36
ғана емес, сондай-ақ заманауи қазақ қоғамы тұжырымдамасының бөлігі болып
табылатын негізгі түсініктер мазмұнын ашуға мүмкіндік береді.
Ал, Түркияда ұлттық тілді сақтап қалу шаралары әлдеқашан ерте
басталған. Ататүріктің қатаң қадағалауымен 1928 жылы басталып, бүкіл елді
қамтыған «Тіл төңкерісі» кезінде атқарылған көптеген шаралар тілдік
қазынадағы рухани сөздерді ашып, түсіндіріп, жаңғыртуға бағытталды. Атап
айтқанда, 1932 жылы «Түрік тілін қадағалау қоғамының» бірінші құрылтайында
қабылданған бірінші қаулыға сәйкес ел аузындағы және көне кітаптардағы түрік
тілінің бай сөздік қазынасын жинап, жарыққа шығару науқаны қызу түрде
басталды.
Осылайша ел аузынан мақал-мәтел, нақыл сөз,
ертегі, күлкілі әңгіме, аңыз,
жұмбақ, халық әндері, махаббат дастандары, сопылық әдебиет, сондай-ақ салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар т.б. ауызша және жазбаша үлгілер жинастырылып,
шамамен 160 ескі сөздік пен жазбаша туынды зерттелді.
Осының нәтижесінде 1943–1957 жылдар арасында Өмер Асым Аксой мен
Дехри Дилчин басшылығымен төрт томдық «XIII. Asırdan Günümüze Kadar
Kitaplardan Toplanmış Tanıklarıyla Tarama Sözlüğü» (XIII ғасырдан бергі жазбаша
туындылардан жинақталған құрама сөздік) жарыққа шықты. Бұл сөздікке XIII-
XIX ғасырлар арасында жазылған 160 жазбаша туындыдан жинақталған сөздер
кірді [75, б. 144].
Кейінірек «Түрік тілі қоғамы» бұл сөздікті қайта өңдеп, толықтырып, оған
тағы 67 шығарма қосып, жаңадан жазып шықты. 1963–1972 жылдар арасында
бұл сөздіктің 6 томы жарық көрді
[76, б. 227].
Осы тектес ауқымды зерттеу жұмыстары нәтижесінде көне түркі жазба
туындыларынан мұқият іріктеліп, жинастырылып, заманауи түрік лексикасына
енгізіліп, қолданыста жүрген көне түркі сөздері мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: