Қазақ КҮресіндегі күрескерлердің сайыс қызметін талдау



бет19/23
Дата12.05.2022
өлшемі0,97 Mb.
#34083
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Бақылау әдісі: Қимыл белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін жеткілікті спорттық және сауықтыру секцияларын құру, адамның салауатты өмір салты мен дене тәрбиесі туралы білімін арттыру өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, қазіргі таңдағы техникалық ілгерілеуден, ақпараттық, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен білім беру жүйесі салдарынан адамның бөлетін көңілі мен уақытының тапшылығынан, оның денсаулығы мен дене даму деңгейлерінің әлсіреу өзгерістері басталғанынан бұл өзекті мәселе ондай қауіп-қатерліктің алдын алу қажеттілігіне сай туындайды.

Гиподинамия адамның денесі дамып өсу кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта денсаулығына, дене мен ішкі ағзаларының дамуына кері әсер ететіндігі айқын дәлел. Адам ағзасы мен ішкі ағзаларының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің, жүйке жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үрдісінде гиподинамияның әсерінен жинақталған кері құбылыстар мен ауытқушылықтар адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына себеп болады және қазіргі жастардың денсаулығын төмендетуіне қатысты болашақ ұрпақтың әлсіреуіне жол салады. Яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, жеке адам мен қоғамның өміршеңдігін бұзады.

Қазіргі таңда адам денсаулығын қалпына келтіру, жұмысқа қабілеттілігі мен шығармашылық ғұмырын сақтау мәселесінің ушығуы алаңдатады, бұл негізінен, балалар мен жастардың мектептер мен жоғары оқу орындарында оқыған кезінде денсаулығының нашарлауына байланысты. Дене тәрбиесін дамытуды зерттеу қорытындылары бойынша, өскелең ұрпақтың, мектеп жасындағы балалардың денсаулығы мен дене дамулары, дене тәрбиесіндегі дайындығы, қазіргі заманғы, қоғамдық даму мұқтаждықтарына, қоғамның жоспарлы міндеттері мен әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйке келмейтіндігінен хабар беріледі.

Дене тәрбиесі және спорт түрлерінен мамандарды даярлауда дене шынықтыру саласы бойынша жасөспірімдер мен ересектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру және қозғалу белсенділігін арттыру, балалардың денсаулығын жақсарту, спорттық жаттығулар туралы білік пен дағды, білім шеңберінің аясын кеңейтуді міндетті түрде жоспарлау болып табылады.

Қазіргі уақытта еркін күрес дене тәрбиесінің заманауи қажеттіліктерін толықтыру мен байытудың көзі болып табылады. Еркін күреспен айналысу адам ағзасы мен ішкі ағзаларының дамуына, жыныс бездері мен дене күшінің дамуына және денсаулығының мықты болуына әсер етеді, жастардың адамгершілік пен жігерлілік және басқа да психологиялық сапаларын қалыптастыруға тәрбиелеуде, дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б.) дамытуда тиімді әдіс болып табылады.

Сонымен қатар, арнайы қозғалыс дағдыларын: еркін күрестің барлық әдістерін, тактикасын, арнайы жаттығулар дененің қауқарсыздығының алдын алу мен жарақаттан қауіпсіздендіру тәсілдерін және т.б. меңгеру қажет.

Жалпы дамыту жаттығулары мен жалпы дене даярлығын арнайы дайындықтан ажырата білу, бастауыш топтағы спортшылардың дайындық кезеңін дұрыс жоспарлау және оларды спорттық шеберліктің әртүрлі кезеңдерімен алмастыра білу дағдысын қалыптастыру білімін жетілдіру керек.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет