Қазақ кино өнері Қазақ киносының алғашқы қадамы 1925 жылы жа сал ды: Қазақстан туралы алғашқы деректі фильм түсірілді. «Ленфильм»



Дата03.02.2022
өлшемі40,54 Kb.
#24796
түріСценарий
Байланысты:
лекци


Қазақ кино өнері

Қазақ киносының алғашқы қадамы 1925 жылы жа сал ды: Қазақстан туралы алғашқы деректі фильм түсірілді. «Ленфильм» студиясының ұжымы

қазақтың кино қайраткерлерінің қатысуы мен «Амангелді» (1938 ж. Реж. М.З.Левин) көр кем фильмін жасады. Бұл фильмнің сценарийін Бейімбет

Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Қазақ көркем фильмінің тарихы осы

туындыдан басталды. 1941 жылы Алматыда көркем фильмдер шығаратын кино студия ұйымдасып, 1944 жылы ол Алматының көркем және деректі-шежірелік фильмдер студиясы (1960 жылдан «Қазақфильм») деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм, 500-дей деректі фильм шығарған. Бұл фильмдер тақырыбы жағынан

әр алуан. Экранға қазақ халқының өткен өмірін көрсететін, соғыс жылдарында халық батырлары туралы, заманауи тақырыпқа арналған картиналар шықты. Мысалы, «Абай әні» (1946), «Махаббат дастаны» (1954), «Шоқан Уәлиханов» (1957), «Ботагөз» (1957), «Біздің сүйікті дәрігер» (1957), «Менің атым Қожа» (1963), «Атаманның ақыры» (1971), «Қыз Жібек» (1972), «Орман балла дасы» (1972) т.б.



Қазақ киносын дамытуға режиссерлер Ш.Айманов, М.Бегалин, А.Қарсақбаев, С.Қожықов; актерлер Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Н.Жантөрин, С.Қожамқұлов, Ә.Өмірзақова т.б. мол үлес қосты. Шәкен аға театр өнерімен әуестенді. Қазақ драма театрының сахнасында 20 жыл еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. 1947–1951 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының бас режиссері қызметін атқара жүріп, шығармашылықпен айналысты. 1954 жылдан бастап кино әлеміне шақырту алып, режиссерлікке бел шеше кірісті. 1959 жылы КСРО Халық әртісі атағын иеленді. Бүкiл күш-жiгерiн, дарынын қазақ киносына жұмсады, қазақ киносының алғашқы кірпішін қалады. «Махаббат дастаны», «Алдар көсе», «Біз осында тұрамыз», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Ән қанатында» сынды фильмдерімен халқымызды күллі әлемге танытып, артына өлмейтін мұра қалдырды. Өте сәтті шыққан киноларының ішінде әйгілі «Біздің сүйікті дәрігер» және «Тақиялы періште» атты екі музыкалық комедиясы бар.




І

ТОП

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет