Қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырау атанған Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында, Қарабау деген ауылда дүниеге келген



Дата28.02.2022
өлшемі13,29 Kb.
#26680
Байланысты:
Документ (16)


Қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырау атанған Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында, Қарабау деген ауылда дүниеге келген.


Жастайынан сөзге жүйрік, тілге үйір Мұраттың оқуға ақындыққа деген құштарлығы ерте жаста оянған. Мұрат ер жете келе айтыс өнеріне қарай ойысады. Өз өңірінің даңқты ақындарының бірі болады. Жас ақынның қызбалығынан Мұрат ойын –сауық кештеріне жиі бас сұғып, көптеген айтыс аламанына түсіп, жеңіп отырған. Оның барлығы жас ақынның атақ-абыройына салмақ қосып, оған қосымша бедел әкеледі. Ақын мұнымен шектелмей ой-өрісі мен білімін артыру мақсатында ел мен жер тарихы жайлы, рулардың шежіресі жөнінде көрген-естігендерін миына құйып, есте сақтап отырған. Тап осы кезден бастап Мұрат Мөңкеұлы жұрт өнегесіне таңба болып басылған келеңсіз жайттарды ел ішіне қанықтыра бастайды.
Мұрат Мөңкеұлы отаршылдық заманында қазақ жұртының қаналып, әбден қажыған сәтінде елдің жарасын жамап, қарапайым халықты өлең-жырларымен рухтандырып отырған. Ел тәуелсіздігін аңсап, халықтың бүгіні мен кешегі күндерін салыстыра жырлаған. Халықты бірлікке шақырып, ел үшін күресуді талап еткен. Қазақ батырларын қолға қару алып, жаудың бетін қайтаруға әрдайым өткір ұрандар тастаған. Түрлі саяси науқандардың тұсында зар заман ағымына әр қилы толғаулар айтады. Мұрат ақының «Үш қиян» шығармасында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі қара өлеңде айқара көрсетіліп баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ашына сөз етеді.

Өлеңдерінде жүректе қалған мұңның тап қазір болып жатқан сықылды етіп, жұртты тебірентпей қоймаған. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұраның бытшыты шыққанын жазған.


Мұрат ақынның заман шындығын зарлай жырлаған әдеби мұрасы зар заман аталды. Сондықтан да Мұрат Мөңкеұлы Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы секілді ақындармен терезесі тең келіп XIX-дың зар заман ақыны атанған болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет