Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық- азаттық күресі


би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің



бет4/4
Дата01.04.2023
өлшемі44,22 Kb.
#78255
1   2   3   4
Байланысты:
аза хал ыны отаршылды а арсы халы - азатты к ресі

би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.
Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті.
Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857);
. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 1856 жылы желтоқсанда Сыр бойы қазақтарының Ресейге қарсы қарулы көтерілісі басталды. Бұған түрткі болған себеп ресейлік солдаттардың жергілікті үш қазақты кірпіш зауытының пешіне тірідей жағың жіберуі еді. Көтерілістің орталығы бұрынғы хан ордасы орналасқан Жаңақала болды. Көтерілісшілердің басым көпшілік бөлігі жаяу адамдар еді. Олардың қару-жарағы жер өңдейтін кетпен мен ұзын сапты шот, сойыл, садақ, найзалардан құралды. Оқ ататын аз ғана мылтықтары бар еді. Жанқожа батыр жедел қимыл жасай алатын бірнеше топ құрды. Олардың әрқайсысының қатары 150— 200 адамнан тұрды. Көтерілісшілер жасағы Қазалы маңына, Перовск бекінісіне таяу жерлерге орналастырылды да, белгі берілген кезде күтпеген жерден бірден лап қойып, шекара шебіне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күші елеулі шығынға ұшырады.
1856 жылғы желтоқсан айының аяқ кезінде Қазалы қамалы қоршауға алынды. Қаратөбе манындағы Л.Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, 250 гусарь әскерімен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Жазалаушы әскер мен көтерілісшілер арасындағы шешуші шайқас 1857 жылғы 9 қаңтарда Арықбалық шатқалында өтті. Шайқас кезінде ақ туды Жанқожа батырдың өзі көтеріп тұрды. Бірақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шашқаң зеңбіректің снарядына және мылтықтың калың оғына төтеп бере алмады. Жазалаушы отряд көтерілісшілерді ығыстырып, жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтерілісшілер қосыны басып алынды, мал-мүлкі талан-таражға түсті. 20 мың бастан астам малы айдап әкетілді. Көтерілісшілердің бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегініп кетті, одан әрі Бұхара мен Хиуа асуға мәжбүр болды. Жанқожамен бірге 20 шақты қазақ ауылдары көшіп кетті. Жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара немесе Қоқан хандары тарапынан өзіне одақтастар табуға әрекеттенді. Бірақ бұл саясатынан ештеме шықпады. Қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедұлы қолбасшылық еткен көтерілісі осылай аяқталды.
Есет Көтібарұлының қозғалысы (1868-1869) көтерілісі туралы нақты деректер жоқ
Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870).
Патшалы Ресейдің Шығыстағы басқыншалық саясаты үшін Маңғыстау түбегінің стратегиялық мәні үлкен болды, оның үстіне Шығыспен қатынас жасайтын барлық су және керуен жолдары Маңғыстау арқылы өтті. Сондықтан патша үкіметі Маңғыстау түбегін 18 ғасырдың бас кезінде-ақ өзіне бағындыруға әрекет ете бастаған еді. 18 ғасырда Каспий теңізінің шығыс жағалауына 20-ға жуық арнайы экспедиция жасақталды. Ресей империясы адай руларын 19 ғасырдың 30-жылдарынан бағындыра бастады. 1866 — 1867 жылы адай руларынан Жоғарғы адай (Баймәмбет Маяев басқарды) және Төменгі адай (Ғафур Қалбин басқарды) дистанциялары құрылды. Екі билеуші Орал облысы басқармасына шақырылып, жаңа ережелермен танысты. Жаңа реформа бойынша салықтың мөлшері 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті.
Ережені Маңғыстауға ендіру 1870 жылға дейін кейін қалдырылған болатын. Отарлық үкімет осындағы адай руы Орал және Торғайдағы көтеріліске қолдау көрсетеді деп қорықты. Тек 1870 жылы ғана орыс өкіметі Маңғыстауға реформа жүргізбек болды. 1869 жылдың қазанында реформаны ендіруге дайындық жүргізу үшін дала бекіністеріндегі гарнизондар күшейтілді.
1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын жайлап алды. Тек 1870 жылдың басында ғана орыс өкіметі Маңғышлақты (Маңғыстауда) бекініс жасауға шешім қабылдады. 1869 жылдың қазан айында реформа ережелерін ендіруге дайындық үшін дала бекіністері гарнизондары күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу жерлерінің барлық территориялары орыс әскерлері жайлаған әскери бекеттер арасында бөлініске салынды, олар аумақты «зерттеуді» сылтау етіп, қазақтарды толық бақылауға алды.
1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына орнығып, келесі жылы олар Хиуа шекарасында пайда болды. 1870 жылдың 2 ақпанында Маңғышлақ (Маңғыстау) Орынбор генерал-губернаторлығынан бөлініп, Кавказ әскери басшысы қарамағына өткізілді. Сөйтіп, адай руының бүкіл көшпелі территориясы орыс әскерлерімен қоршалды.
Әкімшілік шекаралардың өзгеруі арқылы адай руы қазақтарына Орал облысы аумағында көшіп жүруге тыйым салынды. Жазғы жайылымдарды пайдалануға ережені қабылдаған жағдайда ғана рұқсат етілді. Сонымен қатар әкімшілік өткен жылғы салықтар мен жер салығын төлеуді талап етті. Мұның өзі әр шаруашылықтан 8 күміс рубльді құрады. Мұндай ақша кедей қазақтар түгілі ауқатты қазақтардың көпшілігінде болмады

Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Мұның ішінде, Ресейдің және көрші мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі өміріне тигізген әсерімен, ұзаққа созылуы және ауқымдылығымен ерекшеленетін өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары ретінде қалды.


Кейінірек, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің түкпірінде саяси және ұлттық ой-санасының өсуіне ықпал ететін автономия алу ниеті тұрды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақтың интеллектуалды және саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы қоғамдық өмірде қозғалыс тудырып, Алаш партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын дүниеге әкелді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет