«Қазақ тілі» 8-сынып. 1-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау



бет2/2
Дата03.12.2022
өлшемі19,37 Kb.
#54638
1   2
Байланысты:
8-сынып ТЖБ қаз.1-тоқДокумент Microsoft Word (3)

2-мәтін
Адам құндылықтары
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз жандүниеміздің құндылықтарына назар аудара бермейміз. Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары.
Сіздің үйіңіз, материалдық жағдайыңыз, айналысатын ісіңіз, әуесқойлығыңыз да құндылықтар қатарында. Аналар үшін баласы үлкен құндылық.
Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынадыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Неге? Өйткені ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын салды. Ал сіз үшін ол мүлдем құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, ол сол құндылығын жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек.
Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз. Солай, достар... _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқылым Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.[10]
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол – өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланысты. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейініректе білімнің қалыптасып, жазудың шығуы қоғам алдына жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттілігі туындады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.

Мәтіннің 1-бөлігінің негізгі ойы қандай? [1]


А)Мәдениет – жеке адамдардың өмірі
В)Мәдениет – келешекке қалатын мирас
C)Мәдениет – тек қоршаған ортаның әсері
D)Мәдениет – технологияның даму өрісі
Ортаның өркендеуі де мәдениеттің өсуіне байланысты екендігі қай бөлімде айтылады? [1]

  1. І В) ІІ С)ІІІ D)ІV

Мәтін қай түрде берілген? [1]
А)әңгіме В)жарнама мақала С)эссе D) өсиет
Мәтін қай стильде берілген? [1]
А)ғылыми B)көркем-әдебиет С)публицистикалық D)ресми
Мәтіннің тақырыбы қандай? [1]
Мәтіннің түрі қандай? [1]
Мәтін қалай рәсімделген? [1]
Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз. Тақырыпты ескеріңіз және тұжырым жасаңыз. [3]
_____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жазылым.Жазба жұмысын орфографиялық нормаға сай орындаңыз. [10]
Жергілікті газетке «Оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалай қалыптастырамыз?» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет