбаева С.
@ Қоңыратбаев Ә.
~“Этнопедагогика” терминiн педагогикалық еңбектерде алғаш рет қолданған кiм?
@ Н.Волков
@ Г.Виноградов
@ Г.Гашимов
@ А.Измайлов
@ Қ.Жарықбаев
~“Этнопедагогика” анықтамасына кiретiн негiзгi ұғымдар?
@ халықтың тәрбие жөнiндегi бiлiмi мен тәжiрибесi
@ халық дәстүрi мен әдет-ғұрпы
@ халықтың көркем өнерi
@ халықтың ауыз әдебиетi
@ “халық”, “ру”, “ұлт”, “этнос”
~Халық педагогикасының құралдары:
@ барлық жауаптары дұрыс
@ ұлттық ойындар
@ салт-дәстүрлер
@ халық музыка шығармашылығы
@ халық ауызекі шығармашылығы
~ Халық педагогикасындағы тәрбие әдiстерi:
@ үйрету, өсиет сөздер айту, өтiнiш айту, бата беру және т.б.
@ кiтаппен жұмыс жасау: конспектілеу, цитата келтіру, аннотация жазу
@ әңгiме, лекция, пiкiр-талас, үлгi-өнеге
@ демонстрация, иллюстрация
@ үйрету, жаттығу, педагогикалық тапсырма
~Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқу-тәрбие процесінің өзiндік ұлттық ерекшелiктерiн айқындайтын, қазақ халық педагогикасының тәлiм-тәрбие принциптерiне негiзделген бағдарлама:
@ “Атамекен” бағдарламасы
@ “Елiм -ай” бағдарламасы
@ “Әдеп” атты мектепте өтiлетiн арнайы курс
@ “Халық салт-дәстүрлерi” атты арнайы курс
@ этномәдени бiлiм беру тұжырымдамасы
~ Халық педагогикасында негiзгi орын алатын әдiстiң бiрi:
@ ата-аналардың үлгi-өнегесi
@ өсиет айту
@ мадақтау
@ талап қою
@ пiкiр-талас
~Халық ауыз әдебиетiнiң қай шығармаларын балалар фольклорына жатқызуға болады?
@ ертегi, мақал-мәтел, жаңылтпаш, санамақ
@ айтыс, жыр, терме, толғау, күй
@ жұмбақ, өтiрiк өлең, эпос
@ бата беру, мақал-мәтел, аңыз, әңгіме
@ жоқтау, сыңсу, қоштасу
~ Баланы бесiкке қай кезiнде салады?
@ баланың кiндігi түскен соң
@ бес күннен кейiн
@ жетi күннен кейiн
@ тоғыз күннен кейiн
@ қырқынан шыққасын
~Бала тәрбиесiне байланысты салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен рәсiмдер:
@ ит көйлек кигiзу, тұсау кесу, атқа мiнгiзу
@ тоғыз құмалақ, көкпар, аударыспақ
@ жүн сабау, ер тоқым жасау
@ зергерлiк бұйымдар жасау, кiлем тоқу
@ беташар, құда түсу, ұрын бару
~Қыздардың үй тұрмысындағы қолданбалы өнерi:
@ кесте тiгу, кiлем тоқу, ши тоқу
@ киiз басу, қамшы өру, киiм тiгу
@ жiп иiру, малға қарау, алаша тоқу
@ жүн сабау, ер тоқым жасау
@ зергерлiк бұйымдар жасау, кiлем тоқу
~Ұлдардың үй тұрмысындағы қолданбалы өнерi:
@ ертоқым жасау, үй жиһаздарын жасау
@ жүзiк соғу, көрпеше тiгу
@ зергерлiк бұйымдар жасау, ши тоқу
@ сырмақ сыру, арқан өру
@ кiлем тоқу, кесте тiгу, киiм тiгу
~“Тоғыз құмалақ” ойынын алғаш рет қағаз бетiне түсiрген кiм?
@ Пантусов
@ Пржевальский
@ Диваев
@ Потанин
@ Марко Поло
~“Ұлды ұяға, қызды қияға” қондыру салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрыптары мен рәсiмдерi:
@ құда түсу, ұрын келу, сырға тағу
@ ит көйлек кигiзу, тұсау кесу, атқа мiнгiзу
@ зергерлiк бұйымдар жасау, кiлем тоқу
@ көкпар беру, қыз қуу
@ қырқынан шығару, шiлдехана, тұсау кесу
~Ұлттық ойындар iшiнде оймен келетiн ойындар:
@ бес тас, тоғыз құмалақ, санамақ, ауызша есеп
@ жұмбақ, аударыспақ, санамақ
@ үш аманат, алтыбақан, ауызша есеп
@ тоғыз құмалақ, үш әдiл, жұмбақ, бәйге
@ жұмбақ, көкпар, бес тас, қыз қуу
~Қазақ халық педагогикасының негiзгi ұғымдарын атаңыз:
@ халықтық бiлiм, халықтық тәрбие
@ бiлiм алу, бiлiм беру, оқыту, тәрбиелеу
@ тәрбие, тәрбиелеу, бiлiм беру, оқыту
@ тәрбиелеу мен оқыту
@ дұрыс жауабы жоқ
~ Қазақ халық педагогикасындағы тәрбие әдiстерiн атаңыз:
@ сенiм, бата беру, тiлек айту, сұрану, кеңес беру, ұрсу, жаратпау, тиым салу және т.б.
@ халықтық бiлiм, халықтық тәрбие, өзiн-өзi тәрбиелеу, өзiн-өзi жетілдіру және т.б.
@ қорқыту, ұрып-соғу, мектептен шығару, бұрышқа тұрғызу және т.б.
@ елiн-жерiн қорғау дәстүрлерi, табиғатты қорғау дәстүрлері, еңбек дәстүрлері және т.б.
@ дұрыс жауабы жоқ
~ Қазақ этнопедагогикасындағы дене тәрбиесiнiң ұлттық сипаты неде?
@ адамға қажеттi дәстүрлi еңбек пен ұлттық ойындар
@ елiн-жерiн қорғау дәстүрлерi
@ парасаттылық, имандылық дәстүрлерi
@ ұлттық салт-дәстүрлер
@ еңбек ету, еңбекқорлық
~ Қазақ этнопедагогикасындағы еңбек тәрбиесiнiң ұлттық сипаты неде?
@ ұлттық еңбек ету дәстүрлерi
@ еңбек ету, еңбекқорлық
@ еңбек етпесе отыра алмау
@ ұлттық салт-дәстүрлер
@ дұрыс жауабы жоқ
~Қазақ этнопедагогикасындағы кәсiби тәрбиесiнiң ұлттық сипаты неде?
@ еңбек және кәсiби дәстүрлер
@ еңбек дәстүрлерi
@ кәсiби дәстүрлер
@ ұлттық салт-дәстүрлер
@ дұрыс жауабы жоқ
~Қазақ этнопедагогикасындағы имандылық тәрбиесiнiң рухани-ұлттық сипаты неде?
@ дiни тәрбие
@ адамгершiлiк тәрбиесi
@ имандылық тәрбиесi
@ парасаттылық
@ дұрыс жауабы жоқ
~Қазақ этнопедагогикасындағы адамгершiлiк тәрбиесiнiң ұлттық сипаты неде?
@ адамгершiлiк дәстүрлерi
@ адамгершiлiк қасиеттер
@ еңбек дәстүрлерi
@ достық пен сыйластылық
@ дұрыс жауабы жоқ
~Қазақ этнопедагогикасындағы имандылық-адамгершiлiк тәрбиесiн берудiң қандай жолдарын бiлесiз?
@ ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық әдептер
@ ұлттық әдептер
@ ұлттық салт-дәстүрлер
@ ұлттық әдет-ғұрыптар
@ дұрыс жауабы жоқ
~Қазақ этнопедагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесi қандай бiлiмдердiң негiзiнде берiледi?
@ табиғат, адам, жан-жануарлар, өсiмдiктер, қоғам туралы бiлiмдер негiзiнде берiледi
@ адамгершiлiк дәстүрлерi туралы бiлiмдер негiзiнде берiледi
@ қоғам, достық пен сыйластылық туралы бiлiмдер негiзiнде берiледi
@ қоршаған орта, Отан, тарих, тіл туралы бiлiмдер негiзiнде берiледi
@ дұрыс жауабы жоқ
~Қазақ этнопедагогикасындағы эстетикалық тәрбиенiң мәнi неде?
@ баланы табиғаттағы, адам бойындағы және өмiрдегi әсемдiкке тәрбиелеу
@ баланы қарым-қатынастағы адамгершiлiкке тәрбиелеу
@ баланы жас кезінен бастап еңбекқорлыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу
@ баланы отансүйгіштікке тәрбиелеу
@ балада салауатты өмір салтын қалыптастыру, оның денесін шынықтыру
~ Табиғат әсемдiктерiне нелер жатады?
@ тұрлi табиғат көрiнiстерi, адамның жастық шағы, мал-жануарлар төлi, әсем өсiмдiктер, бағалы пайдалы қазбалар, асыл-тастар және т.б.
@ денсаулық пен тазалық, еңбек пен өнер, оқу мен бiлiм, инабаттылық пен
парасаттылық, сұлулық пен сымбаттылық және т.б.
@ өмiрдегi сұлулықтар
@ табиғат құбылыстары
@ дұрыс жауабы жоқ
~ Адам бойындағы әсемдiкке нелер жатады?
@ мiнез-құлық, қарым-қатынас әдептерi, сөйлеу мәдениетi, өнер
@ жағымды қасиеттер
@ адам бойындағы еңбекқорлық
@ адамның отансүйгіштік қасиеттерiнiң мол болуы
@ iзгiлiк пен жақсы мiнездiлiк
~Өмiрдегi әдемiлiкке нелер жатады?
@ киiм-кешектi, жүрiс-тұрысты, тұрмысты сыпайы, сәнді, таза, қарапайым ұстауға жаттығу
@ адамгершiлiк дәстүрлерi, адамгершiлiк қасиеттер, еңбек дәстүрлерi және т.б.
@ қоршаға ортаны аялауға, табиғатты қорғауға, ондағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемін күтіп ұстауға жаттығу
@ баланы жас кезінен бастап еңбекқорлыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу
@ дұрыс жауабы жоқ
~Қазақ этнопедагогикасындағы табиғат қорғау тәрбиесiнiң негiздерiне нелер жатады?
@ қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлерi
@ табиғат әсемдiгiн қорғау дәстүрлерi
@ табиғатты сүю дәстүрлерi
@ табиғатты аялау дәстүрлерi
@ дұрыс жауабы жоқ
~Қазақ этнопедагогикасындағы ұлтжандылық тәрбиенiң негiздерiне нелер жатады?
@ ұлтын, халқын, жерiн, елiн, Отанын қорғау дәстүрлерi
@ табиғаттың, қоршаға ортаның әсемдiгiн қорғау дәстүрлерi
@ баланы жас кезінен бастап еңбекқорлыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу дәстүрлері
@ азамат тәрбиесi, “Сегiз қырлы, бiр сырлы азаматты” тәрбиелеу
@ дұрыс жауабы жоқ
~Қазақ этнопедагогикасындағы құқықтық тәрбие негiздерiне нелер жатады?
@ қазақтың салт-дәстүрлерi мен дәстүрлi құқық заңдары
@ дiни әдет-ғұрыптар мен имандылық негіздері
@ табиғатты аялау дәстүрлерi мен еңбек дәстүрлері
@ ұлтын, халқын, жерiн, елiн, Отанын қорғау дәстүрлерi
@ барлық жауаптар дұрыс
~Қазақ этнопедагогикасындағы жанұялық тәрбиенiң түрлерiн атаңыз?
@ құрсақ тәрбиесi, бесiк тәрбиесi, қыз бала тәрбиесi, ұл бала тәрбиесi, келiн тәрбиесi, ер азамат тәрбиесi және т.б.
@ шілдехана, бесік той, тұсау кесер, шолпы салу, құда түсу, ұрын бару, беташар және т.б.
@ толық жанұя, көпбалалы жанұя, этникалық құрамы бойынша аралас жанұя, қалалық жердегі жанұя және т.б.
@ “Сегiз қырлы, бiр сырлы азаматты” тәрбиелеу
@ барлық жауаптар дұрыс
~Қазақ қыздары туралы ауыз әдебиетiндегi мақал-мәтелдердi атаңыз?
@ «Қыз –елдiң көркi», «Қыз – жағадағы құндызың»
@ «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі»
@ «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
@ «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»
@ дұрыс жауабы жоқ
~“Баланы жастан, келiнді бастан” деген мақалдың мәнi неде?
@ баланы жас кезiнен қалай тәрбиелесең, жас келiнді де келген күннен бастап солай тәрбиеле деген сөз
@ баланы жас кезiнен бастап, ал келiнді келген күннен бастап босаңсытпай, қатты ұстау деген сөз
@ баланы жас кезiнен бастап өз еркіне жіберсең, келiнді де келген күннен бастап өз өз еркімен жіберу керек деген сөз
@ баланы жас кезiнен бастап қатаң тәртіпке бағындырсаң, келiнді де келген күннен бастап тәртіпке үйрету керек деген сөз
@ барлық жауаптар дұрыс
~Қазақ ұл бала дүниеге келсе “ұл туғанға - күн туған” деуiнiң мәнi неде?
@ өйткенi, қазақ баланы «өмiрдiң жалғасы, шаңырақтың болашақ иесi» деп білген
@ өйткенi, қазақ баланы «жанұяны асыраушы, оның мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы, тәлiмгерi» деп білген
@ өйткенi, қазақ баланы «үйдегi басты тұлға» деп білген
@ өйткенi, қазақ баланы «күн нұрынан жаралған, қасиетті» деп білген
@ барлық жауаптар дұрыс
~Қазақ халқының бала тәрбиесiнде Ана басты рөль атқарған. Неге?
@ өйткенi, Ана - балаға өмiр сыйлаушы, қамқоршы, тәрбиешi, ақылшы, қорғаушы, барлық бiлiмi мен тәжiрибесiн бала бойына сiңiрушi адам
@ өйткенi, Ана - жанұяны асыраушы, оның мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы, тәлiмгерi, барлық күш-жігерін жанұяның беріктігіне арнаушы адам
@ өйткенi, Ана - өмiрдiң жалғасы, шаңырақтың болашақ иесi болатын адам
@ өйткенi, Ана - ұстамдылық, төзiмдiлiк, сабырлылық, имандылық, адамгершiлiк, iзеттiлiк сияқты қасиеттердің иесі
~Қазақ халқының бала тәрбиесiнде Әке негiзгi рөлді атқарған. Неге?
@ өйткенi, Әке –жанұяны асыраушы, оның мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы, тәлiмгерi
@ өйткенi, Әке - балаға өмiр сыйлаушы, қамқоршы, тәрбиешi, ақылшы, қорғаушы адам
@ өйткенi, Әке - өмiрдiң жалғасы, шаңырақтың болашақ иесi болатын адам
@ өйткенi, Әке - ұстамдылық, төзiмдiлiк, сабырлылық, имандылық, iзеттiлiк сияқты қасиеттердің иесі
@ барлық жауаптар дұрыс
~ Қазақ халқының бала тәрбиесiнде Әже мен Ата басты тәлiмгерлер болған. Неге?
@ өйткенi, Әже мен Атаның мiнез-құлқындағы жағымды қасиеттер баланы ерекше етiп тәрбиелейді
@ өйткенi, Әже мен Атаның тәрбиесі баланы еңбекқор адам болып өсуіне әсерін тигізеді
@ өйткенi, Әже мен Атаның балаларды еркелетуі олардың еркін адам болып өсуіне ерекше ықпалын тигізеді
@ өйткенi, Әже мен Ата балаларды, ең алдымен, iзеттiлiкке және батылдыққа тәрбиелейдi
@ дұрыс жауабы жоқ
~“Қыз сыны” ұғымын қалай түсiнесiз?
@ ол - қыздың сұлулығын, әдемiлiгiн, шеберлiгiн, нәзiктiгiн, өнер-бiлiмге бейiмдiлiгiн анықтау
@ ол - қыздың батылдығын, ерлік қасиеттерін, отан қорғауға дайындығын анықтау
@ ол- қыздың ең алдымен, еңбекқорлығын, еңбексүйгіштігін анықтау
@ ол - қыздың нәзiктiлiгi мен бiлiмiн анықтау
@ дұрыс жауабы жоқ
~“Жiгiт сыны” ұғымын қалай түсiнесiз?
@ ол – жiгiттің оның кескiн-келбетiне, қадiр-қасиетiне, қабiлет-икемiніне қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
@ ол – жiгiттiң сұлулығын, әдемiлiгiн, шеберлiгiн, нәзiктiгiн, өнер-бiлiмге бейiмдiлiгiн
анықтау
@ ол- жiгiттiң, ең алдымен, еңбекқорлығын, еңбексүйгіштігін анықтау
@ ол -жiгiттiң қабiлетi мен икемiн анықтау
@ дұрыс жауабы жоқ
~Ер жiгiттiң кескiн-келбетi туралы қазақ халқының талғамы қандай болған?
@ еңсегей бойлы, терең ойлы, өткiр көздi, кең иықты, апай төстi, жуан бiлектi, қынай белдi, капсағай денелi және т.с.с.
@ арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, сауысқандай сақ, қабыландай жылдам және т.б.
@ көсем жігіт, шешен жігіт, батыр жігіт, балуан жігіт, сері жігіт, сал жігіт және т.б.
@ адамгершілігі мол жігіт, еңбекқор жігіт, мейірімді жігіт, адал жігіт, шебер жігіт, өнерлі жігіт және т.б.
@ дұрыс жауабы жоқ
~“Этнопедагогика” ғылымына профессор Қ.Жарықбаев қандай анықтама берген ?
@ Этнопедагогика – әрбiр этностың оқыту және тәрбиелеу туралы ғылымы
@ Этнопедагогика - халықтық педагогиканы зерттейтiн ғылым
@ Этнопедагогика - ұлттық педагогиканы зерттейтiн ғылым
@ Этнопедагогика – халық тәжiрибесi мен бiлiмiн зерттейтiн ғылым
@ Барлық жауаптар дұрыс
~Этнопедагогиканың пәнi не?
@ Этнопедагогиканың пәнi - халықтық тәрбие үрдiсi
@ Этнопедагогиканың пәнi – тәрбие үрдiсi
@ Этнопедагогиканың пәнi – тәрбие мен оқыту үрдiсi
@ Этнопедагогиканың пәнi – оқыту үрдiсi
@ Барлық жауаптар дұрыс
~Этнопедагогика ғылымының мiндетiн атаңыз:
@ Жалпы халыққа ұлттық тәрбие беру
@ Адамды тәрбиелеу
@ Адамды тәрбиелеу және оқыту
@ Жеке адамды “Сегiз қырлы , бiр сырлы ” етiп тәрбиелеу
@ Жан-жақты және үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу
~“Қазақ тәлiм-тәрбиесi” оқу құралын жазған кiмдер?
@ Қ.Жарықбаев және С.Қалиев
@ С.Ұзақбаева және З.Әбiлова
@ Ж.Наурызбаев және С.Табылдиев
@ С.Қалиев және Ж.Наурызбаев
@ А.Қалыбекова және С.Ұзақбаева
~Тазалық сақтау әдеттерiне нелер жатады?
@ Адамның өз бойын үнемi таза, күтiп ұстауы
@ Адамның еңбексiз отыра алмауы
@ Адамның адамгершілікті іс-әрекеттері
@ Адамның салауатты өмір салтын ұстануы
@ Барлық жауаптар дұрыс
~Еңбек әдеттерiне нелер жатады?
@ Еңбексiз отыра алмау, еңбек етудегi тиянақтылық
@ Адамның салауатты өмір салтын ұстануы
@ Адамның адамгершілікті іс-әрекеттері
@ Үйдi таза ұстау мәдениетi
@ Барлық жауаптар дұрыс
~Мәдени әдеттерге нелер жатады?
@ Киiм кию, сөйлеу, үйдi таза ұстау мәдениетi, ұқыптылық
@ Еңбексiз отыра алмау, еңбек етудегi тиянақтылық
@ Адамның адамгершілікті іс-әрекеттері
@ Адамның салауатты өмір салтын ұстануы
@ Барлық жауаптар дұрыс
~Әдет-ғұрыптарға мысалдар келтiрiңiз:
@ Түрлi жоралғылар, салтанаттар, ритуалдар
@ Бала тәрбиесiне байланысты әдет-ғұрыптар
@ Түрлi тойлар
@ Халықтық мерекелер
@ Барлық жауаптар дұрыс
~Салт дегенiмiз не?
@ Адамдардың қоғамдағы қарым-қатынастарын реттейтiн ережелер
@ Адамдардың күнделiктi iс –әрекеттерiн қалыптастыратын нормалар
@ Адамдарды тәрбиелеу құралдары
@ Ұлттық сана мен намыс құралы
@ Адамдардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын қағидалар
~Салтқа мысалдар келтiрiңiз:
@ Асар жасау,ерулiк беру, бастаңғы беру, жарапазан айту, көрiмдiк беру, дiни мерекелер, азаматтық мерекелер
@ Дiни және азаматтық мерекелер
@ Тұсау кесу,атқа мiнгiзу,той жасау
@ Бесiкке салу,ерулiк беру,тойға шақыру,сүйiншi беру
@ Барлық жауаптар дұрыс
~Дәстүр дегенiмiз не?
@ Дәстүр -әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердiң барынша жиынтығы
@ Дәстүр - ата-ананы құрметтеу, үлкендi сыйлау, адал болу, әдiлеттiк сезiмдер және т.б.
@ Дәстүр- адамдардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын қағидалар
@ Дәстүр - тарихи жағдайлар туғызған заңдылық
@ Дәстүр - адамдардың күнделiктi iс –әрекеттерiн қалыптастыратын нормалар
~Дәстүрге мысал келтiресiз?
@ Ата-ананы құрметтеу, үлкендi сыйлау, адал болу, әдiлеттiк сезiмдер және т.б.
@ Бала тәрбиесiне байланысты әдет-ғұрыптар
@ Бала тәрбиесiне байланысты салттар
@ Тұрмыстық салттар
@ Көкті баспау, суға түкірмеу, малды теппеу, үйді айналмау және т.б.
~"Қазақ этнопедагогикасының тарихы" атты оқу құралының авторы кiм ?
@ С. Қалиев
@ Қ. Жарықбаев
@ Т. Тәжiбаев
@ А. Сембаев
@ С. Мұқанов
~"Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы" (1-2 кiтаптар) атты оқу құралдарын кiмдер кұрастырған?
@ Қ. Жарықбаев, С. Қалиев
@ М. Ғабдуллин, С. Қалиев
@ А. Сембаев, С. Сейфуллин
@ Т. Тәжiбаев, Қ. Бержанов
@ С. Мұқанов, М. Әуезов
~ Қазақ халық педагогикасы бойынша жарық көрген ғылыми –педагогикалық еңбектердiң авторларын атаңыз:
@ Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, Ж.Наурызбаев, Е.Сағындықов
@ М.Тынышпаев, С.Асфандияров, С.Мұқанов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, X. Арғынбаев
@ Асан-Кайғы, Бұхар-жырау, Қорқыт-ата, Ахмет Жуйнеки, Әл - Фараби, Ж.Баласағұн
@ Н.К. Крупская, К.Д. Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, А.Луначарский
@ Барлық жауаптар дұрыс
~"Қазақ тәлiм-тәрбиесi" оқу құралын кiмдер жазған?
@ Қ. Жарықбаев және С. Қалиев
@ С. Ұзақбаева және 3. Әбiлова
@ Қ. Бержанов және С.Мусин
@ К.Қожахметова және С.Ұзақбаева
@ А. Құнанбаев және Ш. Құдайбердиев
~Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында" атты еңбегi неге ұлттық тәрбие берудiң әдiснамалық негiзi болып саналады?
@ өйткенi, ол еңбекте ұлт, үлттық салт-дәстүр, ұлттық сана ұғымдарына жаңаша түсiнiктемелер берiлген
@ өйткенi, ол еңбекте тарихи даму- қоғам дамуының негiзi деп саналған
@ өйткенi, ұлттық мәдениет -тарихи дамудың басты бағыты деп саналған
@ өйткенi, тарихи құбылыстарға жаңаша мән-мағына берілген
@ барлық жауаптар дұрыс
~Қазақ халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенi жан-жақты зерттеушi кiм?
@ С. Ұзақбаева
@ С.Қалиев
@ Ә. Табылдиев
@ 3. Әбiлова
@ I. Халитова
~Қазақстанның Ресейге қосылуында патша өкiметiнiң керiтартпа-отаршылдық саясатына қарамастан, көптеген прогресшiл жақтары да болды. Әсiресе, бұл өлкенiң рухани дамуына жол ашты және ...
@ Европа мәдениетi мен оның ағартушылық элементтерiнiң енуiне жағдай жасалынды
@ Орыстық – түземдiк мектептер ашылуына жағдай жасалынды
@ Бiлiм мен мәдениеттiң ресейлiк орталықтары кең көлемде ашыла бастады
@ Патша өкiметi орыс емес халықтардың отырықшылануына жағдай жасады
@ Барлық жауаптар дұрыс
~Абайдың көзқарасы бойынша, эстетикалық талғам, идеал, өнердегi дарындылық және шеберлiк, iскерлiк, дәстүрлi қазақтың ән мен күйлерiнiң орындалуы қандай тәрбиенің негiзi болып табылады?
@ Эстетикалық тәрбиенің
@ Адамгершілік тәрбиенің
@ Экологиялық тәрбиенің
@ Отансүйгіштік тәрбиенің
@ Құқықтық тәрбиенің
~Орта азиялық энциклопедист – ғалым, өзiнiң «Ғылымды классификациялау» атты еңбегiнде сол кездегi ғылым жүйелерiне жiктеу жасады. Ол ғылымдарды классификациялауымен де, жаратылыстану пәндерiн оқытудың жолдарын қарастыруымен де, данышпандық ойларымен де Аристотельдiң iзiн басушы болып табылады. Ол кім?
@ Әл - Фараби
@ Ибн – Сина
@ Бируни
@ Хорезми
@ Дулати
~М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты оқулығының маңыздылығы неде ?
@ Ғылыми педагогиканың негiзiн ұлттық тәрбиемен, халықтың мiнез- құлқымен байланыстыра бiлгендiгiнде
@ Алғаш рет ғылыми педагогиканың қазақ тiлiнде жазылуында
@ Ғылыми педагогиканы төрт тәрбие түрінің ерекшеліктерін ескере отырып негіздей білгендігінде
@ Қазақша педагогикалық терминдердің кеңінен қолданылуында
@ Педагогика ғылымын психология ғылымымен байланыстыра отырып, қарастыра білгендігінде
~Ы.Алтынсарин өз мектебiнде оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қандай идеяларға сүйендi?
@ Дүниежүзiлiк педагогика классиктерiнiң гуманистiк идеяларына
@ Тәрбиенiң табиғатпен сәйкестiлiк идеясына
@ Бiрыңғай мектеп идеясына
@ Қоғамдық еңбектi оқытумен байланыстыру идеясына
@ Үздіксіз тәрбие беру идеясына
~М.Жұмабаевтың ұлттық тәрбие туралы идеясы ....... ұқсайды.
@ К.Д.Ушинскиидiң халықтық идеясына
@ Я.А.Коменскиидiң табиғатқа сәйкестiлiк идеясына
@ Я.А.Коменскийдiң жалпы білім беру идеясына
@ А.Дистервегтiң тәрбиенiң мәдени бейнеленуi идеясына
@ Қоғамдық еңбектi оқумен байланыстыру идеясына
~Халықтық педагогика туралы түсiнiктiң әртүрлi болып талдануының себебi неде?
@ өйткені, халықтық педагогика - көпжақты құбылыс
@ өйткені, этнопедагогикада әртүрлi ғылыми мектептердiң бар болуы
@ өйткені, ғылыми методологиясында айырмашылықтардың болуы
@ өйткені, халық педагогикасын барлық ғылымдар қарастырады
@ өйткені, ғалымдардың пікірлері бір-бірімен қарама-қайшылық туындатады
~Қазiргi кезде халық педагогикасын қайта жаңғыртып, оны түсiндiрудiң, пайдалану тәжiрибесiн насихаттаудың қажеті не?
@ Барлық жауабы дұрыс
@ Халықтың өзiндiк санасының өсуi үшiн
@ Ұлттық мәдениеттiң өркендеуi үшiн
@ Ұлттық мектептiң жаңа моделiн жасаудың қажеттiлiгi үшiн
@ Этностар үшiн этномәдениеттiк қажеттiлiгiнiң өсуi үшін
~Халық педагогикасындағы дәстүрлердiң өмiршеңдiгi, механизмiнiң анықтығы және қазiргi қоғамның рухани өмiрi:
@ Этнопедагогиканың функциясы
@ Этнопедагогиканың құралдары
@ Этнопедагогиканың категориялары
@ Этнопедагогиканың принциптерi
@ Этнопедагогиканың объектiсi
~Этнопедагогика мiндеттерiнiң бiрi:
@ Халықтық педагогиканың педагогика ғылымымен байланысын анықтау
@ Әртүрлі халықтардың тәрбиелік дәстүрлерін салыстыру
@ Тәрбиенiң маңызын анықтау
@ Тәрбиенiң мазмұнын анықтау
@ Ұлттық мәдениетке үйрету
~Халықтық педагогикада жалпы адамзаттық нормаларға негiзделген оқыту мен тәрбиенiң ортақ негiзi, ортақ қабылданған ережесi бар екенiн ескере отырып, А.Э.Измайлов неге баса назар аударады?
@ Халық педагогикасының жалпыадамзаттық белгiсiне
@ Халық педагогикасының өмiрмен байланыстылығына
@ Халық педагогикасының өмiршеңдiгiне
@ Халық педагогикасының сабақтастығына
@ Халық педагогикасының табиғилығына
~Этнопедагогиканың жалпы заңдылығы:
@ Ұлттың озық ойлылығы, оның әрқашан интернационалдық рухта болуы
@ Тәрбиенiң әлеуметтiк жағдайға байланыстылығы
@ Тәрбие мен жеке тұлғаның өзiн - өзi тәрбиелеуiнiң өзара байланыстылығы
@ Жеке тұлға бiлiмiнiң, тәрбиесiнiң және дамуының бiрлiгi болуы
@ Тәрбиенiң баланың жас ерекшелiгiне байланыстылығы
~Халықтық тәрбиенiң мақсатын .........болады:
@ Жетiлген адамның тәрбиесiндегi «ақыл», «мейірiмдiлiк», «еңбексүйгiштiк» сияқты данышпандық триада арқылы дамытуға болады
@ Жеке адамның жан-жақты және үйлесімді дамуын қалыптастыру арқылы дамытуға болады
@ Еңбекқорлыққа, бауырмалдыққа,азаматтыққа тәрбиелеу арқылы дамытуға болады
@ Жоғары мәдениеттi жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы дамытуға болады
@ Барлық жауаптар дұрыс
~Халықтың педагогикалық мәдениетiне өзiндiк талдау жасау, олардың ежелгi туыстарының педагогикалық дәстүрлерiне, ескi көршiлерiнiң және жаңа көршiлерiнiң, достарының көзқарасына қатынасын сипаттау .......... болып табылады.
@ Этнопедагогиканың мiндетi
@ Халық педагогикасының мақсаты
@ Этнопедагогиканың категориясы
@ Этнопедагогиканың принципi
@ Этнопедагогиканың құралы
~Этнопедагогиканың қызметi:
@ Халықтың педагогикалық құнды мұраларын насихаттау
@Халықтың салт – дәстүрлерiн, әдет – ғұрыптарын үйрену
@ Фольклордағы тәрбие идеяларын зерттеу
@ Тәрбие әдiстерiн зерттеу
@ Тәрбиенiң халықтық құралдарын зерттеу
~Халық адамның құндылық сапасының белгiсiн, нағыз жетiлген, тәрбиелi адамның бейнесiн...
@ Нағыз жiгiттiң және нағыз қыздың бейнесiнен тапты
@ Жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуында тапты
@ Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мақсаты мен мiндетiнде тапты
@ Ұлттық этика нормаларында тапты
@ Тәртiптiң этникалық стреотипiн қалыптастыруда тапты
~«Сегiз қырлы, бiр сырлы» деген анықтама мынадай мақсатты қалыптастырады:
@ Жетiлген адамды тәрбиелеу
@ Жеке тұлғаны қалыптастыру
@ Жастарды еңбекке тәрбиелеу
@ Өнiмдi еңбектегi iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру
@ Тәртiптiң этникалық стереотиптiн қалыптастыру
~ Халық еңбек еткiсi, еңбекке үйренгiсi келмейтiндерге күле отырып, бұл мiндеттi еңбек тәрбиесiнде қандай әдісті орынды қолдана отырып шештi?
@ Қоғамдық пiкiрдi
@ Сендіруді
@ Жазалауды
@ Бата беруді
@ Барлық жауаптар дұрыс
~«Сала бiлмегенге аула қисық» деген мақал бойынша қандай адам меңзеліп, мысқылданады?
@ Еңбекке икемдiлiгi, дағдысы жоқ адам
@ Сауықшыл, мақтаншақ адам
@ Жауапкершіліксіз, санасыз адам
@ Асығыс іс-әрекет ететін адам
@ Еңбекқор, еңбексүйгіш адам
~«Егер жабыла кiрiссе, киiз қазық та жерге кiредi» деген мақал жастарды неге шақырады?
@ Жұмыла ұйымдасып еңбек етуге
@ Жаттығуға және дағдылануға
@ Сүйіспеншілікке, адамгершілікке
@ Жалқаулыққа, енжарлыққа
@ Қажырлылыққа
~«Оқу - бiр iс, үйрену - екi iс» деген мақал нені бiлдiредi?
@ Оқудың екi жақты сипатын
@ Сапалы оқуды
@ Циклдi оқуды
@ Оқудың оңайлығын
@ Оқудың өмiрмен байланыстылығын
~Атақты жазушы Б.Момышұлы: «Егер кiмде - кiм бесiк жырын естiмей, ертегiлерді тыңдамай, ата – баба дәстүрiн бойына сiңiрмей өссе, ол - рухани мүгедек болып қалады -ау деп қорқамын» дегенде ненi айтқысы келдi?
@ Рухани сабақтастықтың қажет екендiгiн
@ Патриоттық тәрбиенiң қажет екендiгiн
@ Гуманистiк тәрбиенiң қажет екендiгiн
@ Адами қасиеттердi сезiну қажет екендігін
@ Ұжымдық тәрбиенiң қажет екендiгiн
~Ертегiлер қандай мiндеттердi шешуге көмек беретiндей етiп құрастырылған?
@ Ақыл – ой, адамгершiлiк және эстетикалық тәрбие беру мiндеттерін
@ Жан – жақты жетiлген тұлғаны қалыптастыру мiндеттерін
@ Ұлттық тәрбие беру мiндеттерін
@ Жалпыадамзаттық тәрбие беру мiндеттерін
@ Саяси – мәдени тәрбие беру мiндеттерін
~Еңбек процесiнде мынадай моральдық сапалар туындайды:
@ Барлық жауаптар дұрыс
@ Адами қасиеттер
@ Еңбексүйгiштiк
@ Тұрақтылық
@ Қажырлылық
~Барлық халықтардың ауыз әдебиетiнде батырларды былайша сипаттайды:
@ Қайырымы мол және адамдық қасиеттерге бай
@ Еңбексүйгiш және ақылды
@ Әдемi, сұлу, көрікті, нәзік
@ Шыншыл және адал
@ Қатал, тәртіпті сүйетін, жауапты
~ Жұмбақтардың негiзi мақсаты:
@ Баланың ақыл – ойын дамыту
@ Балада салауатты өмір салтын қалыптастыру
@ Баланың эстетикалық талғамын дамыту
@ Баланың адамгершiлiк қасиеттерін қалыптастыру
@ Баланы еңбек дәстүрлеріне баулу
~ Баланың дене сымбатын қалыптастырып, оның ептілігін, шапшаңдығын, күш-қайратын, ақыл-ойын шыңдауға ықпалын тиізетін халық педагогикасының бірден-бір құралы:
@ Ұлттық ойындар
@ Салт-дәстүрлер
@ Халық әндерi, күйлері
@ Сәндік -қолданбалы өнер
@ Жұмбақтар, жаңылтпаштар
~ Еңбек етудiң ақыл – ой тәрбиесiндегi құндылығы сол, ол балалардың табиғат туралы түсiнiгiн кеңейтедi және ...
@ Ойлау iс - әрекетiнде белсендi процесс жүредi
@ Қатар құрбыларымен қарым – қатынаста болады
@ Күнделiктi өмiрдегi қарым – қатынасты үйренедi
@ Әлеуметтік қарым-қатынасқа түседі
@ Барлық жауаптар дұрыс
~Әр халықтың өнегелiк идеялары болады. Олардың бiрi:
@ Этникалық мiнез
@ Темперамент
@ Қонақжайлылық
@ Ұлттық сана
@ Отансүйгіштік
~Халық педагогтары iс-әрекетiнiң критерийлерi педагогтарға ... қызмет етедi
@ Парасатты ақыл-ой мен эмпирикалық тәжiрибенi жинақтауға
@ Балаларды тәрбиелеуге, дамытуға және оқытуға
@ Өз бiлiм деңгейлерiн көтеруге, кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге
@ Балалардың ойын дамытуға
@ Педагогтiк кәсіби шеберлікке
~Халық педагогикасы өзiнiң қалыптасу процесi барысында көптеген маңызды мазмұнынан айырылды, көптеген құндылықтар мыңдаған рет жаңалық ретiнде қайтадан жасалды. Ол неліктен?
@ Жазба әдебиетiнiң болмауы себепті
@ Халық педагогикасының спонтанды сипатына байланысты
@ Табиғилық сипатына байланысты
@ Халықтық тәрбиенiң жүйесiздiгiне байланысты
@ Ғылыми негiзделмеуi себепті
~Ұлы педагогтар Я.А.Коменский мен К.Д.Ушинскийдiң халықтық тәрбиенiң қағидалары туралы айтқан екi ұлы көзқарастары:
@ Табиғилық және халықтық
@ Жүйелiлiк және бiрiздiлiк
@ Жаратылыстық және өзара байланыстылық
@ Патриоттық және интернационалдық
@ Синкретизм және детерминизм
~Сабақта халықтық педагогика туралы түсiнiктi қалыптастыру мен оның педагогикалық iс-тәжiрибеде нәтижеге жетуi үшiн ... қажет
@ Халықтық педагогика тәжiрибесiн жинақтап, білім беру мазмұнына ендiру
@ Тәрбиенiң түрлi әдiстерiн пайдалану арқылы халыққа тарату
@ Тәрбиелей отырып, оқытуды тарату
@ Халықтық идеяларды іс- тәжірибеге ендiру
@ Барлық жауаптар дұрыс
~Оқу – тәрбие процесiндегi халықтық педагогика элементтерiнiң негiзгi бағыттарын меңгертетiндер :
@ Барлық жауаптар дұрыс
@ Оқыту мен тәрбие мазмұнына халық тәжiрибесiнен алынған құралдарды енгiзу
@Халықтық педагогика тәжiрибесiнен алынған оқыту мен тәрбие әдiстерiн кiрiстiру
@ Оқыту және тәрбие формаларына халықтық әдiстердi ендiру
@ Халықтық идеялар мен тәжiрибелердi шығармашылық тұрғыдан пайдалану
~Қазiргi оқу тәрбие процесiне халықтық педагогиканың материалдарын қолдануда қандай мiндеттердi ескеру қажет?
@ Барлық жауаптары дұрыс
@ Балаларды халықтың мәдениетiн жүйелiлiкпен, бiрiздiлiкпен, байланыстылықпен үйрету
@ Озық дәстүрлердiң педагогикалық жаңа жетiстiктерi мен үйлесімділiгiн ескеру
@ Халықтық психология ерекшелiктерiн есепке алу
@ Этникалық тәрбиедегi полоролевойлық айырмашылықтарды есепке алу
~Алғашқы педагогика оқулығында халықтық тәрбиенiң тарихи құбылыс екендiгiн көрсеткен кiм?
А@ Құдайбердiұлы Ж.
Б@Сатпаев К.
@Жұмабаев М
@ Құнанбаев А.
@ Сейфуллин С.
~Ұлттық қолөнердi кәсiби бағдар беруде алғашқы пайдаланған әдiскер
кім?
@ Ы. Алтынсарин
@ С. Көбеев
@ М. Жұмабаев
@ С . Калиев
@ Ш. Уәлиханов
~ Қазақ халқынан шыққан алғашқы этнограф ғалым:
@ Ш. Уәлиханов
@ Ы.Алтынсарин
@ А.Құнанбаев
@ А.Көбесов
@ А.Сембаев
~Халық педагогикасының тарихы әлеуметтiк тәжiрибенiң жемiсi екендiгi туралы еңбек жазған ғалымды атаңыз:
@ Э. Измайлов
@ Ы. Алтынсарин
@ С. Көбеев
@ К. Бержанов
@ Ш. Уәлих
~ «Терме сазындағы айтушылар жастарды халықтық мiнезге тәрбиелегiсi келедi» деген сөздер кiмдікі?
Достарыңызбен бөлісу: |