Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата06.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#71969
1   2   3   4   5
Байланысты:
қазақ сөз этикеті

Жолың болсын! –Аумин!; Үй-іші тегіс аман ба? — (Құдайға) шүкір; Ертең кездесеміз ғой. — (Құдай) 
бұйыртса (қаласа). 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері 
Серия «Филология». № 3(67)/2012 
57 
Келтірілген мысалдардан байқағанымыздай, кез келген қазақ тілінде сөйлеуші бұл жауаптардың 
түпкі семантикалық пресуппозициясын айқындай алады. Қазақ сөйлеу тіліне тəн импликатуралар 
арқылы адресат стимулдың иллокуциясын қалай қабылдағанын, яғни, стимул бойындағы реактивті 
тапсырмамен келісетінін не келіспейтінін, болмаса оны растайтынын не қарсы келетінін көрсетеді. 
Мұндай жауаптар стимул интенциясымен ұтымды үйлесіп, коммуниканттар арасында түсіністік 
орнатуға қызмет етеді. Өйткені олар тыңдаушы санасында орныққан. Осындай тілде бар дайын 
жауаптар қандай сөйлеу жағдаятында жұмсалса да, өздерінің иллокутивті қызметін орындайды. 
Мысалы, төмендегі стимул-репликаларға бағытталатын дайын жауаптардың ерекше түрлері бар: 
 Армысыз, əз аға! Асыл аға! — Бар бол, немен жүрсің, жарқыным? [5;11]. 
 Ассалаумағалайкум, Балта аға! Келдіңдер ме кешікпей... — Ақанбысың, əліксалам... 
Аманбысың, жарқыным (Құшақтасып амандасады) [5;103]. 
 Күйлі, қуаттымысыңдар, шешелерім! — Шүкір, қарағым... [5;181]. 
 Көбеймісің, жарқыным? Аз ауыл Тобықтың не күйде? Елің, ерің аман ба, ұлдарым? — Ел 
тыныш, ер аман, баба! [5;8]. 
Адресаттың бұл тіл бірліктерін қолдана алуы, яғни, белгілі халықтың мұндай тілдік ерекшелігін 
білгені оның дүниетанымы, тəрбиесі, білім қоры деңгейінің көрінісі. «Қазақ баталары халық 
дүниетанымына сай негізделген рухани байытушы мəтін болғандықтан, бата деп аталғаннан-ақ не 
айтылатыны жəне қалай айтылатыны нақты болмаса да əр қазақтың ұғымында бата мəтіннің 
прагматикалық формасы қалыптасады. «Бата» атауынан-ақ жақсылықтың нышаны елес беріп, 
жүрекке жылылық ұялатады» [3;81]. 
Тілек-бата туралы С.Негимов «Ақ бата» (1992), М.Еламжанов «Баталар» (1998), Қ.Ысқақов «Ақ 
бата» (2000), Н.Уəлиұлы «Бата-тілектер» (2003) өз еңбектерінде талдап айтқан. З.Б.Үмбеталина, 
Г.Смағұлова, С.Төлекова, С.Кенжеахметұлы, Н.Өсерұлы жəне т.б. этнограф-ғалымдар еңбектерінде 
бата мен қарғыс мəнді сөздердің топталуы туралы ой қорытқан болатын. Қазақ қауымында өмір 
сүрген би-шешендердің философиялық ой туғызатын бата, тілектерінің атқаратын қызметі зор. Əр 
əлеуметтік топтың өз тілі болады дейтін əлеуметтік лингвистикалық қағидаға сүйенетін болсақ, 
шешендік тіл — зиялы қауымның даналар тілі. Бата адам санасына айрықша формасымен əсер етеді, 
əрі оның негізгі мағынасы ойлау нəтижесінде аңғарылады. Ол бата берушінің өз басынан өткен, 
өмірдегі оқиғалардан алынған, алайда дəлелдеуді қажет етпейтін шындықты рухани қорытып 
шығаруы нəтижесінде пайда болады. Бата ықшам жəне жинақы берілген ойды көрсетумен қатар 
қысқа сөзбен түйінделіп отыратын тиянақты, бейнелі ой, оның əр тармағы жеке нақыл ретінде 
қолданылады. Баталар ұлттық-танымдық құрылым негізінде қалыптасатындықтан, қазақ 
болмысының, мəдениетінің рухани дүниетанымының көріністерін бейнелейді. «Бата-тілек айту 
жағдайындағы сөйлеу актісінде суггестор суггерендтен басым түсе отырып, белгілі бір мақсатқа сай 
əрекет етеді. Суггестиялау арқылы прагматикалық дəрежеге жету қатысымға қатысушылардың 
коммуникативтік жағдаятты психологиялық қабылдай алумен қатар, олардың арасында өзара 
түсінушілік, коммуникативті жəне лингвистикалық құзыреті мен тілдік қатынас ұғымдарын ұға 
алатын қазақ ұлты өкілі болуы қажет. Бұл тілек-батаның əрекет уақытында пайда болатын сөйлеу 
түрі емес, жағдаят кезінде тек дайын түрде қолданысқа түсетін сөйлеу түрі екендігін танытады» 
[3;41]. 
Тілек-бата сөздері ауызша сөйлеу үлгілеріне жатады, бата беруде эмоция мен сезім қатар жүреді. 
Сондықтан да бата беру кезеңіндегі психологиялық жағдайды ғалым А.Ж.Машимбаева бірнеше 
топқа бөліп қарастырған. «Олар: 
а) бата беруге дайындық. Мұнда батагөй жалпы ортамен ықпал күшін арттыру үшін 
коммуникативтік қатынасқа түседі, бата берушінің ең алдымен ойлау қабілетінің жылдамдығы 
жоғары болу қажет; 
ə) сөйлесімді қалыптастыру. Бата беру үшін əр түрлі əдіспен қатесіз, дəл мағынада, анық етіп, 
керекті батаға тəн тіркестерді қолдану қажет; 
б) батаның тұтастықта сыртқа шығуы. Сөздің дыбыстық жағынан анық болып, интонация 
бірліктері арқылы ойлаудың сөйлеуге айналуы, бата беру сəтіндегі ортаны ұйытуы немесе эмоцияға 
берілуі; 
в) батаның қабылдануы; 
г) түсінісу. Бұл жағдай батагөйде вербалды, бата алушыда бейвербалды көрініс табады. Негізгі 
мақсаты — бата алушының ойына кей жағдайда əсер етуі» [3;81]. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Ф.Т.Саметова 
58 
Вестник Карагандинского университета 
Бата-тілек, өсиет айту даналардың мəндік-мағыналық ерекше стильдік сөйлеу дəстүрі болып 
табылады. «Бата — біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй 
шалдар — басы бар табақты тартуға алып келгенде, жеп болғанда бата қылады», — деп айтқан 
болатын Ахмет Байтұрсынұлы [6]. Яғни батаны тек парасатты, данышпан, дана адам ғана айта алған. 
Келтірілген мысалда даланың батыл да батыр ұлы Кебекке Абыз бабаның берген батасы: 
Кебек: Бағымды ашсын, батаңды бер, əз аға... Ақбас құндыз алдымды ашсын, бата бер
Абыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет