Қазақ СӘндік қОЛӨнеріндегі түркілік этномәдениет бейнелері



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата08.06.2023
өлшемі0,77 Mb.
#99777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
KAZAK DEKORAT F SANATINDA T RK ETNOK LT R N N G R NT LER [#1197717]-2743793

 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 
97
Сурет-1. Түркілік этномәдениет саласы ретіндегі қазақ ұлттық ою-
өрнектерінің бейнелік көріністері 
Түркілік этномәдениетінде халықтық қолөнер рухани әрі мәдени 
мұра ретінде қабылданады және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын 
ұлттық тәрбие көзіне, терең тарихтан сыр шертетін көркемөнер 
саласына баланады. Түркі халықтарымен қатар, қазақ халқының 
қолөнері тарихы мен даму ерекшеліктері де ерте заманнан бері жасап 
келе жатқан санқырлы түркілік мәдениетімен етене байланыста 
қарастырылуы да заңдылық болып танылады. Әртүрлі жанрдағы
стильдегі қолөнер бұйымдарын жасаудағы кездесетін этномәдени 
бейнелер сақ, ғұн, үйсін, қыпшақ т.б. ерте түркілік халықтардың 
мәдениеті мен тарихынан, тыныс-тіршілігінен, дүниетанымынан, 
өнерінен сыр шертетіндігі дәлелденген.
Түркілік этномәдениет мазмұнын құраушылардың ішінде 
қазақтың халықтық қолөнерін зерттеуде өнертанушы ғалым С.М. 
Дудиннің еңбегі зор. Ол алғашқылардың бірі болып қазақ өрнектерінің 
көптеген үлгілері мен нұсқаларын қағаз бетіне түсіріп, оның дамуына 
елеулі үлес қосты. Ғалым алаша, текемет, басқұр сияқты жүннен 
жасалған қолөнер бұйымдарымен қатар, кебеже, есік, сандық, асадал, 
киіз үй сүйектері сияқты ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары мен 
олардағы әртүрлі өрнектердің түрлері мен мән-мазмұны туралы 
зерттеулер жүргізіп, ауқымды ғылыми талдаулар жасады. С.М.Дудин 
орыс шығыстанушы ғалымы және суретшісі ретінде 1893 жылдан 
бастап жиырма жылдан астам Қазақстан және Орталық Азия бойынша 
ондаған экспедициялардың құрамында болып, қазақ халқының 


 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет