2. Қазіргі жастар тілі орфографиясының қалыптасуының олқылықтарына талдау жасау.
Сынып жетекшілері ата-аналармен байланыс орнатуда өте үлкен және негізгі рөл атқаратындықтан, біз оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырудағы отбасы мен педагогика ұжымының байланысын сол сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекетінің жұмыс жүйесін құрып, оны эксперимент арқылы мектептегі тәрбие үрдіне енгізу негізінде жүзеге асыруды дұрыс деп таптық.
Сынып жетекшісі ата-аналармен өзара байланысқа түсерде төмендегідей бағыттарда жұмыс істеуі жөн деген ойдамыз:
Отбасымен өзара іс-әрекет принциптерін, стратегиялық мақсатын құру;
Бұл мақсатта пайдалануға болатын мектептің профессионалды, материалды, ақпараттық, психологиялық тағы да басқа ресурстарын диагностикалау;
Нәтижелі, байланысқан іс-әрекетке жеткізетін жолдарды анықтау;
Қажетті жағдайда процеске қатысатын субъекттерге ағарту жұмыстарын жүргізу;
Істелген жұмыс нәтижелерін анықтайтын өлшемдерді, бағалау тәсілдерін анықтау;
Болжанып отырған іс-әрекеттерді қатысушылармен талқылау;
Жұмыс жүйесін іске асыру;
Жасалған жұмысты анализдеу.
Ата-аналарды оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыруда бірлескен іс-әрекетке тарту жұмыс жүйесінің біз төмендегідей кезеңдерін құрдық. (Кесте 1.)
Бұл механизмді сәтті қолданудың нәтижесі ретінде төмендегілерді сараладық:
- ата-аналар мектеппен бірлесе әрекет етуге деген қызығушылақтарының көтерілуі;
- баланың тіл мәдениетін қалыптастырып, дамытуға деген белсенділіктің, ынта-ықыластың артуы;
- оптималды нәтижеге жетуде үнемі перспективті, жаңа әдістер мен тәсілдерді қолданып отыру;
- әрине, оқушылардың тіл мәдениетінің көтерілуі.
Бұл жүйені іске асыруда сынып жетекшісі мен ата-аналардың өзара байланысқан іс-әрекетінің төмендегідей формалары қолданылуы мүмкін:
- ата-аналармен жеке кездесу;
- ата-аналар комитеті;
- ата-аналар белсенділерімен жұмыс;
- ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер;
Кесте 1. Сынып жетекшісінің ата-аналармен байланысқан іс-әрекетінің кезеңдері.
Достарыңызбен бөлісу: |