Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі тәжірибесі



бет3/3
Дата12.05.2023
өлшемі28,4 Kb.
#92587
1   2   3
Байланысты:
аза хал ыны рпа т рбиелеу ж ніндегі т жірибесі

1650 – 1730жылдар арасындағы қазақ –жоңғар соғысы қазақ хандығын өте –мөте әлсіретті. 18ғ басында Тәуке хан өлгеннен кейін қазақ елі үш жүзге бөлініп, үш хан сайлап, біртұтас қазақ хандығының бірлігі мен қуатын әлсіретіп, жоңғарларға жем болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзді Сәмеке, Ұлы жүзді Жолбарыс хан билеп, әр қайсысы ұлы хан болуға таласып, ақыры «Ақтабан шұбырынды» атты қайғылы жағдайға ұшырап халықты зор қырғынға ұшыратты.
1730 жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр өз билерімен келісе отырып, қазақ халқын сақтап қалу мақсатында, Ресей империясына бодан болуға мәжбүр болды. Қазақ жүздерінің басын қосуда қазақ халқының атақты, данышпан ханы –Абылайхан өте үлкен саяси –дипломатиялық күрес жүргізді.
Халық ағартушылары, қоңғам қайраткерлері: А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Қ.Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен өнердің, мәдениеттің, философияның негізін салды. Шоқанның ашқан ңғылыми жаңалықтары, Абай өлеңдері мен қара сөздері және Құрманғазының музыка өнері жас ұрпақтарды жетілдіріп тәрбиелеуде зор ықпалын тигізді.

  1. Кеңестік дәуірлегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.Егеменді Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім- тәрбиенің қайта жандануы.

20ғ барысында империялистік патшалы Ресейдегі саяси -әлеуметтік жағдайлар шиеленісе түсті. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды. Қазан төңкерісіне дейін шыға бастаған «Дала уәлаяты» (1889 –1902 жж), газеті «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті (1911-1916жж) және басқа да басылымдар қазақ халқының ұлттық ерекшеліктер, мәдениеті, ғылымы, тарихзы мен этнография хахында аса маңызды ой –пікірлер жариялап отырды.
Ұзақ ғесырлардан бері келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмірдің қажеттілігіне айналуына бағытталған туындылар: М.Жұмабаевтың «Педагогика», А.Байтұрсыновтың «Оқу -құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл құралы», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология» атты еңбектері, С.Көбеевтің, Н.Құлжанованың, М.Әуезовтың, М.Дулатовтың, Қ.Жұмалиевтың, М.Ғабдуллиннің, Ә.Марғұланның т.б шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана – сезім көзқарасын қалыптастырды.
1980 жылдардың ортасында Қазақстанда ұлттық сана –сезімнің оянуына тарихи ықпалын тигізген Желтоқсан оқиғасы болды. Оның әсері бертін келе қоғамның барлық салаларын қамтыды.Кеңес Одағының құрамына енген қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялап, егемен мемлекет болды. Тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, жаңаша мазмұнды, әлемдегі озық тәжірибелерге негізделген жүйенің қалыптасуына зор ықпал етті.
Мектеп, мектептен тыс мекемелер, балабақшалар мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ескі педагогикалық тәжірибелердің орнына жаңаша, ұлттық тәлім –тәрбиенің қағидаларына негізделіп жазылған «Қазақтың салт –дәстүрлері», «Қазақтың тәлім –тәрбие тарихы», «Атамекен», «Елім -ай», «Кәусар бұлақ», «Балбөбек» және т.б. ғылыми – тәлімдік бағдарламалар басылып шығып, оқу -тәрбие жұмыстарына енгізіле бастады.
Қ.Р Білім министрлігі 1993 жылы «Тәлім –тәрбие тұжырымдамасы» атты көлемді құжат қабылдады.
1994 – 1995 жж «Рауан» баспасынан қазақтың Білім проблемалары институты даярлаған 14ғ қамтитын «Қазақтың тәлімдік ой –пікірлер антологиясының» орысша –қазақша томдары жарық көрді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет