Қазақ ойшылдары мен ағартушыларының әлеуметтік көзқарастары



бет1/2
Дата10.04.2022
өлшемі2,16 Mb.
#30539
  1   2
Байланысты:
Қазақ ойшылдары-WPS Office

Қазақ ойшылдары мен ағартушыларының әлеуметтік көзқарастары


Мырзакерим Самал

Қазақ халқының рухани мəдениетінің даму тарихында XIX ғасырдың екінші жартысы өзгерістерге толы болды. Соған байланысты дəл осы кезде Қазақстанда ағартушылық мəдениеті пайда болып, дамиды. Адам ойының жəне ғылымның даму жолында дін тұрған жерде ағартушылық дүниетаным пайда болады. Бұл қазақ ойларының тарихындағы өте ғажайып феномен болды десек, қателеспейміз.

Əр халықтың өз заманының ойшылдары дүниенің, болмыстың, өмірдің, адамның жай-күйін жете түсінуге ұмтылғаны, əрине, белгілі. Бірақ олардың ойларына сол бір кезеңде қалыптасқан дүниетаным мен жалпы өркениеттік өзгерістер əсер тигізгені де қазіргі таңда біз үшін айдан анық болып тұр. Міне, осыған байланысты, ХІХ ғасырда Қазақстанда қалыптасқан, адамдар санасын өзгерту, халықтың басым көпшілігінің əлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсетуде ағартушылықтың маңызы, əрине, зор.

Қазақстандағы ағартушылық ойдың қалыптасуына XIX ғасырдың 40–60- жылдарындағы орыс ағартушыларының, əсіресе «батысшылдарының», «славянофилдердің» қайсыбір мұраттары қазақ ағартушыларының жанына жақын келді. Олар (Ш. Уəлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин) Ф. Достоевскийдің, Н. Добролюбовтың, А. Герценнің, В. Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі (Ш. Уəлиханов, А. Құнанбаев) олардың авторларымен таныс болатын. Халықшылдықты тəжірибелік іс-əрекетке жетекші етіп, идеялық бағдарға ала отырса да, нақты- тарихи жағдайда халық бұқарасының екіжақты, яғни, əлеуметтік жəне ұлттық қанаушылық пен жалпы аймақтық артта қалушылық себептеріне байланысты қазақ ойшылдары тұтас алғанда типтік ағартушылық тұғырды ұстанды. Яғни, белгілі қоғамдық топқа, дəлірек бұқара халыққа, бағытталып, қоғамдық прогресті саны басым топтың мүддесі үшін күреспен байланыстырған революцияшыл демократтарға қарағанда қазақ ағартушылары XVIII ғасырдағы Еуропадағы ешбір тап пен сословиені бөле-жармай, жалпы ұлттың атынан сөйледі. Бұл, бір жағынан, көрсетілген кезеңде берілген аймақтың қоғамдық қатынастарының пісіп-жетілгенін аңғартса, екіншіден, осындай ерекше жағдайда жалпы халықтық прогресс идеясы өзекті болғанын жəне оның аса маңызды қоғамдық қажеттілікті бейнелегенін көрсетеді.

Осы ағартушылық идеологияның басты ерекшелігі — оның азаттыққа, бостандық пен теңдікке ұмтылыс ниетіндегі кеңес өкіметіне дейін жəне сол өкімет тұсында өз мəнін жоймаған негізгі идеялық бағыт ретінде сақталуында (М.Дулатов «Оян, қазақ!», М.Жұмабаев «Тəңір», «Мен кім», «Тез барам» т.б., А.Байтұрсынов «Қазақ өкпесі», «Тəні саудың жаны сау», «Қазақша оқу жайынан», Ə. Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, М.Шоқаев, Ж.Аймауытов т.б.). Патша өкіметі мен сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын басынан өткізіп, əділет пен шындық жолында халқының мұң- мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларының халықты оянуға, білімге, оқу-ағартуға шақырған еңбектері халық бостандығы мен теңдігі жолындағы күреспен тығыз байланысты болды.

Ойшылдың ағартушылық дүниетанымының мазмұны оның қазақ ауылдарда діни мектептердің ашылуына қарсы болғанынан да көрініс табады. Керісінше, ол орыс мектептердің ашылуы тиісті деп есептеген. Себебі ол жаңашылдықтың жақтасы бола тұрып, өз елінде білім мен ғылымның таралуын шын ниетімен қалады. Шоқан ресей мен еуропалық ғылым жəне адамгершілік жүйесіне негізделген тиянақты халықтық тəрбиені қалыптастыруға шықырды. Оның көмегімен қазақтардың дəуірлік артта қалушылықты жою мүмкіндігіне жəне дамыған елдердің қатарына қосылуына жол ашылады деп санайды атақты ойшыл.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет