Көтеш -өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Соның бірі ақынның «Жасыбай батырдың әйелін жұбатуы» -деген толғауы. Бұл толғауды бізге 1970 жылы Төкен Оразов табыс еткен болатын. «Жұбату» халықтық көңіл айту стиліндегі шығарма. Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң – шерлерін де толғана жырлады. «Ақтабан шұбырынды » оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Ә. Жиреншиннің болжауынша, ел арасына кеңінен мәлім «Қаратаудың басынан көш келеді » өлеңін шығарған осы Көтеш.