Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі



Pdf көрінісі
Дата25.11.2023
өлшемі347,06 Kb.
#127555
Байланысты:
Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі



Орындаған Дəулетбек Рахат
Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) —
қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық жəне ұзаққа созылған
көтерілістерінің бірі болды.XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі
мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті.
Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің
жəне батырлардың едəуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі
қазақ халқының ежелден келе жатқан дəстүрлі жерлерін əскери бекіністер салу үшін
жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп
көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық
түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады.
Төртіншіден, патша үкіметінің əскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн
көрсетпеді. Осының бəрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске
ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.
Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін
өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою
еді.
Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар
мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің
атақты батырлары жетекшілік етті.
Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар
мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар жəне басқа халық өкілдері де
болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары
лауазымды қызметтер атқарды. Мəселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс
солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді.
Татар Əлім Ягудин Əскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның
атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бəрі де Кенесарыға


жақсы ұйымдастырылған тəртіпті əскер құруына көмектесті жəне көтерілісшілерге
өздерінің жеке тəжірибелерін үйретті.
Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын
сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі
бекіністерге де, патша үкіметінің əскери жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды.
Мəселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан
етіп жеңіп шықты. Ол отрядтың құрамында 6 урядник жəне 48 сібір қазағы болатын.
Олар Петропавлдан Ташкентке бара жатқан сауда керуенін күзетіп бара жатқан еді.
Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп,
оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды,
Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті.
Генерал-губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттың
арасынан өткізіп, дүре соқтырды. Олардың əскерге жарайтындары тұрақты армия
қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге жер аударылды. Генерал-губернатордың
бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін
тездетті. Ол старшина Симоновтың əскери жасақтарына өлтіре соққы беріп, көптеген
қару-жарағы мен оқ-дəрісін тартып алды. 1838 жылы Кенесарының сарбаздары
Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының ауылдарына шабуыл жасады, оның 12 мыңға жуық
жылқысын айдап əкетті. Ақмола төңірегіндегі бекіністер тұрғындарының 2,5 мың малы
қоса кетті. Сұлтан Кенесарының туған қарындасы Бопай бастаған сарбаздар Көкшетау
округының ауылдарына шабуыл жасады.
Кенесары жасақтарының белсенді əскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында
басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап,
өртеп жіберді. Ақмола бекінісі мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне терең ор
қазылып, оған жете беріс жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар қойылған болатын.
Ақмола бекінісін аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен əскери старшина Карбышев
бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере
бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекініс
өртке оралды. Кенесарының даңқты батырларының бірі Басықара бекіністің ішкі
жағасынa баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлікпен
қаза тапты. Бекініске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кірді.
Орынбор губернаторы В. Перовский мен Батыс Сібір губернаторы П. Горчаковтың
арасында Кенесарыға қарсы қалай күрес жүргізу жөнінде өзара келіспеушілік пайда
болды. В. Перовский Кенесарыға қарсы күресті бейбіт келіссөздер арқылы да жүргізу
керек десе, П. Горчаков əскери күш қолданып, көтерілісшілерді аяусыз қырып-жою
жоспарынан танбады. Орынбор губернаторы 1840 жылы патша үкіметінің Кенесарыға
кешірім жасауына қол жеткізді. Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының
барлығы да түрмеден босатылды. Арада уақытша бейбіт келісім кезеңі басталды
Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған
болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген əскери кеңесте Кенесары ханның
серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ
хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда
қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.


Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп
кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары
30-дан астам сұлтанымен жəне аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен
ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып
шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен
ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан
манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске
шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.
Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Ресей зерттеушісі
Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар
қырғыздармен үш тəулік бойы ерлікпен шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке келіп
жетер деген үмітте болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары
олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тəулік дегенде
көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның
көптеген сенімді серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше
сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды жəне азапты ауыр жазаның салдарынан қаза
тапты».
Кенесарының жəне оның жақын серіктерінің көзін жоюға қатысқан қырғыз
манаптарының бəрі де патша үкіметінің наградаларымен марапатталды. Халықтың
сүйікті ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы
(1812-1871) «Наурызбай-Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды.
Əкесі Кенесарының бастаған ісін оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берілген
батырлар жалғастырды. Ханның қазасы үшін кек алу мақсатымен қазақтар Қырғызстан
аумағына бірнеше рет əскери жорық жасады.
Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты.
Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған əрі күшті əзірліктен өткен
тұрақты əскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта —
патша үкіметіне, қырғыз манаптарына жəне Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді.
Мұның өзі оның негізгі күштерін едəуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының
арасында ауызбірлік болмады.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай
қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша
үкіметінің қырғыз жерлерін, Жетісудың аумағын жəне Оңтүстік Қазақстанды басып
алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан жəне Хиуа хандықтарын қосып алудың
алғышарттары жасалды.
Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты əскери қолбасшы, аса көрнекті
мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде
ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына
келтірді.
Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді
мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасаған əрекеттерін жоғары бағалады. Оған


патша үкіметі əкімшілігінің өкілдері де құрметтеп қарады, ресейлік ғалымдар
Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз даласының Митридаты» деп атап, оның
іс-əрекеттеріне жағымды баға берді.
Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың
жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі
ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының
Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар.
Кенесары қазақ халқын бостандық пен тəуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды.
Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мəңгі сақталады.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774 - 1860) — Алшын тайпасынан шыққан батыр. Сыр
бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне жəне Ресей отаршылдарына
қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
Патша өкіметі Сыр өңірінде реакциялық ішкі саясат жүргізіп, отарлық езгіні күшейте
түсті. Қазақтардың саяси тəуелсіздігін жоюмен бір уақытта жақсы құнарлы жерлерін
тартып алып, оған Орынбор əскерінің казактарын орналастыру жоспарлы əрі тиянақты
түрде жүргізілді. Оның үстіне 1837 жылы Ресей өкіметі тарапынан бағынышты ел
ретінде қазақтардан əр шаңырақтан 1 сом 50 тиындық жаңа салық енгізілді.Алайда
кейініректе салық мөлшері екі есе көбейтілді. Бұл салық тарихта «түтін салығы»,
«шаңырақ салығы» деген атаулармен белгілі. Салық тең дəрежеде, халықтың
əлеуметтік жағдайына қарамастан, яғни қатардағы жеркепе, лашық иелерінен де жəне
ауқатты отбасыларынан да бірдей көлемде жылына бір рет жиналды. Салыққа ақша
бере алмағандардың малы тартып алынды. Сонымен қатар Сырдария шекаралық
өкімет ұйымдары қазақтарды Райымның жəне №1 форттың (Қазалы) əскери
бекіністерін салуға мəжбүрлеу тəртібімен жұмылдырды. Бұл форпостарды салу үшін
мыңдаған кедейлер айдап əкелінді. Мəжбүрлеу жұмыстарының салдарынан
малшылар, егіншілер, балықшылар өздерінің жеке шаруашылықтарымен айналыса
алмады. Суландыру жүйелері дер кезінде тазартылмады, сөйтіп егіншілер су
тапшылығына ұшырады, адам қолы жетіспегендіктен аз егіннің өзін уақытылы жинай
алмады. Ал 1849 жылы Райым бекінісіне Орынбор казак – орыстарының алғашқы
жиырма алты отбасы қоныстандырылды. Олар бірте – бірте қазақтарды отырған
жерлерінен ығыстырып шығарып, Сырдария жағасындағы шұрайлы жəне жақсы
суландырылатын жерлерге орналастырылды. Соның салдарынан Сырдарияның егінші
қазақтары пайдаланылмай жатқан құнарсыз жерлерді игеруге мəжбүр болды, ал


кейбіреулеріне қоныс аударушылар мен шенеуніктердің қожалықтарында жалданып
жұмыс істеуге тура келді.
Патша шенеуіктері мен əскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде
тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының
Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелінетін
тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына
жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып
жібереді. Хиуалықтарға жəне қоқандықтарға қарсы күресте Жанқожа батыр
ресейліктермен уақытша одақ құруға мəжбүр болған еді. Жанқожа батырдың 1847
жылы Хиуаға қарсы күресін пайдаланып қалуға тырысқан патша үкіметі оны өз жағына
тартуға күш салып бақты. Осы мақсатпен оған Шекара комиссиясының есебінен жыл
сайын 200 сом мөлшерінде жалақы төлеп тұру белгіленді. Оған Қарақұм мен Сырдария
жағасындағы Борсыққұм қазақтарының басқарушысы деген лауазымды қызмет те
ұсынылды. Ресей жоғарғы өкімет билігінің атынан батырға жасауыл деген атақ та
берілді. Бірақ Жанқожа батыр патша үкіметі ұсынған барлық атақ, жалақы, қымбат
бағалы сыйлықтардан да біржолата үзілді-кесілді бас тартты. Патша үкіметі Жанқожа
батырды Кіші жүздің билеуші-сұлтандарына бағынышты етуге де тырысып көрді. Бұл
қитұрқы əрекеттер батырдың патша үкіметінен іргені аулақ салуына себеп болды.
Өйткені оның патшаның қолшоқпар шенеуніктеріне айналған сұлтандарға бағынуы тіпті
түсіне де кірмейтін жиіркенішті нəрсе болатын. Мұндай келеңсіз құбылыстарға
ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мəжбүр болады.
1856 жылы желтоқсанда Сыр бойы қазақтарының Ресейге қарсы қарулы көтерілісі
басталды. Бұған түрткі болған себеп ресейлік солдаттардың жергілікті үш қазақты
кірпіш зауытының пешіне тірідей жағың жіберуі еді. Көтерілістің орталығы бұрынғы хан
ордасы орналасқан Жаңақала болды. Көтерілісшілердің басым көпшілік бөлігі жаяу
адамдар еді. Олардың қару-жарағы жер өңдейтін кетпен мен ұзын сапты шот, сойыл,
садақ, найзалардан құралды. Оқ ататын аз ғана мылтықтары бар еді. Жанқожа батыр
жедел қимыл жасай алатын бірнеше топ құрды. Олардың əрқайсысының қатары 150—
200 адамнан тұрды. Көтерілісшілер жасағы Қазалы маңына, Перовск бекінісіне таяу
жерлерге орналастырылды да, белгі берілген кезде күтпеген жерден бірден лап қойып,
шекара шебіне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күші елеулі шығынға ұшырады.
1856 жылғы желтоқсан айының аяқ кезінде Қазалы қамалы қоршауға алынды.
Қаратөбе манындағы Л.Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады.
Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы
қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал-губернаторы
В.А.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты
казак, 320 жаяу əскер, 1 зеңбірек, 250 гусарь əскерімен қоса сұлтан Елікей Қасымов
бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Жазалаушы
əскер мен көтерілісшілер арасындағы шешуші шайқас 1857 жылғы 9 қаңтарда
Арықбалық шатқалында өтті. Шайқас кезінде ақ туды Жанқожа батырдың өзі көтеріп
тұрды. Бірақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шашқаң зеңбіректің снарядына
жəне мылтықтың калың оғына төтеп бере алмады. Жазалаушы отряд көтерілісшілерді
ығыстырып, жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты.
Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа
қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз


жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей,
талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтерілісшілер
қосыны басып алынды, мал-мүлкі талан-таражға түсті. 20 мың бастан астам малы
айдап əкетілді. Көтерілісшілердің бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегініп кетті,
одан əрі Бұхара мен Хиуа асуға мəжбүр болды. Жанқожамен бірге 20 шақты қазақ
ауылдары көшіп кетті. Жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара немесе Қоқан хандары тарапынан
өзіне одақтастар табуға əрекеттенді. Бірақ бұл саясатынан ештеме шықпады.
Қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедұлы қолбасшылық еткен көтерілісі осылай
аяқталды.
Патша үкіметінің əскери əкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін Елікей
Қасымов бастаған арнаулы жазалаушы əскер жіберді. [5] 1860 жылы жазалаушы əскер
Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын
қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80-нен асқан Жанқожа батыр
жазалаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың өмірден өтер кездегі соңғы сəтін Л.
Мейер былай деп суреттейді: «Қарт батыр оқ өтпейтін сауытын киіп, қару-жарағын
асынып, үйінен шығып үлгерді. Бірақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен жері осы екен
деп, ол бір төмпешіктің үстіне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзі үйіріп, дұға
оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейін оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, кері
түсіп жатты. Ақырында бір оқ оның мойнына дəл тиіп, қарт батырдың өмірін қиып
кетті».
Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс
19 ғасырдың басында Ресей империясы қазақ еліне көп бекіністер сала бастады. Бұған
қарсылық ретінде Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс басталды.
Кенесары қазақтың соңғы ханы, данагөй қолбасшы əрі халық қамқоршысы еді.
Кенесары ханның батырларының ақылдығы, ерлігі, қайсарлығы, патша өкіметінің орыс
казактарынан жəне олармен бірге ел сайлаған ханға қарсы шыққан кейбір қазақ
сұлтандарының төленгіттерінен басым еді. Талай шайқастарда ел мен халық қолдаған
Кенесары əскері орыс казактарын жеңген еді. Сан түрлі тактикалық əдістерді
пайдаланып, мысалы тұтқиылдан шабуылдап.


Бірақ жау қолында зеңбіректер мен мылтықтар көп еді, оған қоса көптеген бай мен
сұлтандар ақ патша жағында болып еліне сатқындық істеген, орыстарға жол сілтеп, ат
беріп, мысалы Абайдың əкесі Құнанбай, Шоқанның əкесі Шыңғыс жəне басқалары,
соңдықтан Кенесары əскері 10 жыл күресіп, түбінде жеңілді. Бірақ Ресей
империясының отаршылдарына қарсы күрес бұнымен аяқталмады, бұның бірі - Есет
Көтібарұлы бастаған көтеріліс.
Көтерілістің басталуы
Елді қанаған бұл жауларға қарсы күресті, Кіші жүздің Шекті руының батыры Есет
Көтібарұлы бастады. Есет батырдың əкесі Көтібар Бəсенұлы, кезінде Сырым батырмен
бірге патшалық ресейдің отарлық саясатына қарсы күрескен, елге əйгілі батыр болған.
Есет батыр көтерілісі 1847 жылдан 1858 жылға дейін созылған. Алғашында
партизандық соғыс сипатында еді, аз топтармен Ресей империясының күштеріне
шабуылдап тұрған. Ал кей кездері патша əскерлерімен үлкен шайқастар да болған.
1853 жылы патша əскерлері Қоқан хандығының құрамында болған қазақтың Ақмешіт
қаласына қарсы жорыққа аттанады. Бұл жорыққа қажетті 4 мың түйенің патша өкіметі
Кіші жүздің қазақтарынан өндіргісі келді. Бұның салдарынан халық арасында патша
өкіметіне деген наразылық есейе түсті.
Патша өкіметі 1855 жылы Есет батырға қарсы күш жібермек болды, батырымыз тоспай
өзі бұрын күш жинай бастады. Бұл батырдың қол астында осы жылы 1300-ге жуық
сарбаз жиналған, бұлардың барлығы дерлік патша өкіметі жүргізген саясатына қарсы
болған адамдар еді.
Есет батырға қарсы ресейлік Орынбор бекінісінен, Кіші жүздің орта бөлігінің
басқарушысы болған Арыстан Жантөреұлы 900-ге жуық сарбазбен шықты.
Сарбаздарының көбі Ресей империясына беріліп кеткен қазақтар еді, жəне бұларға
қоса казактардың əскери жүздігі бар еді. Бұл заманда бірегей Кіші жүз бірнеше бөлікке
бөлінген еді, əр бөліктің патшаға берілген қазақ арасынан шыққан басқарушысы бар
еді. Сондай адамдардың бірі Арыстан Жантөреұлы еді. Оған қоса, ресейліктерге
берілген сан түрлі шенеуніктер те қазақ арасынан болған еді. Бұндай адамдар қалын
халыққа қарсы жорыққа Орынбордан аттанған еді.
Бірақ данагөй Есет батырымыз бұларды Суықсы шатқалында тұтқиылдан шабуылдап,
сұлтан орналасқан лагерьді талқандайды. Сұлтанмен бірге, ресейліктер жағында
болған талай билер, рубасылар қаза табады.
Осы жеңістен кейін Есет Көтібарұлының жасағы 10-40 адамнан тұратын шағын
топтарға бөлініп, жау жағында болған билердің, рубасыларының, сұлтандардың малын
барымталайды.
Көтерілістің жеңілуі
Орынбор əкімшілігі қол құсырып отыра алмады. Есет батырдың көтерілісің тоқтатқысы
келді. Сөйтіп 1857 жылы, Орал мен Орынбордың казак əскерлерің, башқұрт полктерің
жəне осы қамалдардағы əскери гарнизондарын көтерілісшілерге қарсы шығарды.


Мұншама қалын қол, көтерілісшілерге қарағанда жақсы қаруланған қол, Есет батырдың
əскерін қуды. Есет батыр Үстіртке жақын орналасқан Асмантай жəне Сам құмдарына
шегінеді. Осы Сам құмдарында көтерілісшілер түгелдей дерлік талқандалады.
Ал келесі жылы, 1858 жылының жазында, Есет батыр Орынбор губернаторы
Катенинмен бітімге келіп, күресін тоқтатады.
Көтерілістің жеңілуінің себебі
Көтерілістің жеңілуінің басты себебі бұл қазақта заман талабына сай қару-жарақтың аз
болуы. Ресейлік əскерилерде мылтықтар, зеңбіректер бар болса, қазақтардың қолында
найза, садақ, қылыш сияқты ортағасырлық қару жарақ қана бар болды. Мылтықтар
қазақтарда көп көлемде болмады.
Екінші себебі бұл патша жағында болған ақсүйектердің сатқындығы. Кейбір сұлтандар,
билер, рубасылары орыстармен бірге қазақтарға қарсы соғысты.
Есет Көтібарұлының хиқаясы бұнымен аяқталмайды, осы батырды Ресей
империясының шеңеуніктері 1859 жылы Петерборға шақырады. Жəне кейінгі жылдары
Есет батыр лажсыздан ресейлік билікті мойындап, əділетті ел билеушілердің
қатарында болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет