Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық- азаттық күресі



бет3/4
Дата01.04.2023
өлшемі44,22 Kb.
#78255
1   2   3   4

Хиуаға ығысу


Есімнің орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол Есімнің кегін алмақ болып, арнайы әскер жасақтап, Сырымға қарсы аттанады. Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетеді.
Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады

Нұралы ханмен қақтығыстары


1783 жылдың тамыз айында Жайық казактары Сырым мен Нұралы хан ауылдарын тонау жорықтарын бастады. Нұралы хан Сырымның ел арасында беделі жоғары екенін білгендіктен, оны орыстардың түрмесінен босатып алады. Сырым темір тордан шыққан соң халық көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден қорыққан Нұралы Сырымға қарсы шығып, Ресейді көмек беруге шақырады. Осы кезден бастап Сырым батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді. 1784 жылы Сырым Сағыз өзенінің бойында Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак бекіністеріне қашып құтылды.
1785 жылы Сырымның үзеңгілестері орналасқан аудандарда — Орал бекінісінің төменгі жағында ірі шайқастар болды. 1783-1785 жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдықжерлерін казактар басып алған соң, қиян-кескі ұрыстар болып өтті. Бұл кезеңде Кіші жүздің батыс аудандарында стихиялы көтерілістер басталды, олар Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, патша өкіметі тікелей ру старшын дары мен келіссөздер жүргізе бастады. Бір жағынан, бұл саясат қазақ даласындағы хандықты жою мақсатында жүргізілді. 1786 жылы 13 шілдеде Екатерина II Нұралы ханды қызметінен босатты.
1792 жылы хандық билік қайта күшіне енген соң, Сырым Датұлы бастаған халықтық жаппай бас көтеру кезеңі басталды. Бұл кезеңде көтеріліске қатысқан көптеген сұлтандар мен билер күресті одан әрі жүргізуден бас тартқан соң, Сырым батыр партизандық соғысқа көшті. Сонымен бірге, ел ішінде орын алған келеңсіз жағдайлар да көтерілістің жалғаса беруіне себепкер болды. 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім көтерілісшілер қолынан қаза тапты. 1797 жылы 28 тамызда Сырым Датұлы көтерілісті тоқтату тұралы шешім қабылдады. Ол хандық кеңестің құрамына енген болатын, алайда оны сұлтандар қудалағандықтан, Хиуаға қашуға мөжбүр болды


Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)
Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор.
Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жылдары болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Өткір жер дауы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, отаршылдық қанау 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманұлы мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды.
1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады.
Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары Жәңгірге қарсы арыз-шағымдар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде Ордаға арыз тапсырады, бұл арызды хан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде береді, бірақ ештеңе де өзгермейді. Хан уәдесінен таяды. 1837 жылдың басында көтерілісшілердің қимылы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардың Балқы би мен Қарауылқожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондай-ақ көтерілісшілерге қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. И. Тайманұлы әкімшілікті ханмен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді.
Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847);
 Қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.
XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.
Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет