Байланысты: KAZAK DEKORAT F SANATINDA T RK ETNOK LT R N N G R NT LER [#1197717]-2743793
ІSSN-p 1727-060Х ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 97
Сурет-1. Түркілік этномәдениет саласы ретіндегі қазақ ұлттық ою-
өрнектерінің бейнелік көріністері
Түркілік этномәдениетінде халықтық қолөнер рухани әрі мәдени
мұра ретінде қабылданады және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын
ұлттық тәрбие көзіне, терең тарихтан сыр шертетін көркемөнер
саласына баланады. Түркі халықтарымен қатар, қазақ халқының
қолөнері тарихы мен даму ерекшеліктері де ерте заманнан бері жасап
келе жатқан санқырлы түркілік мәдениетімен етене байланыста
қарастырылуы да заңдылық болып танылады. Әртүрлі жанрдағы,
стильдегі қолөнер бұйымдарын жасаудағы кездесетін этномәдени
бейнелер сақ, ғұн, үйсін, қыпшақ т.б. ерте түркілік халықтардың
мәдениеті мен тарихынан, тыныс-тіршілігінен, дүниетанымынан,
өнерінен сыр шертетіндігі дәлелденген.
Түркілік этномәдениет мазмұнын құраушылардың ішінде
қазақтың халықтық қолөнерін зерттеуде өнертанушы ғалым С.М.
Дудиннің еңбегі зор. Ол алғашқылардың бірі болып қазақ өрнектерінің
көптеген үлгілері мен нұсқаларын қағаз бетіне түсіріп, оның дамуына
елеулі үлес қосты. Ғалым алаша, текемет, басқұр сияқты жүннен
жасалған қолөнер бұйымдарымен қатар, кебеже, есік, сандық, асадал,
киіз үй сүйектері сияқты ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары мен
олардағы әртүрлі өрнектердің түрлері мен мән-мазмұны туралы
зерттеулер жүргізіп, ауқымды ғылыми талдаулар жасады. С.М.Дудин
орыс шығыстанушы ғалымы және суретшісі ретінде 1893 жылдан
бастап жиырма жылдан астам Қазақстан және Орталық Азия бойынша
ондаған экспедициялардың құрамында болып, қазақ халқының