Қазақ СӘндік қОЛӨнеріндегі түркілік этномәдениет бейнелері



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата08.06.2023
өлшемі0,77 Mb.
#99777
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
KAZAK DEKORAT F SANATINDA T RK ETNOK LT R N N G R NT LER [#1197717]-2743793

 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 
106
М.Гайдышева, А.Парняков зерттеулерінде Қиыр Шығыстағы 
байырғы халықтардың көпшілігінің басым діни нанымы ретіндегі 
шамандықты ата-баба рухтарына деген сенім деп есептеп, шамандық 
деп рухани күштермен байланысқа түсетін бақсының көмегімен адам 
мен рухтың өзара әрекеттесуіне сенуді анықтаған. Ал көне түркілерде 
бақсылық әрқашан тылсымдық, ғасырлық дәстүрлер мен шешілмеген 
қайшылықтармен 
қаныққан 
рухани-мәдени 
құбылыс 
ретінде 
қарастырылды. Бақсылар қорғаушы және көмекші рухтары бар 
адамдар мен рухани әлем арасындағы делдал болып табылды.
Көмекші рухтар жабайы жануарлар (жолбарыс, аю), құстар 
(бүркіт, үкі) т.б. арасындағы ұқсастықтарды жиі қабылдап отырған. 
Түркі халықтарының этномәдени ықпалы ретінде нанайлардың да 
түсінігінде өмір ағашының маңызды ерекше болды. Өмір ағашының 
мәні нанай халқының этномәдениетінде ұрпақты болу және болашақ 
ұрпақ бейнелерін білдірді (11-сурет).
Сурет-11. Өмір ағашы 
Бұл ағаштар аспанда өскен деп есептеліп, әр әулеттің 
бұтақтарында өмір сүретін, құстың кейпіне еніп, жерге түскен 
адамдардың жаны бар өз ағашы болды [17, 143-б]. 
Қорытынды 
Қорыта келгенде, түркі халықтарының этномәдениет мұраларын 
сараптау нәтижелері бойынша қазақ сәндік қолөнері де өз бастауын 
көне түркі мәдениетінен алғандығын көрсетті. Түркі халықтарының 
көркем мәдениетінің мұралары болып табылатын сәндік қолөнері 
өзінің алуан түрлілігімен, терең мазмұндылығымен, өзара тарихи 
байланысқан, интеграцияланған бай дәстүрлерімен, дүниетанымдық 
наным-сенімдерімен, көзқарастарымен түркілік этномәдениетке өзіндік 
үлес қоса беретіні анық. Көшпенді түркілерде ою-өрнектердің 
символикалық мәнін біліп, олардағы өмір, тіршілік туралы өз 
идеяларын оқи алатын. Киіз үйдің, шаңырақтың сұлбасы да дөңгелек 
әлемді геометриялық ою-өрнекпен бейнелеумен сипатталады. Сол 
сияқты, адалдық, достық, күш, шаршамау идеясы жұпталған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет