Қазақ халқы табиғаттың тынысын жүрегімен тани білген биболова Г. С



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі205,44 Kb.
#9423

http://www.enu.kz

 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ТАБИҒАТТЫҢ ТЫНЫСЫН ЖҮРЕГІМЕН ТАНИ БІЛГЕН 



 

Биболова Г. С. 

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылы 

«Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша» КММ 

http://www.enu.kz

 

 

Қазақтардың барша тіршілік болмысы табиғатпен тамырлас. Жыл маусымдарымен 



санаса  отырып,  бойлық  бойынша  тербеліп  кӛшіп  қонуға  бейімделген  кӛшпелі  қазақтың 

материалдық  ӛндіріс  жүйесі  шаруашылықтың  біртұтас  құрылымын  қалыптастырып, 

мұның  ӛзі  бір-бірімен  ӛзара  біте  қайнасқан  әлеуметтік-экономикалық  және  әлеуметтік-

мәдени  жүйені  қалыптастырған.  Мұндай  жүйе  барша  ӛмір  салты,  әлеуметтік  тарихтың 

қарқынын,  материалдық  және  рухани  мәдениеттің  қасиетін,  салт-дәстүрін,  талғам-

танымын реттеп ӛміршең етіп отырады. Ұлттық ӛнегемізбен ӛзіндік дүниетанымымызды 

қалпына келтіріп, қазақ деген халықты асқақ түсінігін ары қарай жалғастырып, әр затқа, 

құбылысқа байланысты ұғымымызды келер ұрпаққа сіңірту жауапты мәселелердің біріне 

айналып отыр.  

Қазақтар  табиғат  құбылыстарына,  қоршаған  ортаға  қарсыласы  ретінде  қарамаған. 

Неғұрлым  табиғат  сырын  терең  тануға,  табиғатпен  бірге  ӛмір  сүруге  бейімделген.  Олар 

табиғатты  бағындыру  арқылы  емес  табиғатпен  тіл  табысу  арқылы  бақытты  ӛмір  сүруге 

болатынын  таным-тәжірибе  деңгейінде  ғана  біліп  қоймай,  мұның  ӛзін  ӛздерінің 

моральдық-эстетикалық  қалыптарына  айналдырған.  Ғасырлар  бойы  қоршаған  орта  мен 

табиғат  құбылыстарының  қасиет-болмысын  қалт  жібермей  бақылау  арқылы  қазақтар 

ӛздерінің білік-тәжірибесін шыңдап отырған. 

Қазақтардың  дәстүрлі  шаруашылығымен  мәдениетінде  кеңістік  пен  уақыт 

санаттары  ерекше  орын  алады.  Олардың  дүниетанымында  бұл  шамалар  ӛмір  сүрудің 

негізгі  кепілі  деп  қарастырылады.  Кӛшпелі  қазақтар  жыл  мезгілдерін  қатаң  айырып,  ӛз 

шаруашылық  әрекетін  соған  байланысты  бағыттаған.  Қазақтардың табиғат  құбылыстары 

жӛніндегі ақпараттылығы ол ӛмір тәжірибесі. Олар ай мен маусымдарға, жұлдыздарға ат 

қоя  білген,  осының  негізінде  ӛзіндік  ұлттық  күнтізбесін  жасаған.  Табиғат 

құбылыстарымен  заңдылықтарын  терең  зерттеген  қазақтардың  халықтық  экологиялық 

қағидалары қалыптасқан. Осындай  тәжірибе біліктері нәтижесінде ауа райын болжаудың 

қазақи  дәстүрлі  болжамдары  туындады.  Олар  ӛздерін  қоршаған  табиғатқа  байланысты. 

Алдымен  табиғаттағы  ӛзгерістерге  аспан  шырақтары  мен  жұлдыздарға  қатысты  болса, 

қалғаны  жануарлар  мінез-құлықтары  және  ӛсімдік  әрекетіне  байланысты  жіктеледі. 

Осылардың  негізінде  әртүрлі  ауа  райы  құбылыстарын  белгілейтін  амалдар  қалыптасты. 

Қоршаған табиғат ортасын бақылап, зерттеп қалыптастырған қазақтардың түсініктерімен 

білік тәжірибелері  ұмытылуда,  сондықтан  оларды  жаңғырту  ӛзекті  мәселе  болып  келеді. 

Мұсылман  дінді  қазақтар  Айды  киелі  деп  табынатын  дәстүр  болған.  Ай  арқылы  қазақ 

жұрты  ауа  райын  алдын  –  ала  болжап  білген.  Ай  шалқайып  туса,  онда  сол  айда  күн 

жайсыз, суық болады, ал Ай еңкіш, еңкейіп туса, онда сол айда күн жылы, жайлы болады 

дейді.  Айдың  үш  жаңасында  ай  толығырақ,  ӛңі  ақ,  екі  ұшы  доғалдау,  тік  кӛтерілсе,  сол 

айда жауын – шашын, жел борасын аз болады деп есептейді. Егер Айдың екі ұшы сүйір, 

ӛңі  ашық,  шалқақ  туса,  онда  сол  ай  жауын  –  шашынды,  желді,  борасынды  болады.  Ай 

туғанда,  бұрынғысынан  үлкендей  кӛрінсе,  сәулесі  қызғылт  болса,  жауын  жауатының 

белгісі. Толған ай ашық туса, күн жылы, жақсы болады. Ай қызыл түспен қорланып, әлгі 

шеңбер  кеңейіп  барып  жоғалса,  келесі  күн  ашық  болады.  Егер  Ай  бұлыңғыр  болса  – 

жаңбырға қарсы, ал ашық түсті Ай ауа райының ашық болатындығын білдіреді. Жұлдыз 

шақшиып тұрса, күн аязды болады.Күзде Шолпан таңертең кӛрінсе, қыс жұмсақ болады. 

Егер 


Шолпан 

күзде 


кешке 

таман 


кӛрінсе, 

қыс 


қатты 

болады  


Тоғыс  есебі. Қазақ  есепшілері  бағзы  заманда  аспан  әлеміндегі  және  жер  бетіндегі  сан 

қилы табиғат құбылыстарын ұзақ жылдар жіті бақылап, зерттеп, Күн, Ай, жұлдыз секілді 



http://www.enu.kz

 

аспан  шырақтарының  бір  –  бірімен  тығыз  байланыстылығын,  олардың  кӛк  жүзіндегі 



қозғалыстары арқылы жыл маусымдрын, ай, тәулік сияқты уақыт ӛлшемдерін анықтаған. 

Осы  қағида  негізінде  нысанаға  Ай  мен  белгілі  бір  жұлдыздың  «кездесуі»  алынып, 

халықтың  күн  қайыру  жүйесі  жасалған.Сан  ғасырлар  бойы  халқымыз  табиғат  аясында 

тіршілік  етіп,  тұрмыс  құра  жүріп,  оның  сан  алуан  құпия  сырларына  кӛңіл  бӛлді.  Қазақ 

халқының  дүниетанымы  оны  қоршаған  ортаға  –  кең  далалық  кеңістікке,  географиялық 

жағдайға, баққан малға оның шаруашылығына байланысты қалыптасты. Қазақтың табиғат 

және  оның  алуан  түрлі  құбылыстары  дүниетанымдық  кӛзқарасы  -  біздің  ұлттық  рухани 

сезімімізді,  адамгершілік  қасиетімен  мінез  –  құлығымызды  қалыптастырады  және 

табиғатқа  деген  сүйіспеншілігімізді  оятады.  Халқымыздың  шығуы  тарихи  жағынан 

тереңге  кетіп  бүгінгі  күнге  дейін  жеткен  ежелгі  жәдігерлерінің  қай  қайсының  да  пайда 

болуы  мен  пайдалануында  белгілі  бір  ғылыми  негіз  бар.  Ол  кӛбінесе  халқымыздың 

тұрмыс  тіршілігі  мен  оның  кәсібінде,  салт  –  сана  дәстүріне  байланысты  кӛрініс  тауып 

отырады.  Қазақтардың  табиғат  құбылыстары  туралы  дүниетанымдық  мол  мұрасының 

маңызы ерекше, халық қазынасын жан – жақты пайдалану қажет екендігін бүгінгі күннің 

ӛзі  талап  етуде.  Табиғат  құбылыстарының  қайталанып  келіп  отыруын  мұқият  бақылау 

қазақ халқының шаруашылық ӛмірі үшін орасан зор тіршілік тұрмыстық маңызы болды. 

Халқымыз жыл мезгілдері мен әр жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарын кӛбінесе аспан 

денелерімен  жан  –  жануарлар  әрекетіне  қарап  болжаған.  Олар  аспан  әлеміндегі  негізгі 

планеталарды жақсы айыра білген. Қазақтар түнгі аспан шырақтарына қойған аттарын да 

ӛздерінің шаруашылық ӛмірінен алғанын. Халқымыз табиғаттың сан алуан құбылыстары 

мен жабайы жан -  жануарлар арасындағы табиғи байланыстың құпия сырларын бақылай 

отырып,  ӛзіндік  тұжырым,  қорытындылар  жасағанын,  әлі  оларға  ерекше  мән  бергенін 

кӛреміз. Ӛзін табиғатпен тұтастықта, табиғаттың бір бӛлшегімін деп тану, халқымыздың 

табиғат  құбылыстары  туралы  дүниетанымымен  ұласып,  атадан  балаға  ұрпақтан  ұрпаққа 

асыл мұра ретінде ӛз жалғасын табуы керек.    Қазақ халқының асыл мұраларының бірі - 

табиғатқа  деген  аса  бір  сүйіспеншілігі  мен  асқан  адамгершілік  қасиеті  болады.  Қазіргі 

таңда  табиғаттағы  ӛзгерістерді  анықтау  мақсатында  ӛзім  сабақ  беретін  3  «А»  сынып 

оқушылары Мусина Аружан мен Тлеубергеова Дильназ «Құстар ауа райын болжай ма?» 

тақырыбында  зерттеу  жұмысын  жүргізіп  жатыр.    Осы  жұмыс  арқылы  қазақ  халқы 

табиғаттың тынысын жүрегімен тани білгендігіне дәлелдер тауып отырмыз. 

 Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сӛз, туған жер, ӛскен ел, атамекен, аяулы 

ӛлке,  ауылым  деген  тұла  бойыңа  нәр  беріп,  жүрегіңді  шымырлататын  аса  қымбат 

сӛздермен  тепе  -  тең.  Халық  табиғаттағы  ӛздері  қастерлеген  жерлерді  «Әулие 

бұлақ»,«Әулие  ағаш»  деп  кӛздің  қарашығындай  сақтаған.  Қарлығаш,  аққу,  ұлар  сияқты 

құстарды  жақсылықтың  жаршысы,  бақыттың  бастамасы,  игіліктің  иесі  деп 

қастерлеген. Адамның  табиғатқа  тұтынушылығына  кӛзқарасы,  оған  сарқылмас  байлық 

деп  қарауы  табиғи  тепе-теңдіктің  бұзылуына  жол  берді.  Мұның  келеңсіз  әсері  күшейіп, 

адамзат  экологиялық  мәселерді  шешуді  белсенді  түрде  қолға  алды.  Жер  бетін  қамтыған 

экологиялық  дағдырыстар  мен  экологиялық  аппатар  және  оған  туындалған  экологиялық 

зардаптарға байланысты экология ғылымының қажеттілігі аңық айқындалды.  

Сонымен бүгінгі күні экология ғылымы – тірі ағзалардың бір – бірімен байланысын 

және  олардың  қоршаған  ортамен  қарым  –  қатынасын,  тепе  –  тендік  заңдылықтарын 

зерттейді.  Экология  –  бүкіл  адамзат  баласының  шалыс  басқан  әрбір  іс  –  әрекетіне 

келешекте  шек  қоятын,  оның  тыныс  –  тірішілігіне  тікелей  ат  салысатын  ғылымның 

саласы.  Ол  қоршаған  ортаны  кесапат  жағдайлардан,  кейбір  кӛлденең  оқиғалардан 

сақтауға,табиғат  пен  арадағы  тепе–  теңдікті  қалпына  келтіруге  бағытылған  маңызды 

мемлекеттік  және  әлеуметтік  шара. ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХІ  ғасырдың  басталған 

шағында  адамзат  қоғамының  даму  мәселесі  адам  мен  табиғаттағы  қарым  -  қатынастың 

дұрыс  жүргізілмеуінің  арқасында  мүлдем  шиеленісіп  кетті.Осы  жағдайды  саналы 

азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әрбір азаматтың  ӛмір сүру барысында табиғат 

пен  табиғат  қорларын  пайдалану  үрдісінде  оны  таза,  мол  қазыналы  кӛркем  қалпында 


http://www.enu.kz

 

мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің 



қажеттігін  Президентіміз  Н.Ә.Назарбаев  ӛзінің  «Қазақстан  2030»  бүкіл  халыққа 

Жолдауында 

бірнеше 

рет 


айтып 

ӛтті.  


Адам  баласы    тіршілік  ету    үшін  ӛзіне  керекті  заттарды  табиғаттан  алады.  Сондықтан 

табиғат  байлығын  аялап,  қоршаған  ортаны  ластанудан,  бүлінуден    қорғау    келешек 

ұрпаққа  оларды  табиғи    қалпынан  бұзбай  жеткізу  үлкен  мәселе.  Адамдардың 

денсаулығына  әсерін тигізетін қоршаған ортаның ауа мен суы, топырағы мен ӛсімдіктері  

таза болғаны жӛн. Жер  тұрғындарының  шаруашылық қызметі қазіргі  кезде биосфераны  

ластаушылардың  басты  себепкері  болып  табылады.  Қазіргі  ӛркениет    табиғаттағы  тепе- 

тендікті  бұзып,  қоршаған  ортаны  залалын  тигізіп  отырғаны  жасырын  емес.  Себебі    күн 

сайын, сағат сайын ӛнеркәсіптің газ  тәріздес, сұйық  және қатты  қалдықтары биосфераға  

түсіп отырады. Ол  қалдықтардан ауаға, суға және топыраққа  химиялық заттар  бӛлініп, 

олар  адам  денсаулығына    залал    тигізеді.  Экологиялық  зардап  бүгінде  адам  ӛлімінің    20 

пайызына себеп, болып отыр. Ал  кейбір жерлерде  жағдай  мұнан да қиын. Қазіргі кезде  

бүкіл  жер   шарында  адамның    араласуынан   шет  қалған,  ластанушы  заттардың  түспеген  

бірде-  бір  жер  жоқ.  Адам    организімі  ластаушы    заттарды    қабылдағанкезде  белгілі  бір 

мӛлшерге, немесе  деңгейге дейін ғана тӛзе  алады. Ал егер зиянды заттар ол мӛлшерден 

асып түссе, адам организімі оған тӛтеп бере алмай, денсаулығы бұзылып, ауруға  душар 

болады. 


Қоршаған ортамен,  табиғатпен адам ӛмірі тығыз  байланысты. Егер онда  кейбір 

құбылыстар  мен  ӛзгерістер  болып    ластанудан  табиғатқа  зиян  келсе,  адамзат    та  одан 

зардап  шегеді,    одан    айналып  ӛте  алмайды.  Ӛзімізді    қоршаған  сыртқы  орта    (ауа,су, 

топырақ)  адам  ӛміріне  зор  ықпал    жасайды.  Сондықтан  қоршаған    ортаны    қорғау 

еліміздің аса  маңызды міндеттері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында 

кӛзделген. Ӛзімізді қоршаған табиғатты, яғни биосфераны бүлдірмей таза сақтау,  қолдан 

келсе  оны    жақсартуға    тазартуға    үлес  қосу  әрбір  сапалы  азаматтың  негізгі  ӛмірлік  

парыздарының  бірі  болып    қала    бермек.  ―Табиғат  –  біздің  туған    бесігіміз‖  деп  бекер 

айтылмаған.  Қоршаған  ортаны,  жер  бетіндегі  сұлу  табиғатты  сақтап,  оны    бұзбай  сулар 

мен топырақты, атмосфералық ауаны  таза күйінде болашақ ұрпағымызға қалдыру – бізге  

үлкен  міндет.  Сондықтан  табиғатты  жанымыздай    сүйіп,  ӛзімізді  қоршаған  ортаны 

кӛзіміздің    қарашығындай  сақтауымыз  керек.  Табиғатқа    жанашыр  болу-адамзат 

қоғамына, оның келешегіне  жанашырлық жасау  болып табылады. 

Қоршаған ортаның ластануының салдарынан пайда болатын аурулар. 

Қоршаған  ортаның  радиоактивтік  және  таксикологиялық  улануы  жағынан  жер 

бетінің  ешбір  халқы  да,  табиғи  жүйесі  де  дәл  Қазақстан  халқындай  және  табиғатындай 

зардап шеге қоймаған шығар, сірә? 

Бұлай деуіміздің себебі – атомдық және химиялық ӛндірістердің, ядролық сынақтар 

мен  басқа  қарулардың  ісерінен  елімізде  кӛптеген  аймақтар  күрделі  экологиялық 

дағдарысқа ұшырады. Республикамыздың Арал ӛңірі, Шығыс Қазақстан, Семей полигоны 

және Батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсойған аймақ апаттар болып табылады. 

1949-1989  жылдарда  Семей  сынақ  полигонында  470  ядролық  жарылыс  болды, 

оның 26  – жер үстінде, 90  – ауада, 354  – жер астында жасалды.  Осылардың салдарынан 

тұрғындардың  денсаулығы,  жануарлар  мен  ӛсімдіктер  әлемінің  табиғи  тепе-теңдігі 

бұзылды.  Ал  іс  жүзінде  қоршаған  ортаның  радиоактивтік,  химиялық  заттармен 

ластануының әсерінен адам тәнінде тектік және хромосомдық ӛзгерістердің пайда болуы, 

сонымен  бірге  ӛсімдіктер  мен  жануарлардың  құри  бастауы  адамзатқа  тӛнген  қауіптің 

қаншалықты  зор  екендігінің  айқын  айғағы.  Осындай  генетикалық  ӛзгергіштіктердің 

салдарынан мысалы, ұрықтанған жұмыртқа жасушаларының  50%-і ӛледі, немесе олардан 

пайда  болған  организмдер  артына  ұрпақ  қалдыра  алмайды.  Гентикалық  зардаптар  дене 

мүшелеріндегі  әртүрлі  ӛзгерістер  және  психологиялық  кеселдер  түрінде  пайда  болады. 

Осындай зардапқа душар болған  балалардың балалардың  – 10 пайызы, яғни әрбір  1 млн 

баланың – 100 мыңы кеміс болып туылады екен. 


http://www.enu.kz

 

Қазақстанның  зардапты  экологиялық  проблемалары  кӛрші  мемлекеттерің  де 



наразылығын  тудыруы  әбден  мүмкін.  Сондықтан  мемлекеттік  деңгейдегі  стратегиялық 

маңызды шарттардың бірі  – халықтың экологиялық  тұрғыдан қауіпсіздігін нақты жүзеге 

асыру – бүгінгі күннің ең басты да ең негізігі талабы...                                                

Табиғат—құдірет.Жаратылыстың    талабы  қатаң.Ол  адамға  да,тірі    мақұлыққа  

бірдей.Құссың ба ? Демек,қанатың барда- самға  Тағысың ба?Тұмсығың барда-бауырыңды 

жазып  кӛсіл!    Сол      секілді    қанатты  ойыңды  қиял  қонақтай  алмас    мұзарттарға    ұшыр! 

Ӛйткені,сенің  атың-Адам! 

Табиғат  пен  тазалық  бір  ұғым.  Түптің  түбінде    адамзаттың  ӛз  қоқысына  ӛзі 

тұншығып,опат  болатыны  пешенеден  белгілі.Қоршаған    ортаның    ластануы  адам  

денсаулығы  үшін    ӛте    қауіпті.Алайда,осыны    біле  тұра  кейбір  адамдар  табиғатты 

ластайды,күл-қоқыс  тастайды,ағаш    кеседі,басқа  да    теріс  әрекеттер  істейді.Мұның  бәрі 

айналып    келгенде,ӛзімізге  жасалынған    қастандық.Сондықтан,туған    табиғатты 

сүйіп,аялап, қастерлеп жүру-біздің  парызымыз. 

Табиғат-Анамызға  деген  қамқорлық  арта  берсе,Отанымыздың    табиғатын    аялай 

білсек,бұл –Отанды қорғау болып  шықпай ма? 

Ағаш –ӛмір сәні. Бүгінімізді емес,ертеңімізді де  ойлайық! 

Табиғат,  Жер-Ана,  Отан,  Туған  жер,  Атамекен  деген  құлаққа  жылы    естіліп, 

жүрекке        шаттық        сезімін    ұялататын  ұлы    да  қасиетті,бір-бірімен  мағыналас, 

мазмұнды,бай  сӛздер. Адамның ӛзі табиғат  пен Жер-Ананың перзенті.Табиғатты  қорғау-

Отанды  қорғау,табиғат  пен  Жер-Ананы  сүйе    білу,оны    аялау-адамның    азаматтық  

борышы. 

 Жер-Ана!  Ана-деуіміз,біз  оның  аялы  құшағын  мекен  етеміз.  Жер  бізді      асырап  

отыр. 

Қазір  әкелеріміздің  ауызынан  «жер  азып  барады»-деген  сӛзді  жиі  еститін 



болдық.Бізді асырап отырған  Анамыз азбауы керек! 

Жер-Анамыз! Ендеше,оны қастерлеу-барлығымыздың міндетті борышымыз! 

Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі,құтты қонысы мен 

ӛсіп-ӛнер мекені. Сондықтан,табиғатты қорғау-әрбір адамзаттың борышы. 

Табиғатты  қорғау-Отанды  қорғаумен  бірдей,сол  үшін  Отанымызды  қалай 

қорғасақ,табиғатты да солай қорғау керек 

Табиғатты аялайық достарым! 

Бұл жӛнінде ҚР Ата Заңының 6-бабының тармағында Жер және оның қойнауы,су 

кӛздері,жануарлар дүниесі,ӛсімдіктер,басқа да    ресурстар мемлекет меншігінде болады. 

Бірақ оны күтіп, баптау әр азаматтың міндетті борышы  делінген. 

Сондықтан    айналамыздағы  табиғат  -  Ананы  қорғау,  күтіп,  баптау  арқылы 

экологиялық апаттан құтылатынымызды естен шығармауымыз керек. 

Сӛзімді мына бір ӛлең шумағымен аяқтағым келіп отыр: 

О, табиғат тіршілікке бесік болған мекенім, 

Құшағынан нәр  алып, мұратыма жетемін. 

Алақанмен аялаймын ұл-қызымдай үйдегі, 

Азаматтық борышым -қорғаушың боп ӛтемін. 

 

Әдебиет  

1.

 

Экология  және  табиғатты  тиімді  пайдалану.  Ә.  Бейсенова,  А.  Самақова,  Т.  Есболов,               



Ж. Шілдебаев. 

2.

 



Экология негіздері.Ғ. Сағымбаев.  

3.

 



Экология, Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева. Денсаулық журналы. 

4.

 



Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева г.З. Экология, Алматы, ―Ғылым‖,  2001 - 

236 бет. 

5.

 

Баешов  Ә.,  Айтбаев  Н.,    Қышқыл  жаңбырлар  және  олардың    ортаға    әсері.  Химия 



мектепте -2003.-3-9-14 бет. 

http://www.enu.kz

 

6.



 

Банников А.И. др. Основы экологии  и охраны  окружающей  среды М., Колос, 1996. 

7.

 

Коробков В.М., Предельский Л.В. Экология. ―ростов на Дону‖ 2001 



8.

 

Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы. 1995.  



9.

 

Экзарьян В.Н.  Геоэкология и охрана  окружающей  среды М., 1997.  



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет