Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет33/55
Дата20.12.2022
өлшемі287,7 Kb.
#58416
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.


Тақырыбы: 8. Қазақ орфографиясы және көрнекті ғалым Сәрсен Аманжолов.
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Сәрсен Аманжолов – қазақ жазуының орыс графикасына негіздеген ғалым. 2. Сәрсен Аманжоловтың «Жаңа алфавит және қазақ әдеби тілінің орфографиясы (орыс алфавиті негізінде)» деген еңбегі. 3. Сәрсен Аманжолов ұсынған Жаңа алфавиттің құрамы.
Әдістемелік нұсқау:
Сәрсен Аманжолов – қазақ жазуының орыс графикасына негізделуін алғашқылардың бірі болып қызу қуаттап, «Жаңа алфавит және қазақ әдеби тілінің орфографиясы (орыс алфавиті негізінде)» деген еңбегінде әліпбидің алғашқы жобасын жасаған. Қазіргі қолданылып жүрген қазақ алфавиті мен қазақ орфографиясының негізгі принциптері 1940 жылы қараша айында өткен Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Ү сессиясында ғалым Сәрсен Аманжолов жасаған жоба негізінде қабылданған.
Күні бүгін қолданылып, қазақ тілі орфографиясында негізгі дәстүрге айналып отырған морфологиялық принцип те Сәрсен Аманжолов көтерген тың мәселелердің бірі болатын. Бұл принцип 1938 жылға дейін жазу тәжірибемізден жүйелі орын ала алмай келген еді. Түбір сөздерді жазудағы морфологиялық принцип сөйлеу, жазу мәдениетімізді бірізділендірді. Сөйтіп, тілімізге техникаға, ғылымның түрлі салаларына байланысты орыс тілі арқылы енген термин және интернационалдық сөздердің түбірін сақтап жазуға негіз болды. Сонымен бірге, мұның өзі біріккен сөздердің құрамындағы компоненттерді де (мысалы, қарақат, бірқазан, қонақасы) түбірін сақтап, дұрыс жазуымызға жағдай жасады. Сондай-ақ, соңғы кезге дейін естілуінше жазылып, біріккен сөздер тобында қаралып келген көптеген тұрақты сөз тіркестерінің (идиома, фразалардың) құрамындағы сөздер бір-бірінен бөлініп, дұрыс жазылуына да морфологиялық принцип басты себеп болды.
Жаңа алфавиттің құрамында 41 әріп болды. Бұл алфавитте орыс әріптері түгел сақталып, қазақ тіліне тән 8 әріп қосылады. Кейбір тілшілер, жазушылар жаңа сөздіккке щ, ц, ч, я, ю, ь, ъ әріптерінің алынуына қарсы болды. Бірақ Сәрсен Аманжолов бұл әріптерді алып тастау орыс тілінен еніп жатқан мыңдаған сөздердің берекесін қашырып, мағынасын бұзатындығын әбден сенерліктей, көңілге қонымды етіп дәлелдеп берді.
Сәрсен Аманжолов орфографиялық, екі тілді және түсіндірме сөздіктер жасау ісіне де зор көңіл бөлді. 1940 жылы үкімет бекіткен жаңа алфавит пен орфографиялық ережелер жинағына негіздей отырып, С.Аманжолов 1941 жылы өзінің көпшілікқолды орфографиялық сөздігін шығарады. Бұл сөздік орыс алфавиті негізінде қабылданған жаңа алфавитіміз бен орфографиялық ережелерді қазақ оқырмандарының жедел игеріп алуына, қазақ әдеби тілі жазу нормасының жақсарып, жетіле түсуіне айтарлықтай жәрдем етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет