ІSSN-p 1727-060Х
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022
99
Сурет-4. Кебеже ою-өрнегінің көне түркілік мотивтері
(С.М.Дудин салған суретінен фото)
Сол сияқты, халықтық қолөнеріміздің түркілік тарихи мәні мен
сипатын беруде Ә. Марғұлан, С. Қасиманов, М.С. Мұқанов,
Ж.
Балкенов, Қ.Е.Ералин еңбектеріндегі тұжырымдарды айтуға
болады. Мәселен, профессор Ж. Балкенов түркілік этномәдениеттегі
қазақ ұлттық ою-өрнектерін қазақ халқының
мәдени жетістіктерінің
негізгі бөлігі және заңды жалғасы ретінде бағаласа, профессор
М.С. Мұқанов қазақ ою-өрнектерін әртүрлі
стильдердің синтезі әрі
стильдік қалыпқа түскен элементтердің бейнелерінен тұратын алуан
түрлі әшекейлерге жатқызды. Ал, профессор Қ.Е. Ералин түркілік
этномәдениетте өзіндік орны бар қазақ ою-өрнектерін көркем
бұйымдарды әшекейлеудің ең басты
көркемдік элементі деп
тұжырымдады [11, 32-б ].
Түркі халықтарында өмірді игілендіруші этномәдениетінде
ертеден қалыптасқан салт-дәстүрлер өте мол болған. Олар табиғатпен
етене
байланыста,
қарым-қатынаста,
халықтың
ауызша
шығармашылығында,
таңғажайып
халықтық
өнерінде,
киім
әдемілігінде, қонақжайлық қағидаларында, жақсы мінездің ізгі әдеттері
мен әдептілік ережелеріне бөлініп отырған. Оған:
«Сөз, өсиет – мұра өліден тіріге,
Мирас тұтса, пайда өзіңе, тіліңе», –
деген нақыл сөздер дәлел
бола алады.
Сол сияқты, халқымыздың:
«Ұлыңды үйрет күллі өнер, білімге,