Қазақ халқының мәдени мұрасындағы рухани құндылықтар жүйесінің



Pdf көрінісі
Дата16.12.2023
өлшемі94,1 Kb.
#140132


Халықаралық туризм және меймандостық университеті 
БӨЖ 
Қазақ халқының мәдени мұрасындағы рухани құндылықтар жүйесінің
сипаттамасы 
Орындаған:Рүстем Дариға 
Әбілқазы Аяжан 
Топ:ЭҚЖТҰ 22-01 
Қабылдаған:Абубакирова Ақтолқын 


Кіріспе 
Негізгі бөлім 
1.Қазақ халқының мәдени мұрасы 
2.Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы 
3.Еліміздегі ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралар тiзiмi 
Қорытынды 


Кіріспе 
Бүгінде ұлттық құндылықтар дегенде ана тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз, 
әдеби, мәдени бай мұраларымыз – бабадан мирас болып қалған көне 
жәдігерлеріміз еске түседі. Аталған асыл мұраларымызды ұрпақтан ұрпаққа 
жеткізу – өз ұлтын ұлықтаған әрбір азаматтың қасиетті борышы десем, 
қателеспеймін. 
Ұлттық құндылықтар, яғни ана тілі­міз, әдеби, мәдени мұраларымыз – ата-
бабамыздан мирас болып қал­ған қасиетті жәдігерлеріміз. Асыл мұраларды 
ұрпақтан-ұрпаққа жет­кізу – өз ұлтын ұлықтаған әр­бір азамат­тың қасиетті 
борышы. 
Негізгі бөлім 
Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық 
дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан 
келгенше қаматамасыз етілумен, тарих пен мәдениеттің жаңа 
ескерткіштерінің ашылуымен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді 
тұмшалаумен, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың жандануымен, 
олардың негізінде "Біздің бай тарихымыздың материалдық емес мұрасы 
терең рухани мағынаға ие және ол ұлттың мәдени құндылықтарының негізі 
саналады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Мемлекет басшысы 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мәдени ескерткіштерді сақтауға ғана емес, 
сонымен қатар ел аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрі мен әдет-
ғұрпының қайта жаңғыруына үлкен көңіл бөліп келеді. 2003 жылы 
Президенттің тапсырмасымен "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы 
қабылданды. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып 
осындай ауқымды жобаны жүзеге асырды", - деді ҚР Премьер-Министрінің 
орынбасары Иманғали Тасмағамбетов. 
Бағдарлама орындалған 8 жылдың ішінде 78 тарихи және мәдени 
ескерткіштер қайта қалпына келтіріліп, орта ғасырлардағы күй, тарихи 
әуендер сияқты қазақ музыкасы терең зерттелді. "Мәңгілік сарын: қазақтың 
1000 күйі, 1000 әні" қазақ дәстүрлі әндерінің антологиясы шықты. Қазіргі 
уақытта еліміздің материалдық емес мәдени мұрасын сақтауға және 
дамытуға бағытталған "Рухани мұра" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу 
мәселесі қарастырылуда. 


Қазақстанда қазіргі уақытта тарих, археология, сәулет және мүсін өнерінің 
жылжымайтын ескерткіштері 25 мыңнан астам, 11 мың кітапхана, 147 
мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық мұражай, 215 мұрағат бар деп 
есептеледі.Тарихи және этнографиялық бейнедегі мемлекеттік 
мұражайлардың, Қазақстан тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналған 
мемориалдарды тармақталған желісі жасалды. 
Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралар тiзiмiне елiмiздiң үш тарихи 
ескерткiшi енгiзiлген болатын. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесi, 
Тамғалы петроглиф археологиялық тас кешенi, Сарыарқа және Солтүстiк 
Қазақстан көлдерi мен жазықтары,Жібек жолы бойындағы көне 
қалалар,Батыс Тянь-Шань, Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Биыл 
олардың қатарын елiмiздiң тағы да 8 тарихи нысаны толықтырып отыр. 
Елiмiздегi осындай жәдiгерлердiң әлемдiк мәдени құндылықтар қатарында 
дүниежүзiлiк мұралар тiзiмiне енуi тұтас халқымыздың арман-тiлегi мен 
риясыз пейiлiнiң көрсеткiшi деп бiлемiн», - деген болатын. 
Қазақстанның ұлттық тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи, 
археологиялық және сәулет обектілері шұғыл көмекке мұқтаж 
нысандарымыз да бар. Атап айтар болса,Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанбаб 
кесенесі, Қызылорда облысындағы Асан-Ата және Айқожа кесенелері, 
Алматы облысындағы Жаркент мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысының 
Тұрбат ауылындағы тарихи-сәулет және археология ескерткіштері, 
Маңғыстау қорығы және “Ордабасы” қорығы және т.б. секілді тарих пен 
мәдениеттің қайталанбас ескерткіштері бар.Олардың көпшілігі осы уақытқа 
дейін урбандалу, индустриялану және технократизациялану салдарынан 
болатын бұзылып-бөлінуден қорғалмаған.Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, 
рухани мәдениетінің ескерткіштерін, соның ішінде ежелгі түркі жазу 
ескерткіштерін зерделеу, пайдалану, қазіргі авторлардың 
шығармашылығындағы дәстүрлі мифологемалар мен бейнелердің өзгеру 
жүйесімен әдістерін дамыту жеткіліксіз. 
Өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазақ тілі оқырман үшін 
философия, тарих, заңгерлік және басқа салалардағы әлемдік ғылым ой-
сананың негізі қаланған еңбектерді, сондай-ақ көркем әдебиетті басып 
шығару іс жүзінде тоқтап қалды.Осымен байланысты өскелең ұрпақты 
қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны 
жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ; халқының сан 
ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, 
көркем ғылыми толық дестелерді шығарудың мәселелері ерекше өзекті 


болып отыр.Қағаздан, желімнен, теріден, қатырма қағаздардан және т.б. 
органикалық материалдардан жасалған жазба мұраның, құжаттардың табиғи 
сарғайып- ескіруі орын алуда. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік 
консерваториясының қорында, елдің мұрағаттары мен қоймаларында 
сақталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы-музыканттардың 
фоножазбаларының табиғи жай-күйіне де айрықша назар аудару керек. 
Өткеннің көрнекті ғалым ойшылдарының мұрасын зерделеу, сондай-ақ қазақ 
халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар сирек кездесетін 
басылымдардың қолжазбаларын, кітаптарды және мұрағат құжаттарын табу 
мен сатып алу үшін алыс және жақын шетелдердің мұрағаттары мен 
кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары 
ұйымдастырылады.Ұлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар тарихи-мәдени, 
сәулет және археология ескерткіштеріне, соның ішінде қорық-мұражайлар 
өңірлеріне оларды сақтау мен мұражайға айналдыру мақсатында қолданбалы 
ғылыми зерттеулер жүргізу де көзделеді.Құжаттық мұраның бірегей 
үлгілерін сақтау, сондай-ақ оларға еркін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз 
ету мақсатында өткеннің көрнекті ғалымдарының, ойшылдарының, оның 
ішінде: әл-Фарабидің, Ж.Баласағүнидың, М.Қашғаридың, С.Бақырғанидың, 
А.Йүгінекидің, М.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, З.Бабырдың және 
басқалардың мұрасын зерделеуді жалғастыру қажет. 
Мәдени мұраны сақтаудың маңызы үшін өткеннің құндылықтары мен 
мағыналары әр жаңа ұрпақ өмір сүріп, мәдени дамуы үшін сақталуы және 
үнемі таратылуы керек. Бүгінгі таңда мәдени мұраны сақтап қана қоймай, 
қалпына келтіру қажет. Бұл дәстүрлі халық шығармашылығының толықтай 
жоғалған немесе жартылай ұмытылған түрлеріне қатысты. Мұндай проблема 
әлеуметтік-мәдени саясат жаңашылдық пен инновацияға бағытталған 
елдерде байқалады. Мұның жарқын мысалы-әр мәдени дәуір өткеннің 
мәдени жетістіктеріне негізделген батыс мәдениеті. Шығыс мәдениеті бар 
елдер бұған аз бейім, өйткені шығыста дәстүрлерге ерекше көңіл бөлінеді. 
Мәдени дәстүрлер-бұл қоғам өмір сүріп, дами алатын негіз болды. Ұрпақтан-
ұрпаққа үздіксіз ауысатын және ұзақ уақыт сақталатын мәдени мұра ұлт 
мәдениетінің негізін, оның ерекшелігі мен бірегейлігін құрайды. Бірақ 
мәдени құндылық,мұра-бұл белгілі бір ұлттық қазына ғана емес. Мәдени 
мұраның маңызы әлдеқайда кең және жалпы адамзаттық жад, ұрпақтар 
жинаған және реттелген тәжірибе қоймасы ретінде қарастырылады. 


 Қорытындылай кетсек,Ұлы даланың ұлттық құндылықтары қазақ 
мәдениетінің негізгі қайнар көзі.Қазақстан өзінің түрлі салалардағы 
жетістіктерін тек өз шеңберінде сақтап қана қалмай, оны дүние жүзіне паш 
етуі де қажет. Ал оның бірден бір жолы ЮНЕСКО секілді беделді ұйыммен 
ынтымақтастықты арттыра отырып, туризм интеграциясын дамытуда 
жатыр.Мәдени мұра- мәңгілік ел құндылығы! 


Пайданланылған әдебиет 
1.
https://kaz.inform.kz/amp/kazakstan-yunesko-kundylyktary-men-zhana-izgilik-
ideyasyn-alga-zhylzhytuda-kush-zhigerin-ayamaydy_a2680366/
 
2.https://egemen.kz/article/102025-manhgilik-eldinh-madeni-qundylyghy 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет