ІSSN-p 1727-060Х
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022
94
Ұлы
Дала жерін мекендеген, әлем өркениетінің дамуына зор үлес
қосқан түркі дүниесінің мәдениеті мен өнерін рухани жаңғырту
жолдары белгіленіп, оның маңыздылығы айқындалып берілді [3, 2-б].
Адамзаттың данышпаны, түркі дүниесінің асыл қазынасын
дәріптеуші ғұлама ғалымымыз Әбу Насыр
Әл-Фараби өзінің әйгілі
трактаттарында адам бойындағы бақытқа жеткізетін он екі қасиетті
дамытып тәрбиелеуі қажет екендігін көрсете келе, өнер-білімге құмар,
ақыл-ойын ұштап отыратын көреген, алыстан ойлайтын,
әрбір істің
шешімін таба білетін адам болуы шарт деп көрсеткен [4, 147-б]. Сол
сияқты, Жүсіп Баласағұн өзінің атақты «Құтты білік» еңбегінде түркі
халықтарының ғылымының, өнері мен тілінің тынысын анықтап,
рухани өмірінің қыр-сырын сипаттады. Бұл шығармасында түркі
халықтарына ерекше тиесілі жақсы тілек, жақсы сөз, жақсы іс сияқты
рухани мәдениет тізбегін көрсетеді. Түркі халықтарының рухани асыл
қазынасын көріп өскен данышпан Ж.Баласағұн түркілік этномәдениет
құндылықтары ретінде мыналарды анықтап берді:
-
ақыл, ақылдылыққа тәрбиелеу (оны ашулану, өшігу
күңгірттендіреді);
- достық, достыққа баулу (оны күншілдік бұзады);
- ар-ұят (оны ашкөздік пен тойымсыздық жеңеді);
- жақсы орта және отбасы тәрбиесі (оған
нашар орта кері әсер
етуі мүмкін);
- бақыт (оны қызғаншақтық бүлдіреді);
- қарым-қатынас әдебі (оған бар нәрсе әсер етеді);
- тіл әдептігі, қасиет сипаты.
Ж. Баласағұн өнер-білімнің адами қасиеттерді қалыптастырудағы
маңыздылығы туралы:
...Адамды хақ жаратты да ескерді:
Оған ақыл, білім, өнер, ес берді.
Көңіл берді әрі тілін тербетті,
Ұят берді, берді құлық, келбетті.
Оларсыз еш іс бітпейді емес пе? – деп айта келе, түркі
халықтарының адамгершілік тәртібіне, рухани мәдениетіне баса көңіл
аудара отырып, түркілік этномәдениет сипатын көрсетті [5, 309-б].
Махмұт Қашқари түркілерді көрікті, өңдері келіскен, жүздері
мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәделеріне
берік, мақтану
мен тәкаппарлықты білмейтін, қаһарман да, қайсар,
батыр ел болғандығын және тарихын жатқа білетін, өнері мен өнегесі
бірге жүретін, ата-бабалар өсиеті мен мәдени мұраға аманат ретінде
қарайтын халық ретінде көрсетеді [6, 35-б].