Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата07.01.2022
өлшемі6,06 Mb.
#20556
1   2   3   4   5   6   7   8   9
жетекші  рөлі  принципі.  Бұл  принципті  балалардың

теорияны  жаттауы,

терминдерді  есте  сақтауы  деп  түсінбеген  жөн.  Керісінше,  оқыту  барысында

қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін

жеткізу,қорытынды жасауға дағдыландыру.

Дамыта  оқыту  жүйесі  дидактикалық принциптерінің ішінде  «Оқытудың

тәрбиелік  мәнінің болуы»  жайлы  ешнәрсе  айтылмайды. Өйткені  оқушылардың

адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру  арнайы  жарияланбағанымен  тұтас  жүйе,

оның құрамдас бөліктері, әдістері арқылы іске асып жатуы ойластырылған.

Бұл жүйенің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім

өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз.

Л.В.  Занков  жүйесінде  арнайы,  жаңадан  ойлап  табылған әдіс-тәсіл  жоқ.

Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады [20].

Л.В.  Занков  ақыл - ой қызметінің төмендегідей  көрсеткіштері  дамуды  іске

асырады  деп  есептейді.  Олар  байқампаздық,  өз  ойын  еркін  жеткізе  білу,

практикалық іс - әрекеттер атқара білу. Ал В.В. Давыдов ақыл - ойдың дамуының

көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас  алғанда  барлық ғалымдардың даму  туралы  ойлары  оқыту  барысында

баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және

оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

Дамыта  оқытуда  баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру  басты

назарда ұсталады.  Ол үшін  бала өзінің бұған  дейінгі  білетін  амалдарының,




24

тәсілдерінің жаңа  мәселені шешуге  жеткіліксіз  екенін  сезетіндей  жағдайға  түсуі

керек.  Содан  барып  оның білім  алуға  деген  ынта-ықыласы  артады,  білім  алуға

әрекеттенеді.  Сабақ мұндай  жағдайда  төмендегідей үш құрамдас  бөліктерден

тұрады:

оқу мақсаттарының қойылуы;



оны шешудің ж

олын бірлесе қарастыру;



шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл – үшеуі  дамыта  оқытудың Д.Б.  Элконин – В.В.  Давыдов  жасаған

жүйесінің негізгі құрылымдары.

Оқушы  алдына  оқу  мақсаттарын қоюда  ешқандай  дайын үлгі  берілмейді.

Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім

сабақ  үрдісін ұйымдастырушы,  бағыттаушы  адам  рөлінде  шешім  табылған  кезде

әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын,

пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық

жағдайда  дұрыс  бола  бермес.  Дегенмен әр  бала  жасаған  еңбегінің нәтижесімен

бөлісіп,  дәлелдеуге  талпыныс  жасайды,  жеке  тәжірибесін қорытындылауға

үйренеді.

Мұндай  көзқарасты ұлы  Абай  да  уағыздап  кеткендігіне  тоқталған  жөн.

Қоршаған  ортаның шындығын  мойындай  отырып,  Абай  ақыл  мен  сана  еңбек

барысында қалыптасатындығын  айтады.  Ол  адамның ішкі  сезімді қуаттарын

біртұтас  етіп  алады.  Оның он  жетінші  сөзіндегі қайрат,  ақыл,  жүректің сөз

таластыруында  тек  бірлесіп  ынтымақтасқан  жағдайда ғана  күш  алатын үш  түрлі

жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан

бұл  мәселенің  ұлттық психологиямыз  бен  философиямызда  да  ежелден  көтеріліп

келе жатқандығын көруге болады.

80-жылдардың аяғында Қазақстанның  қоғамдық-саяси өміріндегі  болған

өзгерістер  оқыту,  тәрбиелеу  ісіне  де  жаңалықтар  енгізіп,  жаңа  леп әкелді.

Республика  мектептеріндегі  оқыту  жаңадан  жазылған  төл  оқулықтар,  жаңа

бағдарламалар  негізінде  жүргізіліп,  білімнің  әлемдік  стандартқа  сай  болуы

қарастырылды.  Оқытудың жаңа  технологиялары  кеңінен  енгізіле  бастады.

Әсіресе, халықтық педагогиканы  пайдаланып, ұлттық  үрдісте  тәрбиелеуде

атқарылған шаруалар ауқымы біраз. Еліміз егемендігін алу арқылы мүмкін болған

жаңа  буын  оқулықтарының да ғылыми  негізі  ретінде  дамыта  оқыту  жүйесі

алынды. Бұл іске педагог – ғалымдар елеулі үлестерін қосты.

Н.Құрманова  «Қазақ тілін  дамыта  оқыту  технологиясы»  атты  зерттеу

еңбегінде  дамыта  оқыту  технологиясында  оқушыға  жаңа ғылыми ұғымды

меңгерту мынадай кезеңдерге бөлінеді:




25

мұғалім  жаңа  лингвистикалық жағдайлар  жасап,  соны  таныстырады,  оған



бағытталған міндеттерді шешу керектігін белгілейді;

берілген  лингвистикалық материалға  түрліше өзгерту, өңдеу  жасалады,



соның негізінде  оқушы  осы лингвистикалық материалдың бойындағы  маңызды,

негізгі белгілерін анықтайды;

танылған жаңа байланыстар мен қатынастарды ерекше таңбалармен (алдын



ала келісілген таңбамен) модельдейді;

алдыңғы  кезекте  алға қойылған  міндетті  шешуге қажетті  болып  тұрған



негізгі  байланыстар  мен қатынастарға  жалпы  сипаттама  беріп,  олардың  қандай

заңдылықтарға бағынатынын анықтайды [22].

Осы  еңбегінде ғалым  дамыта  оқыту  технологиясының жалпы  болмысын

төмендегідей белгілермен танытады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет