Байланысты: KAZAK DEKORAT F SANATINDA T RK ETNOK LT R N N G R NT LER [#1197717]-2743793
ІSSN-p 1727-060Х ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 104
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері мен атаулары өте көп,
қазіргі таңда 1000-нан астам ою-өрнектердің атаулары белгілі. Осы ою-
өрнектерді мазмұнына қарай негізгі топтарға бөліп қарастырады:
1. Ең көне түрі ретінде космогониялық ою-өрнектер, яғни күн, ай,
жұлдыздар бейнесімен байланысты ою-өрнектер. Олар әлемдік
кеңістік
пен
ғарыштық
мәңгілік
қозғалысты
бейнелеумен
ерекшеленеді. Оған «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн
сәулесі» т.с.с. ою-өрнектің түрлері кіреді.
2. Жануарлардың аттары, олардың дене мүшелеріне т.б.
байланысты туындаған зооморфтық ою-өрнектер. Ою-өрнектің бұл
түрі «қошқар мүйіз», «өркеш», «түйе табан», «аша тұяқ», «ит құйрық»,
«түйе мойын», «арқар мүйіз», «бұғы мүйіз» т.с.с. түрлерін қамтиды.
3. Ұсақ аңдар, жәндіктердің бейнелеріне, атауларына байланысты
ою-өрнектер
тобына
«жыланбас»,
«жылан»,
«жыланбауыр»,
«құмырсқа», «шыбын қанат», «көбелек» т.с.с. жатады.
4. Құстардың аты мен бейнелеріне байланысты ою-өрнектер
қатарына
«құстұмсық»,
«қазтабан»,
«қазмойын»,
«құсқанат»,
«құсмойын»т.б. кіргізіледі.
5. Гүлдік немесе өсімдік тектес ою-өрнектерге «қызғалдақ»,
«райхангүл», «арпабас», «алтыжапырақ», «сегізжапырақ», «гүл»,
«жетігүл» т.б. атаулары бар жапырақ, бүршік, гүлдік оюлары жатады.
Олар жердегі тіршіліктің бірлігі мен бірізділігін ашатын ұғымдарды
танытады.
6. Еңбек және тұрмыстық құралдарға байланысты ою-өрнекке
«балта» «төрт таспа», «түйме», «ожау», «ирек», «тарақ», «қайнар»
т.с.с. жатқызылады.
7. Шаршы, ромб, тіктөртбұрыш, ирек, шеңбер, үшбұрыш, көп
қырлы т.с.с. геометриялық фигуралардың бейнесімен байланысты
шыққан ою-өрнектер [14, 124-б].
Түркілік этномәдениетке тән осындай саналуан түрлі ою-
өрнектердің шығуы мен пайда болуы, дамуы терең мағыналы
бейнелерді
сәндік
қолөнерде
қиюластыра
отырып
асқан
талғампаздықпен қолдануға жеткізді. Ең көне космогониялық ою-
өрнектермен әшекейленген қолөнер бұйымдары бойтұмар қызметін де
атқарған. Сол сияқты, шеңбер күн мен аспанды, шұғыла күн сәулесін,
айшық гүл жарты айды, айгүл ай гүлін білдіріп, өрнектердің ең көне
үлгілері мен әсем бейнелері ретінде әлемге танымал болды. Көне
түркілік бейнелер кейбір ою-өрнектердің мағынасына да енгендігі
белгілі. Мысалы, қошқар мүйіз көшпелі түркілердің дәулетін,
материалдық әл-ауқатын білдірген. Ал егер адам біреуге бақыт пен