Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогика институты


Лабораториялық сабақтардың негізгі мазмұны



бет39/53
Дата06.06.2022
өлшемі1,32 Mb.
#36433
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Байланысты:
аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі аза мем

2.2. Лабораториялық сабақтардың негізгі мазмұны


ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС N 1
Алгоритм ұғымы және алгоритмнің жазылу тәсілдері


Жұмыстың мақсаты: Алгоритм ұғымын түсіне білу, қарапайым және әртүрлі қолданбалы есептерді шығару алгоритмін құра білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру; алгоритмнің жазылу тәсілдерін, қасиеттерін және түрлерін ажырата білуі тиіс.


Тапсырмалар.
Төмендегі есептердің нәтижелерін шығару алгоритмінің сөзбен және блок - схема түріндегі жазылуын көрсетіңіздер.

  1. Берілген үш санның үлкенін табу алгоритмін құрыңыздар.

  2. А(х11) және В (х22) нүктелерінің қайсысы координаталар жүйесінің бас нүктесіне жақын жататынын анықтаңыздар.

  3. Төмендегі функциялардың мәнін есептейтін алгоритмді жазыңыздар:

А)
Мұндағы x=2t-cost
Ә)
Мұндағы x=sint+0.5
Б)
Мұндағы


  1. 20 студенттің 4 емтиханнан алған бағаларының қосындысы берілген: а1 2 3,...,а20 (9i<15). Осы бағалардың неше проценті 12-ден кем екенін анықтаңыздар.

  2. а1 2 3,...,а15 сандарының нешеуі [а;в] аралығында жататынын анықтаңыздар.

  3. Берілген үш санның үшбұрыш қабырғаларын құрайтындығын тексеріңіздер.

  4. Табаны а-ға, биіктігі h – қа тең үшбұрыш, қабырғасы к- ға тең квадрат, қабырғасы r-ге тең ромб берілген. Үш фигураның аудандарын есептеп, олардың үлкендерін табыңыздар.

  5. Барлық екі орынды тақ сандардың және жұп сандардың қосындысын есептейтін алгоритм құрыңыздар.

  6. Бір аптада, айда және жылда неше минут бар?

  7. Көлемдері 3 л және 8 л болатын екі құмыра берілген. Өзеннен тек осы құмыраларды пайдалана отырып, 7 л су алуға болатын алгоритм жазыңыздар.

  8. Ертеде бір шаруа адам өзеннің бір жағасынан екінші жағасына ешкі, қасқыр және капустаны қайығымен алып өтпек болады. Шаруа әрбір жолы қайықпен тек ешкіні, немесе қасқырды, немесе капустаны алып өте алады. Бір жағада ешкі мен қасқырды және ешкі мен капустаны қалдыруға болмайды. Шаруаның тасымалдау әрекетінің алгоритмін жазыңыздар.

Бақылау сұрақтары:



  1. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар, оларды қалай түсінесіз?

  2. Алгоритмді сипаттаудың қандай әдістерін білесіз?

  3. Табиғи тілде алгоритм қадамдарын сипаттауға қандай қызметші сөздер қолданылады және олардың мағыналары қандай?

  4. Енгізу, қорытындылау, меншіктеу операцияларының мағынасы неде?

  5. Алгоритм схемасын сызуға қандай белгілеулер қолданылады, оларды пайдалану тәртібі қандай? Схемада блоктардың атқарылу реті қалай көрсетіледі?

  6. Алғашқы , қорытынды мәліметтер деп нені айтамыз?

  7. Алгоритмді сипаттау әдістеріне қойылатын талаптарды атаңыз, табиғи тілден сипаттау мен алгоритм схемасы сол талаптардың қайсысын қанағаттандырады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет