Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогика институты



бет34/53
Дата06.06.2022
өлшемі1,32 Mb.
#36433
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Байланысты:
аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі аза мем

Турбо Паскальдағы файлдармен жұмыс
Паскаль тілінде логикалық файл ретінде мәліметтердің арнайы типі - файл құрылымы енгізілген. Файлдың үш түрі бар: мәтіндік, типтік және типтік емес.
Информация ASCІІ кодымен берілген файл мәтіндік файл болып табылады. Мәліметтердің кез келген қарапайым типі осылай беріледі. Жеке мәндер файлда жол болып беріледі. Мұндай жазулар информация бөліктері болып бірігуі мүмкін. Мәтіндік физикалық файлдың атауы үшін оның заты .txt, .doc болып беріледі. Программалау тілдеріндегі программа тексіндегі файлдар үшін заты тілдің белгісін білдіреді, мысалы, .pas, .bas. Физикалық мәтіндік файл тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады.
Типтік файл – бұл компоненттері - мәндері екілік кодпен берілген, файлдық типтен басқа, жай және құрылымдық типті файл. Мысалы, іnteger немесе real типті файл. Типтік файлдың физикалық атауының затын пайдаланушы анықтайды. Типтік файл тікелей кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады, бірақ өзінің компоненттеріне тізбекті түрде кіру мүмкіндігін де береді.
Типтік емес файл – бұл компоненттері 0 мен 1 екілік цифрлардан құралған сегіз битті тізбек болып табылады. Мысалы, жадының кез келген ұяшығындағы кез келген типті информация түрінде көз алдымызға елестетуге болады.
Паскаль тілінде файлдармен төмендегідей жұмыс түрін ұйымдастыруға болады:

Файлмен жұмыс істеу үшін логикалық атауы бойынша логикалық файл сипатталуы тиіс. Одан кейін логикалық файл физикалық файлмен сәйкес құрылғыда, информацияны тасымалдаушыда байланысуы тиіс. Одан кейін физикалық файлды ашуға мүмкіндік болуы қажет. Файл тек оқу үшін, тек жазу үшін немесе оқу және жазу үшін ашылады. Оператор арқылы логикалық файл мен физикалық файлды байланыстырғаннан кейін файлмен жұмыс істеуде файлдың логикалық атауы пайдаланылады. Бұдан кейін жұмыс физикалық файлмен орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет