Қазақ терминографиясының тарихы


- жылдарға дейінгі және қазіргі қазақ терминографиясы



бет3/4
Дата11.12.2023
өлшемі38,92 Kb.
#137263
1   2   3   4
Байланысты:
документ 123

1990 - жылдарға дейінгі және қазіргі қазақ терминографиясы
Кеңес дәуірінде шығарылған сөздіктер сериясының ауқымдысы әрі соңғыларының бірі - 1959-1962 жылдары шыққан терминологиялық сөздіктер сериясы. Осыдан кейінгі кезеңдегі сөздіктер тек аударма терминологиялық түрінде шығарылды және әр тараптан жоспарсыз, сұраныс талаптары ескерілмей, зерттелмей шығарылып келді. Терминологиялық еңбектер тек лексикографиялық талаптардың деңгейінде шығарыла берді. 1990 жылға дейінгі терминографияның осындай бағытта дамуының өзіндік себептері де бар. Ең алдымен, ол ұлттық терминологияның да сол кезеңдегі даму дәрежесімен, терминологиялық бағыттағы ізденістер мен терминдерді реттеу, бірізге келтіру бағытындағы жұмыстардың жүргізілмегендігімен байланысты. Кеңес дәуірінде шығарылған, соның ішінде 1962 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықты қамтитын терминологиялық сөздіктердің әрқайсысын талдап көрсетіп жатпасақ та, олардың құрылымындағы, осы кезеңдегі терминологиялық сөздіктердің дамуындағы жоғарыда көрсетілген ерекшеліктер мен бағыттардың басым болғандығына көз жеткізу қиын емес. Қазақ тәжірибелік терминографиясының тарихы көрсеткендей, қазақ терминографиясының тарихындағы еңбектер – сөздіктер жақсылыжаманды өз қызметтерін жүзеге асырып, терминдерді жүйелеу, реттеу, көпшілік пен ғылыми қауымға жеткізу жұмыстарын түрлі дәрежеде орындап келді. Қазіргі шығарылып жатқан терминологиялық сөздіктер де осы бағыт, осы деңгейде жүзеге асып, түрлі дәрежедегі терминологиялық сөздіктер, түрлі деңгейдегі терминографтардың қолынан шығуда. Олардың бақылануы, сапасының бағалануы да әр түрлі пікірлердің аясында қалып отыр. Қазіргі терминологиялық сөздіктердің ерекшелігі – көпшілігінің басым дерлік сапасыздығы. Сапасыздық оған әсер етуші бірнеше дәлелдермен түсіндіріледі. Сондай дәлелдердің бірі – терминологиялық сөздіктердің басым дерлігінің қажеттілігіне жарамсыз болып қолданылмай жүруі. Сөздік сұранс қажеттілігін өтей алған жағдайда, олардың кез-келген мекемеде, сұраныс уақытын талғамастан пайдаланыла алған болар еді. Өкінішке орай, сөздіктердің пайдаланылмай жүргендігін оған деген қажеттіліктің жоқтығымен емес, қажеттілік жағдайында пайдаланушының сөздікке деген сенімсіздігімен түсіндірілгені орынды. Сапасыздық сөздіктердің соңғы кезеңдерде басым болуының тағы бір дәлелі бір ғылым саласының ғылыми ұғымдарын қамтыған түрлі терминологиялық сөздіктерде бірнеше термин нұсқаларының берілуі.
Сөздік сапасына әсер етуші келесі бір маңызды қозғаушы күш - сөздік кұрылымындағы бірізділіктің, жүйенің сақталмауы. Теориялық терминографияда көрсетіліп жүрген сөздік құрылымында қамтылатын микрокұрылымдық, микрокұрылымдық элементтердің сақталмай жатуы да, пайдаланыстағы қолайсыздығы мен тартымсыздығының өзі қолданушының терминологиялық сөздікті қолдану-қолданбауына анағұрлым ықпал етеді. Сөздіктің құрылымдық жүйесінің дұрысбұрыстығы, ондағы кемшіліктердің аздығы мен көптігі терминдердің, термин туралы ақпараттардың дұрыс берілуіне ықпал етпей қоймайды. Мысалы, қазіргі терминологиялық сөзіктердегі терең ғылыми түсінікті беру мақсатында түсіндірмелі терминологиялық сөздіктерде термин туралы ақпараттың, оған берілетін анықтамалардың күрделі сөйлемдемен беріліп, көпшілік пен сала мамандары емес қолданушыларға түсінікті болмай жатуы қазіргі түсіндірмелі терминологиялық сөздіктер үшін тым қажет емес, әрі жалпы қауымның сұраныстарын қанағаттандыра қоймайды. Бұл жерде терминологиялық сөздік арнап шығарылған адресаттың-пайдаланушының сұранысы мен соған қойылатын өлшем деңгейі сияқты макроқұрылымдық элементтер қазіргі қазақ терминографиясындағы тәжірибелік еңбектерде мүлдем дерлік ескерілмей жатады.
Қазіргі үлкен көлемді, көп таралымды сөздіктердің құрылымындағы терминдерге осы бағыттағы бірнеше тар салалық терминдер сөздігіне тән материалдардың қамтылып берілуі, олардың күрделі түсіндірмелермен жазылуы сөздіктегі ақпараттарды қолдануды қиындатып отырған жағдай. Мысалы, соңғы кезеңдерде шығарылып жатқан "Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіктері" сериясы осындай ерекшеліктерге ие екендігін де жасыруға болмайды. Осы сөздіктердің ішіндегі биология саласына арналған сөздіктен мысал келтірсек, онда: "Желкен - бұршақгүлділер тұқымдасына жататын, өсімдіктердің гүліндегі 5 күлтенің ең үлкені. Ж. ірі, жалпақ, көлемдірек болғандықтан, басқа күлтелерінен ерекше көрінеді. Сондықтан тозаңға қонатын жәндіктерге алыстан тез байқалып, бұршақ гүлінің тозаңдануын жеңілдетеді", - деген түсіндірме берілген1 . Анықтамадағы түсіндірме көпшілікке желкен өсімдігі туралы жалпыға ұғынықты түсіндірме бере қоймайды, әрі түсіндірме тым күрделі ғылыми анықтама беруге ұмтылған түсіндірме түрін негіз етіп алған.
Қазіргі терминологиялық сөздіктер құрылымындағы өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, осы сияқты нақты заттардың, бөлшектердің атауын түсіндіретін жаратылыстану ғылымдарының, техника ғылымдарының терминологиялық сөздіктерінің қай-қайсысында болса да осындай иллюстрациялық материалдар, сызбалар арқылы анықтама, түсіндірме берудің энциклопедиялық сөздіктерде колданылатын тәсілдерінің қолданылуы қазіргі қазақ терминографиясындағы сөздіктердің жақсартуға сеп болар еді. Түсіндірме мәселесіне қайта оралсақ, терминология мен терминографияға қатысты еңбектерде терминологиялық сөздіктерде берілетін түсіндірмелер мен анықтамалардың ғылыми күрделі дефиницияны түсіндіруі немесе тілі жеңіл тиетін ұғынықты түсіктемені ғана беруі жөнінде екі жақты даулы пікірлердің барлығы анық. қазіргі қазақ қоғамына қажеті – ұғынықты тілмен жазылған түсіндірменің де емес, қысқа әрі түсінікті мәлімет беретін түсініктеменің қажеті. Мұндай анықтама түрі қазіргі қазақ терминографиясындағы аударма терминологиялық сөздіктерге қажет. Аз ғана уақыт бұрын жарық көрген 31 томдық терминологиялық сөздіктен ғылыми-көпшілік қауымның көп ілгерілеушілік күткені, сонда болса басым көпшіліктің сұранысы мен талабына сәйкес келе бермегендігі белгілі. Аударма терминологиялық сөздік түрінде шыққан бұл терминологиялық сөздіктер сериясының басты кемшілігі – екі бағанында кірме терминдерді де аудармасы бар терминдерді де қатар тізіп бере салғандығы. Ал аудармасы терминдердің ішінде кейін аударылған терминдердің түсініктілігі немесе нақтырақ айтқнада, түсініксіздігі жағынан тұлғасы түсініксіз болып қала берген кірме терминдердің жағдайымен бірдей дәрежеде қалғандығында. Яғни, бұрынғы аударма сөздіктерден ешбір айырмашылығының болмай, аударма терминологиялық сөздік жасау ісіндегі ізденістің болмағандығында болды. Бұл айтып өтілгендей, 1990 жылдарға дейінгі және одан кейінгі қазіргі кезге дейін шығарылып жатқан аударма терминологиялық сөздіктердің барлық дерлігінің осы сипатта шығарылып келгендігін байқауға болады. Демек, аударма сөздіктерде айтып өткендей, ең болмағанда, кірме терминдерге немесе жаңа аударылған терминдерге қатысты қысқаша түсініктеменің ұғынықты тілмен түсіндірілгені абзал және қоғам қазіргі қазақша-басқа тілдегі аударма терминологиялық сөздіктерден күтіп отырған талап деп білу керек.
Тіпті қазіргі уақытта қазақ терминологиясы терминдерді қалыптастырудың жаңа кезеңінде бастан кешіп жатқан жағдайда термин туралы қысқаша түсініктеменің берілгені, терминнің қалыптасуын жеңілдетіп қана қоймай, ол туралы мәліметтің түсініктілігіне жетелейді.
Қазіргі қазақ лексикографиясында болсын, терминографиясында болсын, сөздік статусына, яғни, мәртебесіне деген көзқарастың жоқтығы бүгінгі сөздік шығарушылар мен сөздік шығару ісінде кең тараған кемшілік. Қандай сөздік түрі болмасын, сөздік, айтылып, көрсетіліп өткендей, кез-келген маман, кез-келген жеке тұлға мен тұлғалар шығара салатын еңбек емес. Екіншіден, әр саланың терминологиялық сөздіктерінің түрлері бір координаңия лық орталықтың бақылау жасауымен, жоспарлауымен, зерттеуімен жасалып, мемлекеттік дәрежеде оның бір ғана нұсқасы эталон дана ретінде шығарылып, тарауы тиісті. Демек, қазіргі қазақ терминографиясындағыдай, әрі екі немесе бірнеше авторлардың әр тараптан сөздік шығара салуы немесе шығаруы терминологиялық сөздіктердің шығарылуындағы ретсіздікті және соған сәйкес терминологиялық сөздік шығару ісіне деген жауапкершіліктің төмен дәрежесін көрсетеді. Терминологиялық сөздіктердің шынайы болмысына мән берсек,терминологиялық сөздіктер, жалпы* "сөздік" ұғымы терминдер туралы, оның тұлғасы мен ғылым салаларын дағы білдіретін мағынасы туралы мәлімет алуда негізгі тірек еңбек ретінде пайдаланылатын терминографиялық жұмыс болуы тиісті. Сондықтан ол мемлекет ауқымында шығып, барлық жерде бір ғылым саласының терминологиялық сөздігінің бір ғана түрінің қолданыс табуы қажет. Олай болмаған жағдайда, әр тараптан шығарылатын, әр жерден, әр авторлардың белсенділігімен шығатын терминологиялық сөздіктер арқылы терминдердің қолданысын, жасалуын бірізге түсіріп, үйлестіру қиынға соқпақ. Әр автор немесе бірнеше авторлар тарапынан шы ғарылатын сөздіктердің әрқайсысында бір терминдік ұғым дефинициясының әр түрлі нұсқасының берілуі жалғаса берері хақ. Бұл орайда "сөздік" ұғымының мәртебесіне терминологиялық сөздік құрастырумен айналысушылардың жіті мән беріп, оған деген жауапкершілікті арттыра қарағандары жөн деген ойдамыз. Сондықтан "сөздік" ұғымы табиғатының тереңіне үңіле отырып, сөздік жасау ісіне жоғары дәрежедегі жауапкершілікпен қарай отырып, терминологиялық сөздік құрамында қамтылатын терминнің қалыптасқан, қолданыс тауып, қолданушылар тарапынан күдік тудырмайтын термин болуын қадағалап терминографиялық еңбек шығару терминологиялық сөздіктер сапасының жақсаруына ықпал етпек. Расында да, сөздік заңдық күші бар құжаттың күшіне пара-пар келетін эталон еңбектің түрі болуы және соған сәйкес мемлекет шеңберінде ғылым салаларына қатысты әр терминологиялық сөздік түрінің бір ғана қабылданған нұсқасы жарық көріп, тарамақ керек.
Сөздік сапасына едәуір ықпал етіп отырған факторлардың бірі - сөздік шығару ісі туралы қате түсініктің болуы. Мұндай қорытындыға келуіміздің себебі - қазіргі қазақ қоғамында дамыған елдерде қалыптасқан терминологиялық сөздіктер шығару ісіне қатысты дұрыс түсініктің болмай отыруы. Дамыған елдердің терминографиясындағы теориялық қағидалар мен жинақталған тәжірибелерге, қалыптасқан түсінікке сүйенсек, екінің бірі сөздік шығара салу ісін қолға алмайды екен. Олар үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, сөздік шығаруды жеке адамның немесе жеке адамдар тобының жүзеге асыратын тобы деп есептемейді. Керісінше, жауапкершілікті мойындарына ала, сезіне отырып, сөздік сияқты жауапты ғылыми еңбекті жазудан көбіне бас тартады.
Бұл - терминографиялық сөздіктерді шығаруға ешкімнің құқығы жоқ немесе мемлекет ішінде терминологиялық сөздік, басқа да сөздік түрлері шығарылмасын деген сөз емес. Тек ол сапалы түрде және белгілі бір уақыт жиілігі аралығында қоғамның, көпшіліктің сұранысы мен қажеттілігіне сәйкес сапалы түрде шығарылуы және мемлекетте онымен айналысатын арнайы мекеменің болуы қажеттілігін, сол салаға маманданған терминологтар мен терминографтардың ісі екендігінен мәлімет береді.
Қазіргі қазақ терминографиясындағы сөздіктерге тән ерекшеліктердің тағы бірі - компьютерлік техника ісінің дамуымен де байланысты. Компьютерлік техниканың, соған сәйкес баспа ісінің ілгерілеп дамуы сөздіктер санының көбеюіне, терминологиялық сөздіктердің көптеп шығарылуына әсер етпей қойған жоқ. Бұл теру ісін, дайын мәліметтерді жинақтап, қайта бастырып шығару істерін жеңілдетті. Алайда, бұл жеңілдікті терминографтар дұрыс түсініп, үнемделген уақыт пен күшті сөздік құрылымы мен сапасын жақсартуға, әлемдік лексикография мен терминографияда шығарылып жүрген сияқты тиімді де, икемді басқа да сөздік түрлерін құрастыруға толығымен жұмсай алмай жүргендігін де айтпай өтуге болмайды.
Аталған кемшіліктер мен терминологиялық сөздіктер шығару ісіндегі көрсетілген факторларды кейінгі кезеңдерде, әсіресе 1990 жылдардан кейін шығып жатқан сөздіктердің барлығынан дерлік табуға болады. Бұл орайда, осыған дейін шығып келген және шығып жатқан терминологиялық сөздіктердің терминдерді ретке келтірудегі тиімді жақтарын, терминографтардың атқарған еңбектерін мүлдем жоққа шығарып, ескермеуге тиісті емеспіз. Бұл да ғылыми мәдениет пен әдеп тұрғысынан орынсыз екені түсінікті. Оның үстіне, кемшіліктері бола тұрса да бірқатар терминдер туралы өз еңбектері арқылы түрлі деңгейде мәліметтерді көпшілікпен таныстырып, бірқатар терминдердің қолданыс табуына сеп бола білді. Тек, "сөздік" мәртебесі туралы айтылғандарды, әлемдік терминографиядағы бұл жөніндегі қалыптасқан түсініктерді ескерсек, мұндай кемшіліктері бар сөздіктер "сөздік" атауын иемденіп емес, "сөздік жобасы", "экспериментті сөздік" сияқты басқаша аталған нұсқада баспадан жарық көруі тиісті еді.
Ендігі кезекте барлық шығарылған сөздіктерді, ондағы мәліметтерді пайдаланып, айқындалған кемшіліктерді негізге ала отырьш, олардың қатарын әлі де зерттей, анықтай отырып, тиімді сөздіктің әлемдік лексикография мен терминографияда бар түрлерін айқындап, олардың қазақ қоғамына қажеттісін белгілеп, сапалы терминологиялық сөздіктер шығаруға бет бұрудың орынды екендігін аңғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет