Қазақ халқының музыкалық және ән өнері халық арасында ең кең таралған және танымал болғандықтан, Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап большевиктер партиясының назарына айналды. 1919 жылы Верный қаласында Жетісу облысы ақындарының слеті өткізілді. Азаматтық соғыстан кейін бірден халықтың шығармашылық мұрасын жинау және жүйелеу жұмыстары басталды. 1921 жылы негізгі саяси-ағарту комитеті құрылды, оның музыкалық бөлімі халық музыкасын жазды, музыкалық топтар ұйымдастырды және т. б.
1925 жылы белгілі ғалым-этнограф және музыкант А. Затаевич "қазақ халқының 1000 әні" атты еңбегін - қазақтардың музыкалық шығармаларын жинау және жүйелеу жөніндегі Көп жылғы жұмыстың жемісі болып жариялады. 1931 жылы "500 қазақ әндері мен күйлері"жарық көрді. Халық музыкасы мен ән өнерін дәріптеу мақсатында ірі қалаларда қазақ орындаушыларының концерттері өткізіле бастады. 1925 жылы Парижде Кеңес әртістері делегациясының құрамында А. Қошаубаев сөз сөйлеп, француз баспасөзінің ынта-.ыласын тудырды. Ақындар мен музыканттар ж. Жабаев, қ. Дзербаев, и. Байзақов, Т. Әміренов, Н. Байғанин, О. Шипин.
30-шы жылдардың басынан бастап Қазақстанда музыкалық-драмалық өнер қарқынды дами бастады. 1933 жылы ВКП (б) Қазкрайкомының Қаулысы негізінде Мәскеуде, Ленинградта және Алматыда қазақ театр және Музыка студияларын ұйымдастыру басталды. 1934 жылы 13 қаңтарда қазақ драма театрының жанындағы музыкалық студия базасында Қазақ мемлекеттік музыкалық театры ашылды, оның алғашқы қойылымдары М.Әуезовтің "Айман-Шолпан" және Б. Майлиннің "Шұға" болды. Ірі оқиғалар Е.Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Ер Тарғын" және "Жалбыр"опералары болды. Музыкалық театр әртістері Қ. Байсейітова, қ. Жандарбеков, биші Ш. Жиенқұлова танымал болды.
Қазақ музыка өнерінің осы тарихи кезеңінде елеулі үлес қосқан ұлт қайраткері Ахмет Қуанұлы Жұбанов болатын. Ол қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі (1944 ж.), өнертану ғылымының докторы (1943 ж.), профессор (1948 ж.), академик.
1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.
1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі.
1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады.
1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы «Музыка әліппесі» атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.
1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.
Дәстүрлі драмалық жанрлар да дамуда. 20-шы жылдардың ортасына дейін Қазақстанда тек әуесқой театр труппалары болды, олардың ішіндегі ең танымалдары Семей және Орынбор қазақ халықтық білім беру институтының театры болды. Соңғысының негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылорда қаласында М.Әуезов, ж. Шанин, с. Қожамқұлов, қ. Қуанышбаев, қ. Жандарбеков, 3. Атабаева және басқа да талантты драматургтер, режиссерлер мен әртістер.
Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е.Брусиловскийдің Қыз Жібек , Ер-Тарғын , Е.Рахмадиевтің Алпамыс опералары, Ғ.Жұбанованың Еңлік Кебек , Е.Брусиловскийдің Қозы Көрпеш Баян сұлу балеттері, Қыз Жібек көркем фильмі, Қыз Жібек , Еңлік Кебек спектакльдері, Б.Аманжолдың Еңлік Кебек фортепианолық циклы, Ж.Жексембекованың Қыз Жібекке симфониялық алым (дань) және тағы да басқалары. Аталған шығармаларда негізін құраған эпостың өзі әртүрлі қамтылған. Себебі, әр жанр шамалы өзгерістер енгізсе де өз жанрлық заңдылықтарын сақтап қалады. Және мұндай қойылымдарда шығарманың авторы эпостың мазмұнын толық пайдаланбай, тек басты проблеманы, нақты ситуацияны алады. Кейде тіпті эпоста аса мән берілмейтін психологиялық сәттер опера, балет және спектакльдерде күрделендіріліп, басқа қырларынан танылады. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ежелден келе жатқанын және оның күміс көмей, жезтаңдай әнші, бармағы майысқан күйші болғанын тарихшыларымыз орынды сөз еткен. Өнердің халыққа кең тараған түрінің бірі ән мен аспаптық музыканың өткен заманда қай бағытта дамығанына шолу жасау, бүгінгі өмір жастарымызға рухани тәрбие беруде зор мәні бар екенін білеміз.
Қазақ музыка мәдениетінің қайраткерлері классикалық , халықтың мәдени мұралардың барлығын игере, халық шығармашылығының сарқылмас қазынасын түгел пайдалана отырып, өз шығармаларында көркем өнердегі шынайы, өмірлік мазмұнды жырлайды.
Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту, шығармашылық өнерімен ХІХ-ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қазақ халқының арасынан шыққан өнер тарландарымыз тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар ақын күйшілеріміз аз емес. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т.б. көптеген ұлы күйшілерімізді айта аламыз. Қазақ халқының ән-музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан әнші композиторларымыз Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре Қашаубаев сияқты ұлы әншілерімізді мақтан етіп айта аламыз.
Қазақ музыка өнеріне мол үлес қосқан ұлы тұлғалар.
Қашаубаев Әміре (1886-1934)
Әміре Қашаубаев – қазақтың атақты әншісі. Туған жері – Шығыс Қазақстан
облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабы. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Кедей шаруа жанұясында туып өскен.
Жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі.
1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қали Байжановпен бірге бас жүлдеге ие болады. Мұнан кейін әншілік даңқы алысқа жайылып, 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертте екінші орын алып, күміс жүлдені иемденеді. Кейіннен Москвада, Германия қалаларында қойылған концерттерге қатысып, ерекше көзге түседі, қазақтың өресі биік әншілік өнеріне әлем тыңдаушыларының көзін жеткізеді. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. 1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаевтың әндері дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс т.б. тарапынан жоғары баға алған. А.В.Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан Балқадиша , Дударай , Бес қарагер тағы да басқа әндерін жазып алған. Оның әншілік өнерін, өнердің парқын терең түсінетін мамандар А.В.Луначарский, Г.Любимовтер және қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері М.Әуезов, С.Сейфуллин, И.Байзақов, Ә.Марғұлан, Ж.Елебеков, А.Жұбанов, Қ.Жандарбековтер жоғары бағалаған. Әміре орындаған қазақтың классикалық әндері ол айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарында жалғасын тапты.
Әміре Қашаубаев 1926 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр труппасына қабылданды. М.Әуезовтің Еңлік-Кебек трагедиясы алғаш қойылған кезде Жапал ролін ойнады. Кейін М.Әуезовтің Қаракөз , Бәйбіше-тоқал , Айман-Шолпан спектакльдерінде Қоскелді, Қойшы, Жарас, Ақын образдарын сомдаған. Өмірінің соңына дейін театрда әнші-әртісі болған. 1934 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ опера және балет театрына ауысты.
Күләш Байсейітова 1912 – жылы Верный қаласында ( қазіргі Алматы) дүниеге келді. 1928 – жылы Қазақ драма театры Қызылордадан жаңа астана – Алматыға көшеді. Күләш 1929-жылдан осы театрда жұмыс істей бастайды. Ол уақытта театрда өтетін кештердің бірінші бөлімі шағын пьесалардан құралатын, екінші бөлімінде театр артистерінің қатысуымен әнші, биші, домбырашылардың концерті қойылатын. Күләш спектакльдерде де, концерттерде де өнер көрсетті. Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр дауыспен айтатын. Кешікпей-ақ Күләштің шын табиғи дауысы – жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды. Д.Дианти, З. Писаренко сынды кәсіби вокалистер Күләштің даусын қоюмен жұмыс жасады. Б. Майлинның пьесасы бойынша қойылған “Шұға” спектаклінен бастап Күләш жіңішке дауыспен ән салды. Ол саналы түрде халық мәнеріне жақын ашық дауысты сақтады. Ғажайып талантымен орыстың дәстүрлі әншілік мектебі мен қазақтың ұлттық ән салу ерекшеліктерін табиғи байланыстырып, сабақтастыра білді.
1933-жылы Мемлекеттік музыкалық студия қойған “Айман-Шолпан ” комедиясынан (Күләш басты рольде ойнаған) әншінің үлкен жетістіктері басталады. Республика Күләш есімін жаңа қырынан таныды, халық “қазақтың бұлбұлы” деп өз атағын берді. Ал, 1934-жылы ресми түрде Қазақ ССР-ына еңбек сіңірген әртіс деген бірінші құрметті атағын алды.
Е.Г. Брусиловский жазған бірінші қазақ операсы “Қыз Жібектің “ қойылуы қазақ музыка мәдениетінде үлкен тарихи оқиға болды. Ол уақытта бағдарламаға бұл халық әуені Е.Г. Брусиловскийдің өңдеуінде деп көрсетілетін. Бірінші қазақ операсының әуенін ( оған 50-ден аса халық әндері мен күйлері кірді) бірінші орындаушылар өздері таңдап, іріктеді. Әрине, олардың арасында Күләш та бар. Мәскеудегі қазақ өнерінің декадасы күндері (1936-ж.) Қыз Жібек бейнесін сомдаған Күләш тыңдарман жұртшылықты таң қалдырды. “ Мен, ерекше асқақ, әрі жеңіл де күміс сыңғырлы , құстың сайрағанын елестететін дауысы бар әншіні атай алмас едім, ал, Күләш Бәйсейітова болса өз деңгейінде асыра мақтауды қажет етпейтін “қазақтың бұлбұлы” атағын иеленді( В.Барсова- белгілі орыс әншісі, СССР халық әртісі, Москвадағы Үлкен театрдың солисі). Өнер шыңында таң қаларлықтай жетістіктерге жеткен, бұлбұл даусын жас шағында-ақ мойындап( 24 жасында), Күләшқа Совет Одағында алғашқылардың қатарында СССР халық әртісі атағы тағайындалды. Күләш Бәйсейітованың дарыны көп қырлы. Ол драмалы спектакльдерді айрықша орындаушы республикамыздың тұңғыш кәсіби деңгейдегі концерттік және опералық қазақ әншісі . Қазақ халқы Күләш арқылы дүние жүзінің классикалық операсы мен көптеген халықтардың музыкасын таныды. Замандастары дүниежүзілік мәдениетті тануда Күләш атымен байланыстырады.
Күләштің өнер саласындағы негізгі шығармашылығы – операға байланысты. Өнер бастауында танымал орындаушылар – Құрманбек Жандарбеков, Қаныбек Байсейітов, Ғарифолла Құрманғалиев, Манарбек Ержанов… Солардың ішінде Күләштың орны ерекше еді. Ол тек драмаларда басты партия орындаушы ғана емес, әсіресе, ұлттық спектакльдерді жандандырып, жасаушысы болды. Қазірге дейін халық жадында Күләш сомдаған Қыз Жібек, Хадиша, Ақжүніс, Ажар, Сара бейнелері қалды.
Күләш арқылы қазақ халқы алғаш рет классикалық операдағы әйелдер бейнелерін танып, сүйіспеншілікпен қабылдады. “Өр көкірек Қыз Жібек пен зұлым, азғырушы Ақжүністің рөлін жасауда,- дейді әнші,- мейірімді Хадиша мен “Даиси” деп аталатын грузин операсындағы Маро немесе “Чио-Чио-сандағы” аянышты Баттерфляй, болмаса өр мінезді Татьянаның (Евгений Онегин) бейнесін сомдағанда мен адамзат жайында ән саламын”.
Әнші гастрольдерге жиі шығып, көптеген мемлекеттерде шырқатып ән салды. Концерттік репертуарында қазақтың халық әндері мен дүниежүзі халықтарының әндері негізгі орын алды. Күләштің осындай сапарлары арқасында дүние жүзі Қазақстанның бай мұрасымен танысып, еліміздің мәртебесі асқақтай түсті. Оның бүкіл әлемге танымал ардақты есімі ұлтымыздың ұлылығымен мәңгілігінің символындай қастерлі.
Күләш Байсейітованың еңбегін өкімет жоғары бағалады. КСРО халық әртісі (1936), КСРО Мемелекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты (1948, 1949). К. Бәйсейітова бірнеше рет Қазақ КСР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланды, Мемлекеттік сыйлық тағайындау комитетінің мүшесі болған. Қазақтың театр қоғамының ұйымдастырушысы және тұрақты басқарушысы қызметін атқарған. Екінші дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау конгресінің жұмысына қатысқан.
Қазақстандықтар ұлы әншіні қашанда ардақтап, есіне мәңгі сақтауда. Оның құрметіне Күләш Бәйсейітова атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы тағайындалды.
ХІХ-шы ғасырдың соңы мен ХХ-шы ғасырдың басында халықтың әнші композиторларының туындылары пайда бола бастады. Ондағы негізгі тақырып үстем таптың зорлық-зомбылығы, теңдік іздеген шаруалардың арман тілегі өзек болды. Қазан төңкерісінен кейін ұлттық музыка мәдениеті қайта туып өркендеді. Ол даму жолында халықтың бай ұлттық музыка шығармаларымен қатар, орыс және шетел классиктері дәстүрін кеңінен пайдаланды. Қазақстанда музыкалық қоғам өмірі жанданып, музыка көркемөнерпаздар үйірмелері мен хор ұжымдары ашылды. Музыка фольклорын жазып алу және оны зерттеу жұмыстары жүргізілді. Затаевич халық ән-күйлерінң жинағын құрастырып шығарды. Әншілердің, ақындардың, музыканттардың өнер сайысы алғаш рет 1919 жылы Верныйда қолдауын тапты. Халық музыкалық шығармашылығының жаңа жанрлары, музыкалық аспаптары сүйемелімен хор орындау қалыптасты. Орындаушылық өнердің түрі көбейді. 1934 жылы Алматы қаласында Бүкіл Қазақстандық халық өнерпаздарының бірінші слеті өтіп, оның артынша ҚазЦИК атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі (1944 жылдан Құрманғазы атындағы) ұйымдастырылды. 1935 жылы құрамында хор ұжымы ұлт аспаптар оркестрі би ансамблімен әншілер тобы бар Қазақ филармониясы ашылды. 1933 жылы Алматыда музыкалық студия ашылып, 1934 жылы Қазақтың музыкалық театры болып қайта құрылды. Музыкалық спектакльдерге әншілер: К.Байсейітова, Ж.Жандарбекова, Қ.Байсейтов, М.Ержанов, т.б. қатысты. 1934 жылы қазақ халық эпосы негізінде жазылған қазақтың тұңғыш операсы Брусиловскийдің Қыз Жібек , одан кейін Жалбыр (1935ж.) мен Ер Тарғын (1937ж.) қойылды. 30-40 жж. Қазақтың көпшілік әндері, романстары, хор музыкасы қалыптасты. 1939 жылы Қазақтан композиторлар одағының ұйымдастыру комитеті құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |