Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
«Санау» әдісімен топқа бөліп отырғызу.
- 1,2,3,4-ке саналып, топқа бірігіп отыра қалыңдар.
- Топқа ат қойыңдар.
- Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер.
Өткен сабаққа шолу, жаңа сабаққа кіріспе:
А)Үй тапсырмасын тексеру.
Ә) Сұрақ-жауап:
-Жіктеу есімдіктерін атаңдар.
-Жіктеу есімдіктеріне қандай сұрақ қойылады?
-Жіктеу есімдіктері қандай сөз табының орнына жұмсалады?
-Септіктерді атаңдар.
-Әр септікке мысалдар келтіріңдер.
-Олай болса, бүгінгі сабақта жіктеу есімдіктерін септеуге арналған тапсырмалар орындайтын боламыз.
Сабақ мақсатын хабарлау.
|
Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді.
Топ басшысын сайлайды.
Топ ережесін еске түсіреді.
Тапсырма тексертеді.
Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.
|
|
Жаңа білім
15 мин
2 мин
20 мин
|
Жаңа сабақ
(Ұ) 1-тапсырма - «Ашық микрофон» әдісі. Дәптермен жұмыс жүреді.
47-жаттығу.
Мәтінді оқыңдар.
Мәтіннің тақырыбы мен мазмұны сәйкес келе ме? Дәлелдеңдер.
-Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар.
-Қарамен жазылған есімдіктерді салыстырыңдар.
Оларға сұрақ қойып, қай септікте тұрғаныны айтыңдар.
Ж: кімнің?-менің, кім?-мен, кімге?-маған.
48-жаттығу.
Есімдіктердің септелуін оқып, өзгешелігін анықтаңдар.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- ІІІ жақтағы жіктеу есімдігін септе.
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі.
(Т) 2-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.
49-жаттығу.
Көп нүктенің орнына жіктеу есімдігін тиісті септік жалғауына қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Ж: Ол-кім? атау септік
Оның-кімнің? ілік септік,
Оны-кімді? табыс септік,
Мен-кім? атау септік.
50-жаттығу.
Жіктеу есімдіктерін сұрақтардың ыңғайына қара өзгертіп жазыңдар. Неліктен өзгерткендеріңді дәлелдеңдер.
Онымен кездесу, онда тағылады, маған ұнайды, сенің киімің, мені таппады, одан көлемдірек, оған бармақшы.
51-жаттығу.
Есімдіктерді қатыстырып сөйлемдер құрап жазыңдар.
- Бізжайлауға бардық. Сенің барғаныңда тіпті тамаша болар еді.
-Оған баруға менде мүмкіндік болмады.
|
Тапсырмамен жұмыс жасайды.
Билеп сергиді.
Тапсырма орындайды. Пікірін дәлелдейді.
|
Дескриптор:
Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын салыстырады -1балл.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды-1балл.
Есімдіктерді салыстырады, сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын анықтайды-2балл.
Есімдіктердің септелуін оқып, өзгешелігін анықтайды-1балл.
Жіктеу есімдігін тиісті септік жалғауына қойып, сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады-2балл.
Жіктеу есімдіктерін сұрақтардың ыңғайына қара өзгертіп жазады-2балл.
Есімдіктерді қатыстырып сөйлемдер құрап жазады-1балл.
|
Қазақ тілі
4 сынып оқулығы
2-бөлім
|