Тектұрмас кесенесі
- Тараз қаласының
оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің
оң жағалауында орналасқан XIV ғасыр
сəулетінің ескерткіші. Бұл өңірдің діни
ескерткіштерінің бірі.
Кесене сəулетшісі мен құрылысшылары
белгісіз. Кесене күйдірілген кірпіштен
салынған күмбезді төртбұрышты
имарат. Сүйір аркалы кіреберіс батысқа
Тараз қаласына қарап тұр.
Кесене бұрышы пилястрмен аяқталады,
қабырғаларда сылақ іздері бар.
Г.А.Пугаченкова кесенені XIV ғасырға
жатқызады.
Ақыртас
– көненің таң қаларлық
ескерткіші, VIII—IX ғасырлардағы
сарай кешені. Ақыртас жамбыл
облысындағы тараз қаласынан 45
шақырым жерде орналасқан.
Ескерткіш үлкен күрең-қызыл тас
блоктарынан салынған бір
құрылыстың үйінделері. Кешен
құрылысшылары өз заманы үшін таң
қаларлық инженерлік технологияларды
білген.