ІSSN-p 1727-060Х ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 95
Қожа Ахмет Ясауи өз хикметтерінде имандылық пен рухани
кемелденуді, ізгілік идеяларын насихаттауды тығырықтан шығудың
нағыз жолы деп, түркі халықтарының өз тілінде ақыл айтып, уағыз
жасап, түркілік этномәдениеттің зор үлгісін көрсетті. Ясауи мұралары
ар тазалығы мен жан тазалығына зер салуға бағытталып, халқымыздың
«малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» деген
философиялық көзқарасын насихаттауға арналып, бүкіл түркі
халықтарының этномәдени құндылығына айналып отыр [7, 178-б].
Тақырыпты таңдауды дәйектеу және мақсаты мен міндеттері Еліміздегі мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге
асыру барысында жас ұрпақты халқымыздың этномәдениетін дамытуға
тәрбиелеу, ұлттық өнерімізді дәріптеу сияқты күрделі әрі көпсалалы
жұмыстар жүзеге асырылуда. Ал «Мәдени мұра» бағдарламасы
жастарды рухани мәдениетке тәрбиелеуді, халықтық көркемөнердің
тарихын, өнертаным мен ұлттық сәндік қолөнер негіздерін білу
жұмыстарын жандандыруға және оларды әлемдік деңгейге көтеруге
бағытталған түркілік этномәдениеттен, қазақтың терең өнер тарихынан
нәр алғызатын кең ауқымды этномәдени шараларды қамтуда. Соған
сәйкес, мақалада қазіргі әлемдік, халықаралық мәдени интеграция
кезеңінде қоғамымызда өскелең ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыруда халқымыздың мәдениеті мен өнерін, тарихын танып-
біле
отырып,
түркілік
этномәдени
міндеттерді
шешудің
маңыздылығын ашу көзделеді.
Түркілік этномәдениетте өзіндік мол тарихы мен салаларын
қамтитын қазақ халқының сәндік қолөнері ерте ғасырлардан өшпес
мәдени мұра болып қалыптасқан, өзіндік сипаты мен даму
ерекшеліктеріне бай, төрткүл дүниеге танымал көне өнер түрі ретінде
саналып өте құнды бағаланады. Өйткені Ұлы Дала дүниетанымын,
кеңдік пен адалдықтың, көшпенділік көзқарастың бейнелерін, ойлары
мен фантазиясын бірге тоғыстыратын халқымыздың бұл өнер түрі
көнетүркілік этномәдениетімен тарихи астасып, көркемдік өмір сүру
салт-дәстүрі ретінде жасап, дамып, осы күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып, дәстүрлі көркемөнердің төл саласы болып қазірге дейін
жетіп отырғандығы айқындалады.