Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
«Таңдау» әдісімен топқа бөліп отырғызу.
- Таңдап алған суретке қарай топқа бірігіп отыра қалыңдар.
- Топқа ат қойыңдар.
- Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер.
Өткен сабаққа шолу, жаңа сабаққа кіріспе «Серпілген сауалдар» әдісімен жүреді.
А)Үй тапсырмасын тексеру.
Ә) Сұрақ-жауап:
-Есімдік туралы не білесіңдер?
-Есімдіктерді атаңдар.
-Есімдіктер қай сөз табымен байланысады?
-Жіктеу есімдіктерін атаңдар.
-Жіктеу есімдіктеріне қандай сұрақ қойылады?
-Жіктеу есімдіктері қандай сөз табының орнына жұмсалады?
-Сен есімдігін септеңдер.
-Ол есімдігі табыс септігінде қалай болады?
-Барыс септігінде жіктеу есімдіктері қалай өзгереді?
-Тағы қай септіктерде жіктеу есімдіктері өзгереді?
-Олай болса, бүгінгі сабақта жіктеу есімдіктерінің септелуі тақырыбында тапсырмалар орындауды жалғастыратын боламыз.
Сабақ мақсатын хабарлау.
|
Жаттығу жасайды.
Таңдау жасайды.
Топқа бірігеді.
Топ басшысын сайлайды.
Топ ережесін еске түсіреді.
Тапсырма тексертеді.
Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.
|
Түрлі заттар суреті
доп
|