Қазақ СӘндік қОЛӨнеріндегі түркілік этномәдениет бейнелері



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата08.06.2023
өлшемі0,77 Mb.
#99777
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
KAZAK DEKORAT F SANATINDA T RK ETNOK LT R N N G R NT LER [#1197717]-2743793

 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 
100
Ол өнермен дүние табар түбінде», – деген өсиеттері бүкіл 
түркілік халықтардың этномәдениет мазмұнында әрдайым кездесіп 
отырады. 
Түркілік этномәдениетінің көрнекті өкілі, дала ойшылы Махмұд 
Қашқаридің рухани мәдениетке зор үлес қосқан еңбектерінде: «Өнер, 
білім ізгі, үйренуден өркөкірек болма, жиренбе», «Өнер-білімсіз, 
сынақта қиналар» деп жастардың ой-санасын өнер-білімге бағыттап
халықтық өнердің маңыздылығын паш етті. Ғұлама түркілік 
этномәдениеттегі қоғамдық өмірдің негізгі бағытын, яғни адамның 
рухани-адамгершілік негізін көрсетіп берді. Халықтық тәлім-
тәрбиенің, мәдениеттің өзегіне түріктердің адам мен әлем, тұлға мен 
дүниетаным, жан мен тән, рух пен жүректі жатқызады [12, 124-б]. 
Қ. Болатбаев еңбектерінде өнертанушы ғалым В. Чепелевтің қазақ 
халқы ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты деген тұжырымына 
сәйкес, ұлттық қолөнерімізде кездесетін ою-өрнектер халықтың 
тарихын, шежіресі мен мінезін, ерлігін, тұрмыс-салтын, дәстүрін 
айқындайтын бейнелер болып табылатындығы айқындалған. Яғни, 
түркі халықтарының ұлттық қолөнер туындыларындағы санқырлы 
оюлар мен өрнектер элементтерін тарихы мен дүниетанымдық 
сипатын анықтайтын түркілік этномәдениет бейнелеріне жатқызуға 
болады [13, 86-б]. 
Түркілік этномәдениетте қолөнер халықтың белгілі-бір тарихи 
кезеңіндегі таным-түсінігінен, өмір салтынан, әдемілік пен сұлулық 
туралы түйсік-талғамдарынан сыр шертеді. Түркілік этномәдениет 
болмысын танып-білуде түркі халықтарының санғасырлық қолөнеріне 
байланысты ұғымдар мен терминдерді жинап, символикалық мәнін 
аша отырып, этимологиясына зерттеулер жүргізудің маңызы зор. 
Себебі ұлттық қолөнеріміздің алуан түрлерінің әшекейленіп 
безендірілуі тікелей осы ою-өрнектермен өлшеніп бағаланады. Яғни, 
түркілік 
этномәдениетте 
ұлттық 
қолөнерде 
кездесетін 
ою-
өрнектеріміздің белгілі бір түркі халқына тән негізгі стильдік, 
мазмұндық ерекшеліктері сол халықтың ұлттық таңбаларымен
бейнелерімен, 
дүниетанымдық, 
композициялық 
шешімдерімен 
сабақтасып, тоғысып жатады. Мәселен, қазақтың «Қошқар мүйіз» 
өрнегі түркілік этномәдениеттегі дүниетанымда қорғаныс, мал 
басының молаюын, дәулетті білдірсе, өсімдік, көкөніс өрнектері 
ұрпақтың көп болуын тұспалдап анықтап тұрады. Түркі халықтарының 
қолөнерінде, ою-өрнек мазмұнында осындай мысалдар мен дәлелдер 
өте көптеп кездеседі.
Педагог-суретшілер Қ. Болатбаев, Ж. Балкенов еңбектерінде 
барлық түркі халықтарының сәндік қолөнерінде бас киімдер көрнекілік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет