4.2.5.1* дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау
4.4.2.2 – жіктік жалғауларының қолданысын білу.
Сабақтың мақсаты
дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табады;
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді. «Санау» әдісімен топқа бөліп отырғызу.
- 1,2,3,4-ке саналып, топқа бірігіп отыра қалыңдар.
- Топқа ат қойыңдар.
- Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер.
Өткен сабаққа шолу, жаңа сабаққа кіріспе: А)Үй тапсырмасын тексеру.
Ә) Сұрақ-жауап:
- Өткен сабақтарда қандай тақырыптарды өттік?
-Бүгінгі сабақта да келесі өткен сабақтағыдай зат есімнің жіктелуіне қатысты тапсырмалар орындайтын боламыз.
Сабақ мақсатын хабарлау.
Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді.
Топ басшысын сайлайды.
Топ ережесін еске түсіреді.
Тапсырма тексертеді.
Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды.
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.
Жаңа білім
15 мин
2 мин
20 мин
Жаңа сабақ
(Ұ) 1-тапсырма - «Ашық микрофон» әдісі. Дәптермен жұмыс жүреді. 28-жаттығу. Мәтінді оқыңдар.
Мәтіннің тақырыбы мен мазмұны сәйкес келе ме? Қандай ат қояр едіңдер?
-Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар.
(Құстардың қамқорлықты қажет ететіндігі)
-Мәтіннен жіктік жалғаулы зат есімдерді теріп жазып, сөз құрамына талдаңдар.
Торғай-мын, қарға-мын, сауысқан-мын, қаз-дар-ы-мыз. 29-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табыңдар. Ол туралы білетіндеріңді айтыңдар.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға: - Үйрек сөзін көпше түрде жіктеп айт.
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі.
(Т) 2-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. 30-жаттығу. Тиісті жіктік жалғауын қойып, мәтінді көшіріп жазыңдар.
(-пын, -мін, -і,-міз)
31-жаттығу. Тотықұсқа мына сөйлемдерді жатқа айту үшін қанша апта қажет? (3апта)
Тапсырмамен жұмыс жасайды.
Билеп сергиді.
Тапсырма орындайды. Пікірін дәлелдейді.
Дескриптор:
Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын салыстырып, ат қояды-1балл.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды-1балл.
Мәтіннен жіктік жалғаулы зат есімдерді теріп жазып, сөз құрамына талдайды-2балл.
Жұмбақты оқып, шешуін табады, ол туралы әңгімелейді -2балл.
Тиісті жіктік жалғауын қойып, мәтінді көшіріп жазады-2балл.
Тотықұсқа сөйлемдерді жатқа айту үшін 3 апта қажеттігін есептейді-2балл.