Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы (Сақтар, қаңлы, үйсін, ғұн мемлекеттері). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайту саясаты. ҚР халқының демографиялық құрамы және оны қамсыздандыру ісі



бет51/98
Дата07.04.2022
өлшемі195,37 Kb.
#30190
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98
36. Еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайту саясаты. ҚР халқының демографиялық құрамы және оны қамсыздандыру ісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясының басым бағыттарының бірі ретінде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті көрсеткен болатын.

Қазақстан Республикасының Конституциясында да осы ерекшелік анық көрсетілді: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз», – делінген, Ата Заңның алғашқы сөйлемінде.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқына 2050 Стратегиясын ұсына отырып: «Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған ша-ңырағына айналды», – деуі осының нәтижесі болса керек.

Әлемдік жаһандану жағдайында әлем елдерінің басым бөлігі полиэтносты. Яғни бір ғана ұлттық алабөтен басымдығы байқалып тұрған елдер аз. Халықаралық стандарттар бойынша, ел халқының кем дегенде 1 пайызына тең болса, ол халықты этникалық топқа жатқызуға болады. Қазақстанда мұндай ірі 7 этникалық топ бар – қазақтар (63,1%), орыстар (23,7%), өзбектер (2,94%), украиндер (2,68%), ұйғырлар (1,53), татарлар (1,44%) және немістер (1,4%). Ең бастысы, бұл этникалық топтар Қазақстанның барлық аймағында қоныстанған. Оларға қоса, елімізде корейлер, түріктер, әзірбайжандар, күрдтер, поляктар, белорустар, дүнгендер т.б. ұлыстар бейбіт қатар өмір сүріп жатқанын ескерсек, Қазақстан үшін осы халықтардың өзара татулығы мен келісімі қаншалықты маңызды екенін аңғару қиын емес. Бүгінде Қазақстанда өзін «Қазақстан азаматымын» деп есептейтін кез келген адам діни, этникалық, саяси көзқарасына қарамастан, өзін еркін сезіне алады.

Түптеп келгенде, 1995 жылдың 1 наурызында Президент бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуы да осындай қажеттіліктен туындады. Бұл бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып танылды. Бұл конституциялық органның үнін Парламент Мәжілісінде 9 депутат айқын танытып отыр. Олар Қазақстандағы этносаралық мәселелерді дер кезінде күн тәртібіне қойып, шешімі табылуына ықпал етеді. 2050 Стратегиясында бұл туралы Н.Назарбаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық үлгісі болды», – деп атап өтті.

Жыл сайын 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтеді. Жалпы әлемде, тіпті айналамызда болып жатқан этникалық тартыстар, алауыздық, біреуді қор, біреуді зор сезіндіруге тырысқан империялық пиғыл қайшыласқан заманда Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің, татулықтың, толеранттылықтың ордасы болып көрінеді.

Қоғамда өмір сүре отырып, сол қоғамның заңдылықтарын мойындау да парасаттылықты көрсетсе керек. Ендеше, Қазақстанда өмір сүріп отырған әрбір ұлт өкілі бүгінгі Қазақстан қоғамының бұған дейінгі құндылықтардан айнымайтынын, ұлтаралық татулық пен келісімді дамыта беретінін терең сезінуі тиіс. Қазақстан халқының сөзі мен ісінде бірлік бар екенін Қазақстан Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде де атап көрсетті. «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда бірде-бір этнос өз тілін жоғалтқан жоқ. Біз ассириялықтар, рутулдар, лактар және басқа да этностар сияқты кішкентай этникалық топтардың өзінің мәдениетін барынша сақтап, олардың дамуына барлық мүмкіндікті жасап отырмыз», — деді.

Ендеше, бірлікті ел болудың барлық алғышарты Қазақстанда бар. Ел халқын біріктіретін бағыт та бар, ол – жаңа қазақстандық патриотизм. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жалаң экономикалық жетістіктермен жету мүмкін емес. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» біздің бүгінгі қоғамның басты құндылығы ұлтаралық татулық пен келісім екенін айқындап берді. Енді тек сол үдеден шығып, еңбек етуге тиіспіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет