Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет34/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83
ОҚЫЛЫМ
2-тапсырма. Мəтінді оқыңыз.Мəтінді өз сөзіңізбен баяндап
беріңіз.
Менің топтастарым.
Мектепті бітірген соң арманым орындалып, жоғары оқу
орнына оқуға түстім. Қазір университетте бірінші курста
оқимын. Менің тобымда əртүрлі ұлт өкілдері оқиды. Тобымда 11
қыз, 4 ұл бар. Барлығы 15 студент.
Біздің мақсатымыз – жақсы оқып, сапалы білім алып,
болашақта білікті ұстаз болу. Бізге оқытушылар əртүрлі
пəндерден дəрістер оқып, практикалық сабақтар жүргізеді.


Жүргізілетін барлық пəндер бойынша студенттерге қойылатын
талап – теориялық білімді меңгеріп, практикалық дағдыны
қалыптастыру. Менің топтастарым мұны жақсы түсінеді.
Сондықтан кез келген пəннен берілген тапсырмаларды
уақытында орындап, жақсы баға алуға ұмтылады. Менің
топтастарымның əрқайсысы білімсіз болғысы келмейді. Себебі
қазіргі заман – білімділердің заманы. Егер терең білімің, білім
алуға ұмтылыс пен қызығушылығың болмаса, алысқа бара
алмайсың.
Менің тобымда ұйымдастырушылық қабілеті жоғары,
ізденімпаз, еңбекқор, белсенді, өнерлі, алғыр, зерек, ынталы,
сауатты, тəрбиелі, жауапкершілігі мол студенттер көп. Біз – өте
ұйымшылмыз. Сабақтан тыс уақытта қоғамдық жəне тəрбиелік
жұмыстарға да қатысамыз. Біріміз би билеп, екіншіміз əн
шырқап, мəнерлеп өлең оқимыз. Арамызда спортпен де
айналысатын студенттер бар. Менің топтастарым – менің
мақтанышым.
Оқылым тапсырмалары:
1-тапсырма. Екі бағандағы сөздерді сəйкестендіріңіз, сөз
тіркестерінен қалау райында сөйлем құрастырыңыз.
Сапалы Білімді
Теориялық Жұмыс
Білікті Студент
Спортпен Білім
Қоғамдық Ұстаз
Белсенді Сабақ
Практикалық Айналысу
2-тапсырма. Жоғары, еңбекқор, белсенді, өнерлі, тəрбиелі,
жауапты, алғыр, ынталы, сауатты сөздеріне қарама-қарсы мəнді
сөздерді жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет