Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогика институты



бет51/53
Дата06.06.2022
өлшемі1,32 Mb.
#36433
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі аза мем

Бақылау сұрақтары :

  1. Жазу типті мәліметтер қандай мәліметтер құрылымы болып табылады?

  2. Жазу қандай компоненттерден құралады?

  3. Тұрақты мән дегеніміз не?



ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС N 13
Файлдық типтер
Жұмыстың мақсаты: Құрылған файлға операцияларды пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.
Тапсырмалар.
Топта оқитын студенттер мәліметтерінен тұратын файл жазуы бар. Құрылған файлға төмендегідей операцияларды қолдану қажет:

  1. Файлды group белгісі бойынша өсу ретімен іріктеу.

  2. Файлды god белгісі бойынша кему ретімен іріктеу.

  3. Файлды алфавиттік ретпен реттеу.

  4. Топтағы оқитын студент жігіттерден тұратын файл жазуын қалыптастыру.

  5. Топтағы оқитын студент қыздардан тұратын файл жазуын құру.

  6. 1-2-курс студенттерінен файл жазуын құру.

  7. 4-5-курс студенттерінің файлын құру.

  8. Файлдан k-шы жазуды өшіру.

  9. Файлға жаңа жазу қосу.

  10. 5-курстағы студенттердің санын есептеп, тізімін экранға шығару.

  11. Жасы 20-дан жоғары студент жігіттердің санын есептеп, экранға шығарыңдар.

  12. 5-курс студенттері туралы барлық жазуды өшіріңдер.

  13. K-шы жазуда тұрған студенттің туған жылын өзгерту.

Бақылау сұрақтары :

  1. Физикалық файл құру қалай іске асырылады?

  2. Логикалық файл мен физикалық файлдың операторларының байланысы?

  3. Бүтін сандар тізбегін сақтайтын программа құрыңыз.



ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС N 14
АЛГОРИТМДЕРДІ ТАЛДАУ
Жұмыстың мақсаты: Бірнеше алгоритмдер ішінен жылдам жұмыс істейтін алгоритм таңдай білу дағдысын қалыптастыру, есеп шығаруда белгілерді, тұрақтыларды пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.


Тапсырмалар.

  1. 210000 дәрежесін есептеңіздер. Мұның көп уақыт алатыны белгілі. Алдымен 21000 дәрежесін есептеуді білгеннен кейін есептеу уақытын өлшейміз. Мысалы, ол 30 секунд болсын. Онда 210000 дәрежесін есептеу 10*10=100 есе көп, 3000 секунд, яғни 50 мин. Бұл 210000 дәрежесін есептеу үшін жылдам есептейтін алгоритм іздеуді талап етеді.

Зерттеу тақырыбы: 2-нің N дәрежесін есептеу үшін жұмыс уақытын бағалаңдар. Сандар цифрлар массиві түрінде сақталып, есептеу Dareje программасындағыдай жүргізілсін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет