Байланысты: KAZAK DEKORAT F SANATINDA T RK ETNOK LT R N N G R NT LER [#1197717]-2743793
ІSSN-p 1727-060Х ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 105
еркіндік тілесе, онда құсмұрын, құсқанат өрнек бейнелері бар бұйым,
кәдесый сыйлаған.
Түркі халықтарының ішінде татар халқының ежелгі және күрделі
этномәдениетіндегі
көркем
бейнелер
көркемөнер,
қолөнер
шығармашылығында айқын көріністер береді. Өзінің тұрмыс-
тіршілігімен,
дүниетанымымен
жақын
жерде
қоныстанған,
оқшауланған халықтардың қолөнерінен өзіндік ұлттық ерекше
белгілеріме сипатталады. Сондықтан, мысалы, киім-кешектерді,
тұрмыстық заттарды, үйлерді безендіру үшін қолданылатын татар ою-
өрнектері ерекше мәнге ие.
Адамдардың өмір салты әртүрлі бұйымдарды безендіру үшін
қолданылатын өрнектерге айтарлықтай әсер еткендігін геометриялық,
зооморфтық, гүлді болып үш түрлі топтарға бөлінген татар оюлары
мен өрнектерінен байқауға болады. Ою-өрнектерді ұлттық шеберлер
ежелден қолданбалы өнердің көптеген салаларында: сәулет, кесте,
кескіндеме, ағаш ою өнерінде қолданған. Өсімдік негіздегі татар ою-
өрнегі ең көп таралған өрнектер қатарына жатқызылады. Әр халықтың
өзіне ғана тән нышандары болатыны сияқты, түркі тектес татар
халқының этномәдениетінде көптеген шеберлер негізгі мотив
қызғалдақ болып табылатын татар оюын кеңінен пайдаланады. Татар
этномәдениетінде көктемнің алғашқы гүліне саналатын қызғалдақ
өрнегі мен қазақтың Гүл өрнектері астасуынан туындайтын өрнектер
түркі этномәдениетіндегі қайта туылудың бейнесі мен символын
анықтайды (сурет-9,10).
Сурет-9. Татар халқының Қызғалдақ өрнегінің сәндік қолөнер бұйымы - тақияда
қолданылуы.
Сурет-10. Қазақ халқының Гүл өрнегінің ұлттық қолөнер түрі - кестеде қолданылуы