Қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірінде 19 ғ-дың 2-жартысының орны ерекше. Россияның Қазақстан территориясын отарлауы аяқталуымен байланысты халықтың патриархалдық тұрмыс-тіршілігі бірте-бірте өзгеріп, көшпелі ел отырықшылыққа ауысып, мал ш-мен қатар егіншілік кәсіппен де айналыса бастады, сауда-саттық күшейді. Қалалар саны көбейді, әр жерден кен көздері ашылып, өндіріс орындары пайда бола бастады. Қазақ қоғамының қүрылысына да өзгерістер ене бастады, жаңа әлеуметтік топтар пайда болып, кенөлері тарих сахнасын босатты. Рухани өмірде де жаңалықтар орын алды. Қазақ халқы оқу-біліммен етене жақындаса бастады. 19 ғ-дың 2-жартысында Қазақстанда 100-ге тарта 2 кластық уөздік және 1 кластық болыстық мектептер болып, онда 400-ге жуық шәкірт оқыды. Қазақтіліндетуңғыш баспасөз жарық көріп, кітап шығару ісі пайда болды. Бұл тұста ислам діні де етек жайып, кең тарады. Бұл жағдайлар бірыңғай улттық әдеби тілімізді қалыптастыру мәселесін күн тәртібіне қойды. Бұл тұрғыда Ыбырай мен Абайдың еңбектері ерекше. Олар қазақтың ауызша әдеби тілі мен көне жазба әдеби тілін шеберлікпен пайдалана отырып, оны стильдік жағынан жетілдірет ұсті. Ы. Алтынсарин ана тілінде оқытатын мектеп ашып, оның оқулықтарын өзі жазды. «Қырғыз хрестоматиясын» жазу үстінде Ыбырайдың алдында не бұрынғы шағатай тілі әсерінен қүтылмаған көне жазба әдеби тілді пайдалану, не жаңа жазба әдеби тіл жасау жолы түрды. Хрестоматияға кіргізген өзінің төл әңгімөлері мен өлеңдері болсын, не халық ауыз әдебиеті үлгілері мен аудармалары болсын, жаңа жазба әдеби тілде жазды. Бұл шығармалар тілі көркем әдебиет стилінің алғашқы көрінісі еді. Аталған кітап қазақтың ұлттық әдеби тілінің кейінгі дәуірлерде дамуына дүрыс бағыт берген, оған төтенше әсер еткен еңбек болды.
Осы жазба әдеби тілде ол қазақша газет шығару мәселесін де күн тәртібіне қойып, оның алғашқы санын өз қолымен жазды. Қазақ балалары оқитын дін сабағына оқулық әрі көпшілік халық оқитын «Шариат әл- ислам» атты кітапты да осы тілде жазып, Ғылыми- көпшілік әдебиеттер стилінің бастаушысы болды. Ақырында, Ыбырайдыңтікелей араласуымен кеңсе қағаздарының да алғашқы үлгісі жасалынды. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің бұрын болмаған көптеген стильдерін жетілдіруде орасан зор еңбек етті. Қазақтың жаңа жазба әдеби тілін қалыптастыруда Абайдыңулы еңбегі бар.
Абай өзіне дейінгі күшті дамыған, халықтың эстетикалық-рухани талғамын сан ғасыр бойы қанағаттандырып келген қазақ поэзиясы тілінің негізгі қағидаларын сақтай отырып, өлең сөзіне орасан көп жаңалықтар енгізді. Абайдың классиктігін танытатын белгілердің бірі - оның кестелі бояуы күшті, модальдық реңкі бар сөздерді керкем бейне үшін шебер пайдалануы. Абай өлеңдері арқылы қазақ керкем сөзінің лексикалық құрамына өзгөріс енді. Ол өзгөрісті туғызған негізгі себеп, біріншіден, оның шығармаларының тақырыбы болса, екіншіден, жаңа бейнелі сөз іздеуі еді. Қоғамның саяси-экономикалық қүрылысына, оқу- білімге, философия мен дінге қатысты сөздер мен тіркестерді, кейде тіпті атауларды поэзия тіліне молынан енгізу Абайдан басталады. Сөйтіп, қазақ поэзиясы тілінің лексика құрамын кеңейту, яғни бурын жиі қатыстырылмайтын сөздер тобын өлең тіліне енгізу және оларды дәл де ауыспалы мағынасында пайдалану Абайдың әдеби тілге, соның ішінде өлең тіліне қосқан үлесі, саналы түрде істеген қызметі деуге болады.
Абай қоғамдық өмірдің өзге салалары сияқты, өз тұсында қолданылған әдеби тілге де сын көзімен қарай отырып, улттық әдеби тілді тек жалпы халықтық тілдің негізінде дамытудың бағытын негізгі нысана етіпұстады. Осы жолда ол ерінбей тер төге отырып, әдеби тілді басы артық қоспадан арылтып, орынсыз қолданылатынараб, парсы және басқа шет сөздерден тазартты. 2-жағынан қазақ тілінде бұрын ұшырамайтын жаңа сөздерді де кіргізіп отырды, яғни Абай сөзді орнына қарай дұрыс қолданудың тамаша үлгілерін көрсетіп, қазақтың нағыз әдеби тілін жасауға орасан зор еңбек етті және сол жұмыстың жақсы үлгісін жасады. Оның Қарамола съөзінде өз қолымен жазған «Ережесі» ресми іс қағаздарының алғашқы үлгісі болып саналады. Ол халық тілінен сұрыптап алған сөздері мен сөз тіркестерін кәдімгі халық тілінде қалыптасқан дәстүр бойынша қолданумен бірге олардың кейбіреулеріне, шығармаларының мақсаты мен ерекшелігіне қарай қосымша мағына жамап, сәл де болса өзгешерек реңк үстеп, шығармашылық жолмен қолдану арқылы түрі мен үлгісін де азды- көпті басқашаландырып, өзгертіп те жумсады. Ыбырай, Абай негіздеген жаңа жазба әдеби тілімізді әрі қарай дамытып, оның стилін жетілдіруде 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басындағы ақын-жазушылар (Біржан,Жаяу Мүса, Әсет, Шәкерім, Ғүмар Қарашев,С. Торайғыров т. б.) зор қызмет етті. Бірін-бірі қуалай шыққан ана тіліндегі екі газет («Түркістан уәлаяты» мен «Дала уәлаяты») беттерінде әдеби тілдің түрлі стилін қамтитын материалдар жиі жарық керіп отырды. Осы тұста Қазақ баспаларынан әр түрлі тақырыпқа жазылған қиссалар, кітапшалар, аударма әдебиеттер басылып шығып, халық арасына кеңінен тарады. Осылардың бәрі 19ғ-дағы әдеби тіліміздің лексикасын молайтып, емлесін түрақтаңдыруға себепші болды.
Өмірбаяны
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір айында Кербұлақ ауданы, Алтынемел жотасының етегінде Көшентоған мекенінде дүниеден өтті.
Шоқан есімі қайдан шықты? Қазақ арасында өте көп оқыған адамдар шағатай, яғни ертедегі түрік тектілердің әдеби тілімен сөйлеген. Олар хат жазса «шұ», «ұшбұ» деп жазған. Шоқанның ата-анасы оның мінезіне қарап осы хан болады деп біліп, баласын еркелетіп «Шағатай тілі мәнерімен»: «Шұ-хан» деп атаған. Сол Шоқан болып кеткенге ұқсайды.
Мұхаммед – Ханафия – кей ресми құжаттарда ғана жазылатыны болмаса, ол бүкіл ғұмыр кешкен ортасына, заманына Шоқан есімімен танылды, жаһан ғылымының биіктеріне, туған халқының жарқын болашағына ұлы Шоқан болып, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болып атанды.
Балалық шағы Құсмұрында (әкесі Шыңғыс сұлтан болған кезде), кейін ата қонысы Сырымбет тауының бауырында Көкшетауда өткен. Тегі төре тұқымынан шыққан. Арғы атасы – Абылай хан. Оның үлкен ұлы Уәли – Шоқанның бел атасы.
Жастайынан халықтық тарихи өлең-жырларды, аңыз-әңгімелерді қызыға тыңдайды.
Білім алған ордасы 1847 жылдың күзінде әкесінің аралас-құралас орыс достарының жәрдемімен
Омбыдағы кадет корпусына қабылданды. «Осы әскери, әмбебап білім беретін оқу орнында Шоқан жетілді, орыс жолдастарын басып озды. Екі-үш жылдан соң Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің де идея жағынан басып озды» деп жазды естелігінде бірге оқыған досы Г.Н.Потанин.
Шоқан 12 жасында Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Оқуға әкеліп түсірген адам сол кездегі қазақ істерін басқарушы комиссияның тілмашы В.И.Добшинский деген кісі болады. Корпустың оқушылары 2 топқа бөлінеді: бірі рота, онда тек чиновниктердің, жаяу әскер офицерлерінің балалары оқиды. Екіншісі эскадрон деп аталады. Онда тек қана казак-орыстардың балалары оқиды. Шоқанды хан тұқымы болса да эскадронға алады. Эскадронға қара халық баласы деп кемсітушілік болған. Қандай қиын болғанмен, Шоқанға білім берген ғалымдары: орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі, ориенталист Николай Федорович Костылецкий (1818-1867), жергілікті Сібір казактарынан шыққан, қазақшаны ана тіліндей білген. Шоқанның әкесі Шыңғыспен казак училищесінде бірге оқыған. Н.Ф.Костылецкий әскери училищеден кейін Қазан университетінің шығыстану факультетіне түсіп, араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуде ерекше көзге түскен. Н.Ф.Костылецкий Шоқанға Пушкин мен Низами, Гоголь мен Фирдоусидің есімін таныстырды, шығыстанушы дәрежесіне жеткізді.
Мәдениет курсы тарихынан дәріс оқыған Глярий Васильевич Гонсевский, ұлты поляк. Қазан университетінде оқып жүріп студенттер қозғалысына қатысқаны үшін жазаланған, бірақ білімділігінің арқасында кадет корпусына жұмысқа алынған. Жас ұстаз Гонсевскийдің бай (ғылыми) кітапханасы болған. Гете, Шиллер, Расин, Мольер, Шекспир, Байронды Шоқан қуана-қуана оқыған. Шоқан французша сөйлеуді үйреніп алған. Старков қазақ даласының географиясын оқытатын. Азияның жер-суын жетік білетін, ұлы географтардың кітаптарында жоқ, тіпті, Бас штабтың өзінде жоқ деректерді айтып беретін. Старков станицада туып-өскен, Омбы әскери училищесінде оқыған, сахараны түгел шарлап шыққан, сауда керуендерін алып жүрген казак қарауылшыларын басқарып, Азияның алыс түкпірлерінде болып қайтқан.
Әдебиетші В.П.Лободовскийдің (Н.Г.Чернышевскийдің досы, мұраттасы) т.б. ықпалы зор болды.
Белгілі ғалым И.Н.Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың «Хан жарлығына» талдау жасап, ғылым әлеміне қадам басты. 14-15 жасар кезінен Шоқанға ұстаздары «болашақ ғалым, зерттеуші ретінде қарайтын еді» деп жазады Потанин.
Шоқан Уәлиханов 1853 жылы Омбы кадет корпусын бітіріп, «атты әскер
корнеті» атағын алған соң Шоқан сібір казак-орыс әскерінің 6-атты әскер полкіне қызметке қабылданды. 1861-1862 жылдары Санкт-Петербург университетінің тарих-филология факультетінде дәріс тыңдаған.
Құсмұрындағы ауыл мектебінде оқып, хан тұқымының дәстүрі бойынша араб, шағатай тілдерін жақсы меңгереді.
2.Қоғамдық қызметі 1854 жылы Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағын басқарған генерал Г.Х.Гасфорттың (1792-1874) адъютанты болып тағайындалады. Бұған қоса Батыс Сібір өлкесінің айрықша тапсырмаларды орындайтын офицері міндетін атқарады.
Семенов Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 27 ақпанында Шоқан Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланады. 4. Шоқан - әдебиетші Шоқан Уәлиханов әдебиет теориясының кейбір мәселелерімен де шұғылданады, қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттеген. Қазақ өлеңдерін ол 5 түрге бөлген, олар: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең. Бұл жөнінде Т.Н.Потанин: «қазақ халқы оның жазғандарын оқыса, Шоқан өз халқының данышпаны болар еді және өз елінің әдебиетін өркендетуге негіз сала алар еді» деген пікір айтқан еді. «Ш.Уәлихановтың халық ауыз әдебиетін, ертегілерді және мақал-мәтелдерді зерттеуі» Шоқан жас кезінен-ақ аңыз-әңгімелерді, жыр-дастандарды тыңдап, оны жинақтай білді. Қазақ халқы аңыз ертегілерде ешкімге зияны жоқ сарыбас жыланды, пәк аққуды, үні әдемі көкекті, сыланған тотыны, сайраған бұлбұл мен сандуғашты қазақтар ешқашан балаға жәбірлетпеген. Шоқан Қашқарға барған сапарында ауыз әдебиеті үлгілерінің бірнеше түрлері мен аса сирек кездесетін кітаптар алып қайтқан. Қашқарда жүргенде қолына «Тазкиряи Ходжагян» деген жазба түскен, ол жазбада қожалар әулиетінің тарихы баяндалады. «Қожалар тарихы», «Тарихи-Рашиди» кітабының жалғасы екенін анықтай түседі. Қазақ халқының ұлы перзенті Қашқардан «Сұлтан Бұғрахан тарихы», «Тоғылық Темірхан тарихы», «Қожалар тарихы» т.б. сирек кездесетін шығыс қолжазбаларын жеке қаржысына сатып алады. Бұларға қосымша ұйғыр, иран тілдеріндегі тарихи жазбалар, шежірелер алып қайтады.
Тәрбиелік мәні зор асыл мұра, әдебиетіміздің көне бай салаларының бірі – мақал-мәтелдер. Мақалдарда халық ойының ең түйінді,ең қысқа, дәл тұжырымдалған мәуелі жемісі жинақталған. Шоқан мынадай мақал-мәтелдерге көңіл аударған. «Не ексең, соны орарсың», «ексең егін, аларсың тегін», «Еңбегі көптің - өнбегі көп» тәрізді тәрбиелік маңызы зор пайымдаулар, халқымыздың еңбекті қадір тұтқанынан сыр тартады.
«Ақыл сақалда емес», «Құл князьдан артық біледі, бірақ айтуға дәрмен жоқ», «Өткір пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас», «жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа», «Ақыл – дария екен, көңіл – дүлдүл екен», «сусыз жерде қамыс жоқ, азған елде намыс жоқ» т.б. мақал-мәтелдердің ұтымды, ұтқыр жақтарына ерекше зер салған.